Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы қаласы мемлекеттік сыңайлы сектордың қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды және оған қарсы тұруды қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын талқылау және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, сондай-ақ кәсіби дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша «Ипотекалық ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-да дөңгелек үстел өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин 2016 жылдың қаңтарынан бастап, алдағы реформалар туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу кезіндегі заңдағы өзгерістер туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде хабарлады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру тетіктерін түсіндірді.

«Ипотекалық ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ы төрағасының орынбасары Сержан Жұмабеков бұл алдын алу жұмыстары өз жемісін беріп жатқандығын, өйткені қоғам өз құқықтары мен ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін біле отырып, елдегі сыбайлас жемқорлықты барынша азаюына және біздің Қазақстанның гүлденуіне әкелетіндігін атап өтті. Ол сондай-ақ қызметкерлер арасында құқықтық мәдениетті жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жөнінде ұйымдастыру жұмыстары туралы хабардар етті.

Қазақстанның аймақтары бойынша «Ипотекалық ұйым «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның филиалдарын қамти отырып, іс-шара қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алынған бейнеконференция түрінде өтті. Іс-шара барысында әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
342

Алматы қаласы Алмалы ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратын құру мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігінде, Алматы қаласы маслихатының депутаттары, Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар мен БАҚ-тың қатысуымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов кәсіби мемлекеттік аппаратын құру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы 15 қадамын түсіндіріп, сондай-ақ бес институционалды реформаны және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын іске асыру тетіктерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.

Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Оңалбаев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және Алмалы ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырып өтті.

Алматы қаласы Маслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы ауданы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Құсман Шалабаев Қоғамдық Кеңес аудан әкімінің аппараты және прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен бақа да қателікер жіберілген кәсіпорындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізгендігін атап өтті.

Алматы қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Алмат Қодасбаев және И.В. Панфилов атындағы № 54 Қазақ-Ресей мектеп-гимназиясының директоры Гүлнар Қарамендинова денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, өскелең жастарды патриоттық тәрбиелеу барысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Кеңес барысында қатысушылардан мемлекеттік қызмет әрекеттеріне және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Қойылған сұраққа толық қамтылған жауаптарын алды.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылды және социологиялық сауалнамалар жүргізілді.

Семинар-кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

0
0
302

Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті   (әрі қарай – Департамент)

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар  және әлем тілдері университетінде  студенттер  және  профессорлық - оқытушылар құрамының қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер диалектикасы: мемлекеттік саясат және студент жастар» тақырыбына ғылыми - практикалық  конференциясы  өткізілді.

Департамент Басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңестің Төрағасы  Бахтияр Камалов 2015-2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стратегиясы мен  кәсіби мемлекеттік аппаратын қалыптастыру бойынша  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндірді.

Ректордың м.а., экономика ғылымының докторы Ардақ Саханова Сингапурдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті,  мемлекеттік  органдарда гүре-сарсаңның жоқтығынмысалға келтіріп Сингапур айқындылық жағынан  3орында екендігін айтты.  Қазақстан тарихы, қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор Зейнәбіл Айдарбековоқу  процесстері электрондық  портал арқылы өтетіндіктен университеттің сыбайлас жемқорлықтан таза екенін атап өтті. Халықаралық құқықтар  кафедрасыныңпрофессоры, заңдар ғылымының докторы Жанар Кегенбаева Грузия және Эстониия елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске мысалдар келтірді. Бұл елдерде өте маңызды реформалар өткізілгенін атап өтті. Негізгісі - электрондық үкіметтің енгізілуі, ол арқылы үйде отырып, барлық мемелекетпен көрсетілетін  қызметтерді пайдалануға болады.

