Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңестің Төрағасы Бахтияр Камалов теледидардың  халықаралық күніне арналған марапаттаудың салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы өз материалдарын белсенді жариялайтын Қазақстандағы БАҚ-тың жетекшілері және сыбайлас жемқорлық мәселелеріне немқұрайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға қатысушылар атап өтілді.

«Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы»  үкіметтік емес, қоғамдық ұйым ұйымдастырған байқау өткізудің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне журналистер қауымының назарын аударып және жұртшылықты тарту болды. «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа – орталығының» төрағасы Төлеген Байғұловтың пікірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік саясаттың ең маңызды құралдарының бірі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыруға байқау көмектеседі.

0
0
1018

Осы тақырып бойынша

«БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы» - Yvision.kz