Астанада Көпфункцоналды мұз сарайы ашылды
Астанада Көпфункционалды мұз сарайы мен «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» шайбалы хоккейден VI халықаралық турнирдің ашылуы өтті.
Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин мен Халықаралық хоккей федерациясының президенті Рене Фазель жаңа хоккей аренасында алғашқы шайбаны лақтырды.
«Сіздерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған Мұз айдынының ашылуымен құттықтаймын. Асталмыш нысанмен Астананың өзгеде спорт нысандары қазақстандық спорттың, оның ішінде шайбалы хоккейдің дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», - деді А.Мамин.
Шоу бағдарлама аясында қазақстандық эстраданың жұлдыздары өнер көрсетті.
Айта кетерлік жайт, жаңа көпфункционалды мұз айдыны – бұл құрамында негізгі мұз айдыны, жеке алаңы бар хоккей академиясы, олимпиадалық жүзу бассейні және суға секіруге арналған бассейні бар ерекше спорттық нысан болып табылады. Ол футбол аренасы, ат жарыс стадионы және велотрек жанында орналасқан.
Сонымен қатар, «Барыстың» үй аренасы Астананың спорттық кластерін кеңейтті. Аренаның сыйымдылығы: 11 578 адам, соның ішінде, 744 VIP-орын және ойын алаңы көрінетін панорамдық әйнегі бар мейрамханадағы 288 орын. Хоккей командалары үшін 7 киім шешетін орын қарастырылған.
Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа көпфункционалды мұз айдыны «Барыс»КШ аралады.
«Бүгін біз тағы бір әлеуметтік маңызды нысанның іске қосылуын атап өтудеміз. Осы шыныменда мұз сарайы деп атауға болады. Олимпиадалық масштабтағы 12 мың көрерменге арналған стадион және мұз айдыны, оған қоса Хоккей академиясы, 50 метрлік бассейн, яғни мұнда барлық кешен орналасқан. Астана еліміздің суық аймағында орналасқан қала. Мұндағы қыс суық, әрі ұзақ, сондықтан қысқы спорт түрлеріне көбірек көңіл бөлуге болады», – деді Н. Назарбаев.
Елбасы атап өткендей, бұл мұз айдының іске қосу арқылы, мұнда халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды өткізу арқылы оның шығынын ақтап алуға да болады.
«Бұл ғимаратты елімізге, Астанамызға үлкен сыйлық деп санауымыз керек. Бүгінде еліміздің көптеген облыстарында хоккей стадиондары бар, ал ҚХЛ-дағы қазақстандық команда жақсы орында келе жатыр. Бұл өте жақсы көрсеткіштер. Менің ойымша, осы стадион біздің спортшыларға жаңа серпін береді. Біз осында әлемдік танымал командаларды қабылдайтын боламыз. Сондықтан мен спортшылар мен жастарға құттықтауымды жеткізгім келеді»,-деді Елбасы.
