ҚР Мәжілісі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады
Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау» және «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. Сонымен, ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық дәрілік заттар таратылады. Дәрілік заттар мен медиц…



