Мазмұнға өту

Жаңа

«Қос шырақ, қоңыр әуен» концертін көріңіз

Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның ән кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те тамашалай аласыздар.

Оның ұстаздары Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосы­нов, Қанат Омарбаев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды тұлғалар. Ең алғаш оқуға түсерде де әншіні қазақтың біртуар әншісі Жәнібек Кәрменов қабылдап алған екен.

Мұны өзі: «Оқуға түскен соң Қайрат Байбосынов ағамыздың сыныбына түсіп, осы сыныпты аяқтап шықтым. ҚР Еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев та кәсіби әнші ретінде қалыптасуыма әсер етті. Кейіннен сахналық мәдениетке үйреткен ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов болды»,-деп еске алады.

Бүгін 15:05-те Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның «Қос шырақ, қоңыр әуен» атты ән кешін көріңіз.

0
0
454

Жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз

Бір жұмадағы жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз.

Ой елегінен өткізіңіз Қазақстан қоғамын қандай мәселе толғандырады? Жаһандық өзгерістердің біздің елге әсері қандай? Экономика, әлеумет, қазақ саясаты бүгін, 19:00-де.

0
0
348

8 үміткердің қайсысы үздік шығады?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де «Қазақстан дауысын» көріңіз.

Ұлттық арнадағы «Қазақстан дауысы» жобасының үміткерлері өткен жексенбіде екінші тікелей эфирдегі сайысын өткізді.

Өткен кезең нәтижесі бойынша әр топта қазір 2 өнерпаздан 8 үміткер қалды. Бүгінгі  шешуші сында өнер көрсететін төрт үздік анықталады.

Тікелей эфирдегі тартысқа толы сайысты Ұлттық арнадан әр жексенбі сайын 21:00-де тамашалай аласыздар.

0
0
327

Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

Шара нәтижесінде Францияның 10 қаласында ойнайтын 24 команданың қарсыластары анықталды. Бүгін Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Шара нәтижесінде 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында ойнайтын 24 команданың қарсыластары анықталды. Командалар келесі топтарда ойнайды: А тобы: 1. Франция 2. Румыния 3. Албания 4. Швейцария В тобы: 1. Англия 2. Ресей 3. Уэльс 4. Словакия С тобы: 1. Германия 2. Украина 3. Польша 4. Солтүстік Ирландия D тобы: 1. Испания 2. Чехия 3. Түркия 4. Хорватия Е тобы: 1. Бельгия 2. Италия 3. Ирландия Республикасы 4. Швеция F тобы: 1. Португалия 2. Исландия 3. Австрия 4. Венгрия Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Ал, ертең жеребе тарту рәсімінің т…

0
0
604

Илья Ильин: Жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын

Илья Ильин әлемдік рекорд жаңартты.

Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысты. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түсті.

105 келі салмақ дәрежесінде қос қазақстандық жеңіске жетті. Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 437 (191+246) келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.

Александр Зайчиков қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (190+226) келіні көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.

0
0
225

Астанада Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің мәжілісі өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ҚР Білім және ғылым минстрлігінің Алқа отырысынан кейін Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің үшінші мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі, халықаралық байланыс және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің өкілдері мен еліміздегі жоғары оқу орындарының (ұлттық, мемлекеттік, акционерлік қоғамы) 39 ректоры қатысты. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесі мәжілісін Кеңес төрағасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жүргізіп отырды. Ректорлар Кеңесі 2015 жылдың 10 мамырында ҚР Білім және ғылым министрлігінің №288 бұйрығымен жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, болашақ мамандарды даярлаудың…

0
0
363

Н.Әлтаев: «Алтын сапа» байқауына алғаш рет жеке кәсіпкерлер ғана қатысты

«Алтын сапа» байқауына алғаш рет жеке кәсіпкерлер ғана қатысты, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. «Осы жылы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрмесіне алғаш ретін мемлекеттік емес кәсіпорындар қатысты. Кәсіпкерлік қауымдастықтың бұл байқауға қатысу ниетін ескере отырып, осындай ірі шараның ұйымдастырушылары болып атанғанымыз біз үшін мәртебе», - деді ол. Н.Әлтаевтің сөзінше, осы жылы байқауды өткізудің ерекшелігі комиссия құрамының өзгеруімен байланысты. «Біз комиссия құрамын түгел өзгерттік, егер өткен жылы комиссия құрамында шенеуніктер мен мемлекеттік орган өкілдері болса, биыл кәсіпкерлердің өздері бағалады. Осы жылы тұңғыш рет Президенттің жарлығы мен нормативтік актілерге байқау…

0
0
659

«Алтын сапа» сыйлығын өткізу аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 30 пайызы үнемделді

«Алтын сапа» сыйлығын өткізу аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 30 пайызы үнемделді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. «Осы жылы байқауға шағын бизнес өкілдері қатысты, бұл жаңалықты өңірлер оңтайлы қабылдады. Байқауға бұл жылы алдын ала 300 кәсіпкер қатысты. Өңірлік деңгейде іріктеу жүргізіліп, орталық аппаратқа 153 өтініш келіп түсті, оның негізгі құрамын шағын бизнес құрады – 69 кәсіпорын, орта кәсіпкерлік – 44, ірі кәсіпкерлік – 40 компанияны құрады», - деді ол. Сондай-ақ, спикердің айтуынша, осы жылы байқауды өткізуде қаржы жағын үнемдеу жүзеге асырылды. «Жыл сайын аталмыш сыйлықты өткізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Осы жылы республикалық бюджеттің 30 пайыз сомасы үнемделді. Біз бөлінген қаржыны барын…

0
0
169

2015 жылдың қорытындысы бойынша үздік әскери теңізшілер анықталды

Ақтау қаласында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің қызметін қорытындылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері халықаралық деңгейдегі 14 іс-шараға қатысты. «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдерінің қатысуы және «Каспий теңізі – 2015» теңіз биатлоны бойынша халықаралық жарыста 2-орынды иелену жарқын оқиғалардың бірі болды. Онда қазақстандық әскери теңізшілер корабльді басқаруда, халықаралық жүйеге сәйкес жарық белгілерін қабылдау және беруде, әуе, теңіз және сүсті нысаналары бойынша атуда, батып бара жатқан корабльді және борттың арғы жағында қалып қойған жолаушыларды құтқар…

0
0
294

«Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өз мәресіне жетті

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың қатысуымен «Үздік бастауыш партия ұйымы» және «Нұр Отан» партиясының ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының қорытынды рәсімі болып өтті, деп хабарлады «Нұр Отанның» баспасөз қызметі. Байқау шартына сәйкес әрбір аймақтық филиалдан 3 санат бойынша барлығы 45 БПҰ ақырғы кезеңге қатысу үшін Астана қаласына шақырылып, нәтижесінде 12 жүлдегер марапатталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен қоғам алдына дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын қойып отыр. Осынау айрықша межеге абыроймен жетуіміз ең алдымен партиялықтардың ере…

0
0
935