Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылорда облысында өткен жыл көлемінде 1 мыңнан аса алаяқтық қылмысы тіркелген

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында сағат 10.00-де Қызылорда ОІІД-нің баспасөз орталығында Қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Бексейітов Асылбектің қатысуымен «Алаяқтық сипатындағы қылмыстарды ашу, алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясы өткізілді.

2015 жылдың 12 айында Қызылорда облысы бойынша 1137 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2014 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға өсім алған. Дегемен, Ішкі істер департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 81,4 пайызы ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды.

2015 жылы тіркелген алаяқтық қылмыстарына талдау жасау барысында, қарызға ақша алып қайтармағандар саны – 986-ны, келісімшартқа отырып, шартты орындамағандар саны – 27-ні, несие алдырып төлемегендер саны – 48-ді, телефон арқылы сеніміне кіріп, ақша аудартып алғандар саны – 42-ні құрап отыр.

Бұл қылмыстардың өсім алуына тұрғындардың немесе жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беруге, атап айтқанда, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру, жер немесе пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткен азаматтардың сөзіне алданып, оңай жолмен өз жұмыстарын бітіруге талпынулары себеп болып отыр.

Мәселен, 2015 жылы қала тұрғындарынан «төмен бағаға жер сатып алып, құжаттарын аз уақыттың ішінде заңдастырып беремін» деген желеумен 8 азаматтан ірі көлемде ақша алып, уәдесінде тұрмағандығы жөнінде арыз келіп түседі. Аталған арыз негізінде күдікті азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ол азаматшаның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен басқа да қала тұрғындарының жеке басы анықталуда. Егер де оның кінәсі толық дәлелденсе, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену қылмыс әрекеттерінің ізі бар болса, онда оның мүлкі тәркіленіп, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланды.

Сөз соңында, облыс тұрғындарынан жер телімдерін сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заңгерлермен және Жер комитеті қызметкерлерімен кеңесіп, сақтық шараларына аса көңіл берулерін сұраймыз.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
301

Қыз ұзату салты

Қазағымыз  ежелден  салт-дәстүрге бай ел.  Алайда, заман талабына сай әдет-ғұрпымыз ескіріп, қолданыстан шығып немесе  өзгеріске ұшырап, ұстанып келеміз.  Сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, үлкен өмірге алғашқы қадамдар жасауы,  әртүрлі белестерден өту барысында салтымыз бен дәстүріміз алдымыздан шығады. Әлі күнге дейін қадірін жоғалтпай, ұстанып келе жатқан қыз бала өмірінде маңызды рөл атқаратын салтымыздың бірі «қыз ұзату».  «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру»  әр ата - ананың тілегі әрі парызы.  Отбасылық өмірге аяқ басып, жат жұртқа келін болып түспес бұрын бірнеше әдет - ғұрыптарымыз орындалуы тиіс. Естімеген елдe көп дегендей, кейбір салтымызды бірінші рет естуіңіз мүмкін, әсіресе жастар жағы. Қыз беру, қыз алу деген қазіргі жағдаймен айтқанда үлкен бір бизнес жоспар арқылы, инвестиция құя отырып жасалатын үрдіс.

Қалың мал дегенді естуіңіз бар әрине, ал той малы дегенді ше?! Келін алуға келген қадірлі құдалар дәстүр бойынша кәде жораларымен салтанатты тұрде келіп түседі. Ең басты кәденің бірі осы «той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге байланысты. Әкелген мал арқылы құдалар қыздың әкесінен, атасынан немесе сол ауылдың ақсақалынан бата тілейді.

Ата бабаларымыз ұлын немесе қызын бесікте жатқан кезінде-ақ білісіп, көрісіп жүрген отбасымен атастырып қойған.  Ер жетіп, отау құруға дайын болған сәтте, күйеудің жарын көруге келуін «ұрын келу», қыздың атастырылған күйеуін көруін «қыз қашар» дәстүрі дейді. Бұл дәстүрге жас жеңгелер мен бүкіл жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Алайда, екі жас кездескеннен кейін құдалық бұзылатын болса, қазақ заңында ауыр іс болып есептеліп, соңы дауға айналады.

«Құйрық бауыр» салтына қатысты қазағым «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» мәтелін бекер айтпаса керек. Бұл рәсімнің орны бөлек, екі жақ құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сыйы әкелінеді. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.

Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төленген соң күйеудің атастырылған қалыңдығын көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі.

Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошеметпен өз үйіне апарады, сол сәтте ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» салты дейді.

«Күйеу киімі» салты бойынша жігіт басқа жігіттерге қарағанда ерекше киініп, алдынан шыққан жеңгелері мен жас қыз келіншектер киіміне қарап тануға тиіс болған. Мысалы, бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етіп киуімен ерекшеленген.

«Ау жар», «сыңсу», «қоштасу» ұзатылып бара жатқан ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Туған ел жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес, алайда қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес, қуаныштан, қимастық сәтінің де белгісі. Сондықтан, «жар жардан» кейін де өлең жырды үстемелей жүретін айтыс түріндегі «ау жарды» тағы бастайды.

«Сәукеле кигізу» салтының орны бөлек. Сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы, ақ босаға аттар кездегі қимас та қызықты кездің ескерткіші. Қалыңдыққа сәукеле кигізуге құдалар шақырылып, шашу шашылады, ақ бата арналады. Сәукеле бағасы да олқы болмайды.

Аушадияр - үйлену кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Өлеңнің айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы зор. Бірақ, қазіргі таңда айтылмай, халық жадынан шығып қалған дәстүрдің бірі.

Аушадияр бір болар,

Жаманның көңілі кір болар.

Ата анасын сыйлаған,

Ақ шалмалы би болар.

Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұл дәстүр «жігіт түйе» дәстүрі деп аталып кеткен.

«Өңір салу» (кей жерлерде «үй көрсету» немесе «есік ашар») жаңа түскен келінді туғандары, көрші көлемі көруге келу дәстүрін айтамыз. Ниеттері келінге шашу шашып, құтты болсын айту.

Біздің халқымыз үшін қызық пен қуаныштың ең бастысы қыз ұзатып, келін түсіру. Намысы бір қазақта «тойдың болғанынан боладысы қызық» демей ме?! Қазағымның тойы бітпесін!

 
0
0
11108

Мойындайтын кез келді.

Раббым Алла, рухымды кілең ақтаған,
Ұлтым Қазақ, сонымен мен мақтанам,
Ұраным Алаш, жүректе кең сақтаған.
Тілім Қазақ, үшкір сөздерге оқталған.

Ұстазым Тарих, баба жолын баптаған,
Рәмізім құнды, күннен қымбаттаған.
Ұрпағым терең, иманымды жақтаған,
Сөзім тірі, Алаш жүрегіне асқақтаған.

 
0
0
430

Ұнатамын күннің шыққанын, Қызарып кешке батқанын.

Ұнатамын күннің шыққанын,
Қызарып кешке батқанын.
Ұнатамын ғылым мен білімді,
Иман туралы әр бір ілімді.

Ұнатамын туған жерімді,
Біртұтас егемен елімді.
Ұнатамын ұстанған дінімді,
Иманға толтырып жанымды.

Ұнатамын таңның атқанын,
Анамның иіскеп оятқанын.
Ұнатамын адал итімді,
Еркелеп, домалап жатқанын.

Ұнатамын асқақ мақсатты,
Арманға байлап қанатты.
Ұнатамын қараңғы түнді,
Ауылда өшірген үнді.

Ұнатамын кедергіні өмір берген,
Сабырлыққа мені тәрбиелеген.
Ұнатамын мықты рухымды,
Арманға мені жетелеген.

Ұнатамын отандық сезімді,
Ерекшелеп сүйгізген елімді.
Ұнатамын шын махаббатты,
Ұлы сезім ғой инабатты...

Ұнатамын өскен ауылымды,
Танып жеті атам мен руымды.
Ұнатамын өмірді жарқыраған,
Аллаға рахмет, осыны сыйлаған!

 
0
0
566

Алланың бергені...

Бәлкім Алланың бергені,
Елін қорғаған ер еді.
Болашақты ұран етіп,
Білегін жауға тіреді.

Қайсарлықты танытқан,
Жинаған жігерін жорықтан.
Аттанып жауға қаһармен,
Ұрпағына өмір жарытқан.

Таймаған ұлы жолынан,
Тастамай қару қолынан.
Ерте кеттің майданға,
Ажырап жарың мен ұлыңнан.

Ауылдың батыр ері едің,
Әттең, жеңіс туын көрмедің.
Отан үшін жас жаныңды,
Қара топыраққа жерледің.