Университет студенттері біздің мемлекеттің 5 масштабты ішкі қызметтерін атап өтті: 1.Орташа кластың үлесінің көбеюі. 2. Бір тұтас ішкі нарықтың дамуы.3.Сыбайлас жемқорлықпен күрес. 4. Жаңа жұмыс орындарын құру 5. Бірлікті нығайту. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  әрекеттер тақырыптарына видео роликтер көрсетілді.

Конференция  сұрақ-жауап  форматында өткізілді , социологиялық сауалнама өткізіліп, жадынамалар таратылды.

 

0
0
648

Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер, кинемотография ұйымдары қайраткерлерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (бұдан әрі - Агенттік), «Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер, кино ұйымдары қайраткерлерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында еліміздің барлық өңірлерінде бейне мəжіліс түрінде диалог алаң ұйымдастырды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті тарапынан, бұқаралық ақпарат құралдары, кино, ғаламтор қауымдастықтары, Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм АҚ-ның, «Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы» және Алматы телеарнасы басшылары мен өкілдері шақырылды.

Агенттіктің мемлекеттік қызмет істер департаменті мен сыбайлас жемқорлықты алдын алу Басқармасының бастығы Әли Көмекбаев, Агенттікпен ашық ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі жүзеге асыру үшін шақырылған журналистер одағының, ғаламтор қауымдастығы, Кинематографистер және Қазақстан Жазушылар одағының басшылары және өкілдерімен жоспарды талқылады.

Қазақстан журналистер Одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, Агенттікпен бірлескен келісімді Одақ қолдайтынын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мен оның одан әрі орындалуын және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдағы қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуға дайын екендігін білдірді.

Қазақстан ғаламтор Қауымдастығының Президенті Шавкат Сабиров Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Сыртқы істер министрлігімен және т.б. мемлекеттік мекемелермен екіара қарым қатынастарын мысал ретінде келтіре отырып өз тарапынан Ашық келісімді толық қолдайтынын және ғаламтор арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу саласындағы қабылданған шаралар туралы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шаралар оң нәтижелерге жеткізетіндігін атап өтті.

Қазақстан кинематографистер Одағының төрағасы Игорь Вовнянко мемлекеттің және азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға кинематография саласындағы ынтымақтастық оң әсерге және осыған қатысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің маңызды рөлі қысқаметражды фильмдер немесе бейне роликтерді  ғана қаржыландырумен шектелмей қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көркем картиналарды қолға алу жайлы мәлімдеді.

Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Алмас Жұмағұлов,  мемлекеттік қызмет және мемлекеттік билік мекемелерінің имиджін көтеру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке және құзыретті органның алдына қойған басты міндеті  екенін айта келе, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қолдау білдіре отырып Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм АҚ толық Ашық келісімге толығымен қосылатынын жеткізді. ҚР Есеп комитетінің қызметкерлерінің оң имиджі туралы фильм шыққаны, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің жұмысы туралы фильм аяқталуға аз қалғаны жайлы мәлімдеді.

     
0
0
1546

2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын Алматы қаласының квазимемлекеттік сектор қызметкерлері қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - Департамент) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және кәсіби автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша «КазЭкспортГарант» СК» АҚ-да және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бастығы Максатхан Анапин алдағы 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа реформалардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметке қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңға өзгерістер болатынын хабарлады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспарының талаптарын түсіндірді.

АҚ «СК» КазЭкспортГарант менеджері Ермак Джерембаев қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті арттырылып және жасалып жатқан жұмыстар туралы ҚР Президентінің Н.А. Назарбаев Жолдауын «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» тақырыбында хабардар етті.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ экономикалық қауіпсіздік қызметкері Серікхан Алмабаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сыбайлас жемқорлық қарсы күресті алдын алу бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар туралы түсіндіріп, сондай-ақ кеңінен банк жүйесіндегі және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екенімен жұртшылықпен бөлісті.

Іс-шара сұрақтар мен жауаптар форматында өттіп, социалдық сауалнама және жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына бейне роликтер көрсетілді.

