Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ІТ университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) мен Халықаралық ақпараттар технологиясы университеті бірлесе отырып, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің қатысуымен     «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бәріміздің міндетіміз» атты  дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстандық тұңғыш ІТ университеті – Орта Азиядағы алдыңғы қатарлы оқу орны болып табылады. Халықаралық ІТ университеті аймақтарға арналған «ІТ-индустриясы» бойынша  әлемдік деңгейде танылған   білікті мамандарды даярлауда алдыңғы қатарлы орында.

Халықаралық ІТ университеті ҚР Үкіметі мен ұлттық ақпараттық-коммуникациялар компаниялары тарапынан бакалавр бойынша берілген   500 грантпен қамтылып, қазақстандық және американдық білім беру бағдарламаларына бойынша оқытумен қамтамасыз етілген.

Университет жоғары техникалық жабдықтарымен ерекшеленеді. Халықаралық ІТ университетінің оқу процессі змананауи ПК және лицензияланған бағдарламалармен қамтамасыз етілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин    «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мен  2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы  жөніндегі мәселелерді түсіндірді.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Қасым Мәуленов 20 ғасыр мен қазіргі кездегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті салыстырмалы түрде талдай отырып, түрлі мысалдар келтірді.  Сонымен қатар әлемнің  қандай елдерінде  жемқорлық деңгейі жоғары, қай елдерінде мүлдем жоқ және жемқорлықты қалай азайту жөнінде өз пікірін білдірді.  Жазалаудың болмай қоймайтындығы туралы принципін жүзеге асырудың мәселелеріне тоқталды.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты деп танылған  шенеуліктер дәрежесі мен лауазымына қарамастан барлық заң алдында жауапты болады.

2 курс студенті Әсем Ермұханбетова мемлекеттік қызметтер көрсетуде сыбайлас жемқорлықты болдырмауда жүйелі түрде шаралар қабылдау қажет және кәсіпкерлер мен салық қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде мысалдар келтірді.

0
0
320

Осы тақырып бойынша