Өмір бізге не үшін берілген?
Кей кезде осы ой мені толғандырып отырады. Шынымен, әр нәрсенің өзінің бір мақсаты, мәні болуы тиіс қой. Біз бұл әлемде орасан құбылыстардың қатарында өмір сүріп келеміз. Қанша ғұлама ойлар мен жаңалықтар аштық. Қанша дүние құрдық. Сонда да, адам кейіпінен арылмадық. Қоршаған табиғатымызды зерттеп, ғарышты да бағындырдық. Бірақ өміріміздегі ең негізгі сұраққа нақты жауап ала алмадық. Жалпы мына өмір бізге не үшін берілді?! Біріншіден, сіз исламға жүгініп, өмір бізге Аллаға құлшылық етіп, ризығы үшін өмір сүруге берілді дерсіз. Мен де бұл тұжырымдамаға негізделемін. Бірақ, о дүниеде біздің жинаған дүниеміздің түк керегі жоқ! Сіз намазыңыз түзеу, оразаңыз нық, садақаңыз түгел азамат болуыңыз шарт. Ал енді өз өміріңізге көз жүгіртіңіз. Сізге бір күнде 24 сағат беріледі. Сол 24 сағаттың орташ…