Ардагерлерді ардақтайық...
Бүгін, ақпан айының 13 күні «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық филиалының белсенді жастары «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қаламыздың тұрғыны, Ұлы Отан Соғысының ардагері Исаков Николай Андреевичпен кездесті. Николай Андреевич 1927 жылы 9 желтоқсан күні дүниеге келіп, сорақы соғыс жылдары майданда мерген болып елі мен жері үшін соғысқан батырларымыздың бірі. Осындай жаужүрек адамдарға қол ұшын созып, мереке күні ғана емес, жыл бойы қолымыздан келгенше көмектесу – әрбіреуіміздің, әсіресе, өскелең жас ұрпақтың қасиетті борышы. «Жас Отан» ЖҚ жастары ардагермен соғыс жылдары мен оның қазіргі өмірі жайлы әңгіме-дүкен құрып, аула жұмыстары бойынша көмек көрсетті. Бұндай жұмыстар «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өңірімізде жыл бойы ұйымдастырылып тұрады. Сегодня, 13 февраля активис…