0
0
455

«Бірге таңдаймыз!». Жұмыртқаны сатып аларда ескеруге тиісті кеңестер

Жұмыртқа қабығы - таптырмас «калий көзі».

Жұмыртқа - пайдалы ас. Оны таңдағанда алдымен сыртқы қабығына назар аударыңыз. Егер қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса, жұмыртқаның сапасыз болғаны.

Жұмыртқа қабығы сондай-ақ, таптырмас «калий көзі». Негізінен кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрады.

Мерзімі өтіп кеткенін тұзды суға салу арқылы біле аламыз. Асқа жарамдысы суға батып кетеді де, жарамсызы су бетіне қалқып шығады.

Жұмыртқаның екі түрі болады: диеталық және асханалық. Тұтынушыға 7 күн ішінде жеткізілген жұмыртқа диеталық деп аталады. Оның сұрыпталу күні көрсетіліп тұрады және қабығында «Д» белгісі болады.

Жұмыртқа түсінің тағамдық құндылығына қатысы жоқ. Ақ тауықтың жұмыртқасы ақ, қызыл күлгін түсті тауықтардың жұмыртқасының түсі қызыл болады.

Жұмыртқаны сатып аларда басты назар аударатын жайт: сұрыпталған күні сатып алған күніңізге жақын болуы керек.

Ересек адамдар күніне қанша жұмыртқа тұтынуы тиіс? Балалар ше?

«Бірге таңдаймыз!» бағдарламасынан көріңіз.

 
0
0
792

Ұлттық арнада — «Ақ періште» драмасы

Фильм режиссері – Махсун Кирмизигюль.

Әли мен Решат ауру әкелерін емдету үшін  Стамбулға алып келеді. Миында қатерлі ісігі  болғандықтан Ахметтің химия-терапия арқылы емделуі керек еді. Алайда, емдік шараның ауырлығы қажытқан әке ауруханадан да, балаларынан да қашып кетеді.

Осылайша, қарттар үйінде тұрып жатады.     Азиз Акар, Сарп Апак, Фадик Севин Атасой басты кейіпкерлерін сомдаған драманы бүгін Ұлттық арнадан сағат 01:10-да тамашалай аласыздар.

   
0
0
654

«Ас болсында» — неміс асханасы

Сіз неміс халқының қандай тағамын әзірлей аласыз?

Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын немістердің дәстүрлі асына – ет тағамдарын және сан түрлі тоқаштар әзірлеу тән.  Еттен шницель, гамбургше филе, разбрат, шморбратен, шнельклопс және түрлі шұжықтар жасағанды жандары сүйеді.

Мереке күндері шошқа етінен дайындалған ас мәзірі немесе қырыққабат бұқтырылып салынған қаз немесе тауық әзірлейді. Немістер мұндай қырыққабаттың емдік қасиеті бар деп санайды.

Бір уақытта екі тағамды алмастыратын түстік ас: ет, ысталған тағамдар, шұжық қосылған қою көже – айнтопф неміс асханасына тән ерекшелік. Немістер сусындардың ішінен кофені сүйіп ішеді.

Сіз неміс халқының қандай тағамын әзірлей аласыз? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:35-те «Ас болсын!» хабарын көріңіз.

 
0
0
1686

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EURO-2016 турнирінің жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие.

Бүгін Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жеребе тарту рәсімінің трансляциясы ертең сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие.

Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, турнир туралы «Road to France» атты 15 арнайы жоба көрсетіледі.

Еске сала кетейік, футболдан 15-ші Еуропа чемпионаты 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында өтеді. Финалдық турнирде алғаш рет 24 команда ойнайды.

0
0
501

Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз

Кешті бүгін сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

Бүгін  елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың  сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.

Кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовскийдің айтуынша, шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді.

Айта кету керек, 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әншінің  «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын.

Кеш қонақтары – Индира Елемес және ресейлік танымал әртістер Тимати мен Нюша.

Концертті Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

   
0
0
947