Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ішкі бақылау мәселесі бойынша кеңейтілген жиын өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Алматы қаласы Тәртіптік кеңесінің төрағасы Бақтияр Камалұлы Камаловтың төрағалығымен 2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ішкі бақылау мәселесі бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Аталған жиынға, Алматы қаласы әкімі аппаратының, қаламыздың халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Жиында Департаменттің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Е. Каримов баяндама жасап, баяндамасында 2015 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына жүргізілген ішкі бақылау мониторингі бойынша қорытындысын атап өтті.

Нәтижесінде, 2015 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша жүргізілген мониторингтің нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік қызмет беруші мемлекеттік органдармен уақытынан кешіктіріліп көрсетілген 83 факт анықталды, яғни ол қызмет алушылардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерінің бұзылуына әкеліп соққан.

Мониторингтің нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарың орын алуына себеп болғандарды жою үшін Департаментпен мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жіберілді. Нәтижесінде, 14 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды (сөгіс – 8, ескерту - 6).

Сонымен қатар, жиында Алматы қаласы Қорғаныс істері бойынша Департаменті бастығының орныбасары, полковник Аспамбетов Ермухан Ерланұлы аталған департментте ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша баяндама жасады. Департаментте барлығы 38 бұзушылықтар анықталды.

Осыдан кейін, баяндамамен Жетісу ауданы аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ерғожа Гаухар сөз сөйледі. Аталған бөліммен орын алған 12 факт бұзушылық анықталды.

Осыған қоса, жиында Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ф.М. Бокижанова әлеуметтік сала бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша, сонымен қатар Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы О.Н.Казиева  мемлекеттік кірістер органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасады.

Б. Камалов өз кезегінде, мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы қамтиды және адам баласының барлық өмір сүру кезеңін қамтитындығын атап өтті. Туылған кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығын жеткізді.

Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау қажеттілігін атап өтті.

Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалары мен мемлекеттік қызмет көрсетудің Стандарттары мен Регламентері нормаларын қатаң сақтау қажет.

Жиын қорытындысы бойынша, Б. Камалов Департаменттің тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік қызметтер бөліміне мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылауды күшейту, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын күшейтуді бақылау алы бойынша тапсырма берді.

   
0
0
379

Осы тақырып бойынша