Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықсыз — ҚМЭБИ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) ҚМЭБИ (бұдан әрі-Университет)  университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат: жастар саясатының тенденциялары мен перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Университеттің проректоры Маргарита Андреева өз сөзінде  Университет Қазақстан мен Орта Азия университеттерінің арасындағы материалдық-техникалық базасы   жағынан бірден-бір таңдаулы оқу базасы болып табылады.   Университеттің оқытушылық құрамы қазақстандық және шетелдік оқытушылардан тұрады, олардың көпшілігі өздерінің магистрлік және докторлық дәрежелерін Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары оқу орындарынан алған.  Университет ТМД елдерінің арасында батыстық жоғары оқу орындарында алған Ph.D дәрежелі оқытушылардың басым санына ие болған. Сондай-ақ университетте бекітілген бағдарламаға сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы модулдық курстар жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды  реформасы мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына қатысты  мәселелерге түсініктеме берді.

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Айгүл Әдібаева әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлықпен күрес мектептегі кезден басталып, одан әрі жоғары оқу орындарында жалғасуы тиіс және ол жастардың менталитетін өзгертуге бағытталуы керек.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі маңызды бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы барлық заңдар мен нормативті құқықтық актілерге мониторинг жасау арқылы  студенттердің   құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөнінде өз ойын білдірді.

Университеттің құқық мектебінің профессоры Сергей Саяпин  университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық және салыстырмалы құқықтану бағдарламасы бойынша арнайы курстар ұйымдастырылып, оқу бағдарламасына енгізілгендігі жөніндегі мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар, Студенттер үкіметінің төрайымы Айнұр Байназарова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте студенттердің рөлі», Мемлекеттік басқару факультетінің 3 курс студенті Айгүл Хайрулла «Сравнительный анализ коррупции России и Китая» атты тақырыптарында баяндама жасады.

 
0
0
394

Осы тақырып бойынша