Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қыздар университеті жемқорлықтан тыс

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде (бұдан әрі-Университет)    «Сыбайлас жемқорлық: студент жастардың көзқарасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Университеттің проректоры Баходир Әлиев өз сөзінде, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 68 жылдық тарихы мен тәжірибесі бар, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті - Ұлттық рейтинг бойынша педагогикалық ЖОО ішінде бірінші орынды иеленген ең үздік университет. 2015 жылы Ұлттық аккредитация агенттігінің қорытындысы бойынша Қыздар университеті Қазақстандағы 40 жетекші университеттің арасынан 7-орынға көтерілді.  Отанымызға ұлт тәрбиесінің жаршысы болған білікті мамандар дайындауда көш бастап келе жатқан   Университетте    тәрбие мәселелері бойынша елімізде ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.  Университетте   жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және деңгейін төмендету мәселелері жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде атап өтті.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасы мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты  мәселелерге түсініктеме берді.

Университеттің аппарат басшысы Санат Айнақұлов   өз баяндамасында біз студент жастармен біріге отырып жемқорлықты жоюдың амалын емес, жемқорлықты болдырмаудың жағдайын қарастыруымыз қажет. Сонда ғана еңсесі биік, «Мәңгілік ел» айналамыз» идеясын жүзеге асырамыз.   Қазіргі таңда университет тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қазақтың халық ертегілері  арқылы мектепке дейінгі  оқушылардың жемқорлыққа қарсы мәдениеті пен тәрбиесін  қалыптастыруда үлгілі бағдарламалардың жобасы дайындалып, қолданысқа енгізілгені жөнінде тоқталды.

Сонымен қатар, философия ғылымдарының докторы профессор Зәмза Қодар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы гендерлік саясаттың рөлі», тарих ғылымдарының кандидаты,  доцент Берік Жұбанышев    «Сыбайлас жемқорлыққтың тарихи аспектілері»,   Қазақ тілі әдебиеті факультетінің 3 курс студенті  Гүлназ Нүсіпхан «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парзымыз» атты тақырыптарында баяндама жасады.

   

0
0
658

Осы тақырып бойынша