Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент қызметкерлері Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент) Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуларымен, Мемлекет Басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Департамент  бөлімінің кеңешісі Бақытбек Әлішов алғашқы 15, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің қызметіне тікелей қатысты қадамдарға тоқталды. «Елбасымыздың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа барар жол» атты Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды міндеттері жөнінде толық мағлұматтар берді.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Дәулет Абдраханов қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

«Қалалық кардилогиялық орталық» МКК басшысы Алмат Қодасбаев дүниежүзілік деңгейдегі қазіргі кезеңге сай жүрек-тамыр жүйесін санаулы минуттарда зерттеп диагноз қоятын жабдық туралы айтып, егер азаматттардың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда соңғы заманауи технологияларды пайдалана отырып, хирургиялық араласусыз жедел ота жасалатынын әңгімелеп берді.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.

Кеңес барысында өздерін қызықтырып қойған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

       
0
0
351

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент қызметкерлері Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді - Yvision.kz