Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» атты дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласы № 172 мектеп-гимназиясында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Отырысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша кеңесшісі С. Оразов қатысып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін және  сыбайлас жемқорлық әрекеттері  үшін жауапкершілік түрлері туралы мәліметтерге тоқталып өтті.

Мектеп-гимназия директоры Т. Қазыбаев Алматы қаласы Білім Басқармасының  «Оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы» 2015 жылдың  31 шілде № 03-1-4/2910 бұйрығымен  таныстырды.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Татиева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыты» баяндамасында ҚР -ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының мақсатын, негізгі ұғымдарын, баптарын жеке-жеке қарастырып талдап өтті.  Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін қандай жауапкершілік түрлері бар екенін және әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін айтып, түсіндірді.

Жиынға  мектеп мұғалімдері қатысып өз пікірлерімен, сұрақтарына жауаптар алды.

   
0
0
3766

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» атты дөңгелек үстел өтті - Yvision.kz