Шымкентте #Talks2050: «Мақта: маңызды немесе маңызды емес» форумы өтуде
Шымкентте #Talks2050: «Мақта: маңызды немесе маңызды емес»форумы өтуде , деп хабарлады «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, #Talks2050 –TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Ұйымдастырушылар:«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен. Биылғы алғашқы#Talks2050 форумы Атырау, Астана, Петропавл қалаларында өтті. Барлығы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент, Өскеменде 5 форум жоспарланған.
Осы жолы #Talks2050 басты нысаны Шымкентте – мақта саласының даму болашағы мен мәселелері. Әр жылдары мақта өндірісі аймақ ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемінде 17%-дан 40%-ға дейінгі аралықты құрайтын.
Ақпарат бойынша, 2013 ж осы сала айналасында жұмыс істеп жүрген адамдардың саны милионға жетеғабыл. Мақта өндірісі облыстағы басымдыққа ие сала екеніне қарамастан,өңірдегі мақта өсіруге тиесілі жерлердің ауқымы жылдан-жылға қысқарып бара жатқаны жасырын емес. Себебі түрлі: жайсыз күн райы, су тапшылығы, зиякестердің зардабы.
Мақта шаруашылығын диқандар мен кәсіпкерлер үшін қалайша шығынды емес, табысты етуге болады? Мақта өсіруге аса қат су тапшылығы түйткілінің түйінін қалай тарқатуға болады? Саладағы еңбек қатынастарын қалай реттеуге болады? Жаңа технологиялардың рөлі қандай? Мақта кластері дамуының келешегі нешік? Осы жолы бұқара назарына ұсынылатын тақырып аясы осылар.
Айта кетерлік жайт, форум қатысушылары әр саланың кәнігі мамандарының аузынан мақта өндірісінің әр сала тұрғысынан түйткілдері турасында көзқарастары мен болжамдарын тыңдай алады.
Іргелі іске ұйытқы болған «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі. Жиында мақта шаруашылығының дамуына тұсау болып отырған жайттар баяндалып, оны шешу жолдары айтылды. Биыл Оңтүстік Қазақстанда 785 мың гектар жерге егін егілді. Егіс көлемі 6 айда 6 мың гектарға артып отыр. Алайда бұрынғы мақта өсіруге тиесілі жерлердің ауқымы жыл сайын қысқарып барады деп дабыл қағып отыр ғалымдар. Оған себеп көп. Жайсыз күн райы, су тапшылығы. Сынаптай құбылмалы, мақта бағасы кері әсерін тигізіп келеді. Бұл форумның мақсаты.... Қанат Әуесбай, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының медиа директоры: Осы мәселелер бүгінгі таңда мақта өндірісін ілгерілетуге кері әсерін тигізіп жатыр. Осы саланың мамандарын, ғылыми зерттеу орталықтардың ғалымдарын жинап, диқандардың басын қосып талқылаймыз. Шешу жолдарын ұсынып, Үкімет назарын салғымыз келеді. Мақта шаруашылығын диқандар үшін қалай шығынды емес, табысты етуге болады? Су тапшылығын шешудің жолы қайсы? Жаңа технологияның рөлі қандай? Форумға қатысушылар осы тектес бірқатар сұрақтарға жауап іздеді. Ой өрбітіп, пікір алмасты. Бұл тұрғыда Ибадулла Үмбетаевтың да өз айтары бар. Ибадулла Үмбетаев, Мақта шаруашылығы ғылыми - зертттеу институтының директоры: Егерде мақтаға біз жеміс –жидек пен көкөініске жасаған жағдай ды жасайтын болсақ мақта олардан да көп табыс береді. Мақтаның бүгінгі таңда абыройын түсіріп отырған мақтаға деген көзқарас. Сол себепті сол көзқарасты туралайтын болсақ мақта шаруашылығы да көп табыс береді. Негізі, мақта шаруашылығы қазақстандық шаруалар үшін таңсық емес. Қазір елімізде мақтаның отандық 10 сорты бар. 6 түрі өсіріледі. Оның артықшылығы сол гектарына 55-60 центнерден өнім алуға болады дейді ғалымдар. Мол өнім алудың тағы бір төте жолы ұсақ шаруақожалықтарды біріктіру.