Қарызбын ата, қарызбын,
Қастерлеу сені - парызым!
Жасаған ерлігің мәңгілік,
Атыңды естіртсін арызым!

 
0
0
613

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар объектілерін сатудан бюджет 2 956 млн. теңгеге ұлғайды

2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 833 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 491 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 19 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 428 объекті шығарылды, оның ішінде 241 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 116, ӘКК - 60, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 980 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 41 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 28 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 19 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 28 объекті шығарылды, оның ішінде 15 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014 - 2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 19 қаңтардағы жағдайы бойынша 221 объекті шығарылды, соның ішінде  116 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2016 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 объекті сатуға қойылды, 60 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 - 2016 жж. арналған сату Кестесі бойынша 131 объекті жекешелендіруге жатады, 19 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 111 объектінің 93 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

0
0
507

Астанада «Astra Bus» мобильді қосымшасы іске қосылды

Елордада «Astra Bus» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталмыш бағдарлама арқылы қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалыс бағдары мен нақты қай мекен-жайда келе жатқанын білуге болады.

 
0
0
977

Қызылордада жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіп пен тазалықтың сақталуын қатаң бақылауға алды

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс. Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подьезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады», - деген болатын. 
Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде атқарылуы керек жұмыстарды жандандыру мақсатында Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен қаңтар айының 18-20 аралығында облыс көлемінде «Таза аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел профилактикалық іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің 597 қызметкері жұмылдырылып, іс-шараның 1 күнінде облыс бойынша 403 құқық бұзушылық анықталды. 
Мәселен, Шиелі кенті, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан Қазынашылық бөлімінің алдында темекі шегіп тұрған 28 жасар қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу дерегі бойынша хаттама толтырылып, жалпы сомасы 6363 теңге көлемінде айыппұл салынды. 
Дәл осындай дерек қала орталығында да орын алған. «КамАЗ» маркалы автокөлігімен көмір сатып, белгіленбеген орында сауда жасап жүрген 22 жасар қала тұрғыны ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-бабына сәйкес хаттама толтырылып, ескерту жасалды.
Сонымен қатар, түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жеке тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіру жауапкершілігі заңмен белгіленген. Алайда, 26 жасар Қызылорда қаласы, Титов қыстағының тұрғыны түнгі уақытта шу шығарып, көшенің бойында тұратын басқа азаматтардың түнгі тыныштығын бұзғаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабына сай хаттама толтырылып, 10605 теңге көлемінде айыппұл салынды
Қызылордалық полицейлердің қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртіптің сақталуын, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары әрі қарай осы бағытта жалғасатын болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
650

Қазақстанның медициналық ұйымдары тұмаумен сырқаттанған адамдарды емдеуге қажетті барлық қажетті құралдармен жабдықталған

Бүгінгі таңда Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 15 қаңтарындағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2015 жылдың 1 қазанынан) 270 тұмаудың зертханалық дәлелденген жағдайы мен 229-дан астам ЖРВИ тіркелген. Сырқаттанған адамдардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл жалпы көрсеткіштің 70%-ын құрайды. Мониторинг нәтижесі бойынша елімізде тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бақылау көрсеткіштері шамадан шыққан жоқ. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, аталған аурумен сырқаттану 13%-ға төмендеген.

Қазақстанда аурудың алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларының аралығында 1 млн. 700 мың адам, оның ішінде жалпы республика тұрғындарының 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

Тұмау – бұл ауа арқылы жылдам таралатын, вирустық тұмаудан туындайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудың қауіпті кезеңінде жоғарғы дене қызуы, бас ауруы, бұлшықет пен буындардың ауруы байқалып, одан кейін мұрын бітеліп, жөтел пайда болып, тамақ ауыра бастайды. Дәрігерге дер уақытында қаралмау, оның тағайындаған емін қабылдамау, қосымша созылмалы аурулардың болуы өкпенің қабынуы, бронхит, бронхопневмония сияқты ауыр асқынуларға әкеліп, өлімге себепші болуы мүмкін.

ҚР ДСӘДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға – бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудың бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау – жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеңес береді.

 
0
0
461

2015 жылы 399 мыңнан астам азамат бала туылуына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы алды

«Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңға сәйкес 2015 жылы 399,1 мың азаматқа бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 27,3 млрд. теңге жұмсалды.

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәмдемақы мөлшері 62 255 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 103 758 теңге төленеді.

2016 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 30,9 млрд. теңге қарастырылған.

 
0
0
456