Мазмұнға өту

Жаңа

Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз

Кешті бүгін сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

Бүгін  елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың  сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.

Кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовскийдің айтуынша, шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді.

Айта кету керек, 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әншінің  «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын.

Кеш қонақтары – Индира Елемес және ресейлік танымал әртістер Тимати мен Нюша.

Концертті Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

0
0
879

«Ақ жауын» оркестрінің концертін көріңіз

Бүгін Ұлттық арнада сағат 15:15-те. Күй – өміршең өнердің бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттау, бүгінгі буынның санасына сіңіру бағытында «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің атқарып отырған еңбегі зор. Елбасының ұсынысымен өмірге келген «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің құрылуы турасында оркестр жетек­шісі – Қазақстанның Еңбек сіңір­ген әртісі, күйші-композитор Се­кен Тұ­рысбеков былайша еске алады. «Бірде Елбасымен бір кездескенімде «Секен, өз оркестріңді құрсаң қайтеді?», деген идея берді. Содан мен Елбасының бұл ұсы­нысын мақұл көрдім. Сөйтіп, кейін «Ақжауын» оркестрі дүниеге келді десем, артық айтқандық емес. Ұжымыммен Астанаға көшіп келуі­ме тағы да Нұрсұлтан Әбішұлы себепкер болған еді». Бүгін сол оркестрдің…

0
0
741

Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев өмірден өтті

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер», «Елең-алаң» романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Біздің анықтама: Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүниеге келген. Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002). ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2002-2010). Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деген атпен 1962 жылы жарық көрген. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - жазушының кең тынысты эпик,…

0
0
868

«Сенбілік таң» Әбдісалам Саваштың отбасында

Бүгін Ұлттық арнадан 09:00-де көріңіз.

Лондонда 30-дан астам қазақ отбасы тұрады. Солардың бірі – Лондондағы Қазақ мәдени орталығының мүшесі Әбдісалам Саваш.

«Лондонда тұрсақ та халқымыздың әдет-ғұрпын ұмыт­паймыз», дейді ол.

Түркиядан қоныс аударған қазақ баласы туған жерден жырақта қалай өмір сүруде? Бүгін Ұлттық арнадан 09:00-де көріңіз.

0
0
514

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2016 жылдың қаңтар айында Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Спортшының айтуынша, тараптар келісімге қол қоюға жақын.

«Келесі айда Қытайда жекпе -жек өтеді. Бұйырса,10-15 күн ішінде барлық мәселелер шешіледі. Бокс кешін ұйымдастыруды желтоқсан айында жоспарладық, бірақ, кейбір себептермен процес кешіктірілді», - дейді Қанат Ислам. Сондай-ақ, Қанат Ислам Қазақстанда жекпе-жек өткізу ойда бар екенін  айтады. «Алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Сол чемпиондық белбеуге дейін Қазақстанда бір жекпе-жек өткізуім мүмкін. Бірақ, ол келесі жылдың екінші жартысында болады», - деді боксшы.

0
0
333

Ұлттық арнада «Арнайы өкілдер» телехикаясының тұсауы кесіледі

2015 жылғы 16 желтоқсан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Арнайы өкілдер» атты көпсериялы телехикаяның тұсаукесері өтеді. «Арнайы өкілдер» бүгінгі күні отандық арнайы қызметкерлердің қалыптасуы және кәсіби өсуі туралы сыр шертетін детективті кино жанрында түсірілген қазақстандық көркем хикая. Телехикаяның әрбір бөлімінде жаһандық қауіпсіздік жүйесінің қолданыстағы тенденцияларының биігінен көрінген қазақстандық барлау және қарсы барлау қызметкерлерінің образдары әмбебап мамандар ретінде ашылады. Әрбір серияда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бүгінгі қызметкерлері мемлекеттік қауіпсіздіктің халықаралық жүйесіндегі ең заманауи үрдістегі бірегей әмбебап маманы ретінде бейнеленеді. Көрермендер 90 жылдары бастау алып, ҰҚК органдары қызметкерлерінің түрлі тағдырларымен қиылысып, бүгінгі к…

0
0
404

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев — «Таңшолпан» студиясында қонақта

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс - импровизация өнері» аталымы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді «Бұл - үлкен қуаныш. Қазақтың бабасынан қалған сөз өнерін әлем танып жатыр. Айтыс қашанда көрермендерімен, тыңдармандарымен биік. Төл өнеріміздің бүгінгідей дәрежеге жетуі - халықтың тілеуі», дейді ақын. «Айтыс сахнасында сөз майданын құратын қатарластарың сиреп бара жатқан соң жастарға азуың бата бермейді. Жыл сайын мектеп оқушыларының айтысына қазылық етемін. Өлеңге, өнерге құмар жастар өсіп келеді. Сондықтан, болашақта шәкірт тәрбиелеумен айналыссам деймін. Әзірге айтыстың маңайынан ұзап кете қойған жоқпын». Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпа…

0
0
328

«Таңшолпанда» әнші Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның «Біргеміз» атты әнінің тұсауы кесілді

Әнші Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскен өнер иелері «Отбасы құрғаннан кейін халық бізді жұлдызды жұп ретінде көргісі келеді. Тыңдармандарымыздың ұсынысынан, тілеуінен бас тарта алмаймыз. Қазіргі уақытта дуэттік әндер жазудамыз»», дейді. Баян Нұрмышева тыңдармандарының «Сізді болашақта да гитарамен көргіміз келеді», деген пікірлеріне қатысты ойын айтты.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясында «Біргеміз» атты жаңа әннің тұсауы кесілді.

0
0
782

Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты шоу-концертінің қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді

Шоуға қызу дайындық басталғанына 15 күн болды. Мыңдаған тыңдарманның жүрек қылын шерте білген Қайрат Нұртас ең танымал әншілер қатарында. 12 желтоқсанда елордадағы «Астана-Арена» стадионында әншінің сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді. Алаңда қызу дайындық басталғанына 15 күн болды. Барлық техникалық және шығармашылық ұжымды қосқанда 4 мың адам жұмылдырылған бағдарламаның жобасы да өзгеше. Мәскеуден арнайы шақыртылған кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді. «Шоу энергия және қозғалыстан тұрады. Ол - спектакль емес. Сценарий деген болмайды. Тікелей партитурамен жұмыс істейміз. Бұл шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді. Барлығының қауіпсіздігі толықтай тех…

0
0
1130

Ұлттық арнада – «Бас аспаз»

Фильмде басты рөлдерді Ким Кан У, Им Вон Хи, Ли Ха На, Ан Киль Кан сомдайды.

Сон Чхан қатысқан бас аспаздар сайысы қайғылы оқиғамен аяқталады. Енді ол өз кәсібін тастап ауылға барып фермерлікпен айналысады. Бұл іс оған ұнайды.  Оған келген журналист оны тағы сайысқа қатысуға көндіреді. Бұл сайыста жеңген адам корольдің бас аспазы Чосон әулетінің мұрагері болады. Сон Чхан бұрынғы қарсыласы бас аспаз Бон Чжумен қайта кездеседі.     Бүгін 23:10-да Ұлттық арнадан «Бас аспаз» фильмін көріңіз.

0
0
981