Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттің даму тарихындағы рөлі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (бұдан әрі - Департамент) мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Департамент басшысы Шаттық Өтеев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні – мерекесіне орай департамент қызметкерлерін құттықтап, мемлекет тарихында ҚР Тұңғыш Президентінің орасан зор рөлін атап өтті.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Тәуелсіздігіне қол жеткізіп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз мемлекет құру  басты мақсатына айналды және тарихи қысқа мерзімде Қазақстан тәуелсіз, саяси және экономикалық тұрақты мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай Департамент қызметкерлері қызметін адал орындағаны үшін алғыс хат пен грамоталар және спорттық турнирде жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен марапатталды.

Департамент басшысының орынбасары Дархан Елтоқов, өз баяндамасында, жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған стратегиялық шешімдеріне тікелей байланысты екенін және 2015 жылы 30 қарашада  Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауында баяндалған міндеттер жайлы атап өтті.

Мәжіліс «Көшбасшы жолы» атты фильмді көрумен аяқталды.

0
0
339

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттің даму тарихындағы рөлі - Yvision.kz