Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Президенттің реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірге ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - Путь в будущее» жолдауының артықшылықтары мен негізгі ережелерін түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның алдын алу және ескерту бойынша семинар-кеңес өткізді.

Басқарушы директор-қор басқармасының мүшесі Қуаныш Ұласбеков Қорда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Жоспар бекітілгендігін атап өтті. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлекті дамыту қоры» АҚ-ның мұраты қаржы құралдарының кең спектрін және құзыреттерді дамыту бойынша бағдарламаларды қосатын кешенді қолдаулардың көмегімен Қазақстанның ШОБ-ін сапалы дамытуға көмек көрсету болып табылады.

«Даму» стратегияның  негізгі идеясы Қорды кіші және орта бизнесті қолдау және дамуыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын тиімді Ұлттық институты ретінде қайта құру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатқан Анапин Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру  жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасын және Ұлттық жоспарды іске асыру тетіктерін түсіндірді.

Қауіпсіздік Департаментінің  бас менеджері Алексей Ефимкин «Даму» Қоры» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізілгені және ішкі қауіпсіздік жүйесі туралы баяндама жасады.

Конференция сурақ-жауап форматында өтіп, сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді.

 

0
0
490

Осы тақырып бойынша

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Президенттің реформаларын қолдайды - Yvision.kz