Мазмұнға өту
aitolkyn_b

Айтомпақ Асқарқызы

@aitolkyn_b

Сайтта 2015 ж. 24 сәуірКазахстан, Уральск

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

4

пікірлер

3

тіркелуші

0

жазылымдар

6

Туған елдің түтіні де тәтті екен

Еліңнен жырақта жүріп, ертеңіңнің не күтіп тұрғанын білмеу қандай қиын... Қара жердің топырағы мен ауылымның ауасын сағынбаймын деп айтатын жырақта жүрген адам кемде кем шығар... Әсіресе, үнді елінің оңтүстігіне сапар шеккендер түсінер... Ммм, неге?! Қазақстанда жүріп қыс тым ұзақ әрі салқын, ал жазда ыстыққа шыдай алмай жүргендер, төрт жыл мезгілін көретінімізге шүкіршілік айтайық. Мұнда он екі ай бойы тас төбеңнен күн шақырайып тұруымен қатар, ылғалдылығы жоғары, қай мезгілде болмасын Қазақстанмен жарты сағат айырмашылық болса да қараңғылық сағат кешкі алтыдан қалмай түседі. Қыс мезгілі деп өздерінше айтады, бірақ ол біздің жаз екені айтпаса да түсінікті. Шелектеп жауған жаңбырдан айлап көз ашпайтын кездері болады, ал қарды бір көрсем деп армандайтын жандар қаншама... Әлемдегі ауасы лас…

1
0
2037

Қыз ұзату салты

Қазағымыз ежелден салт-дәстүрге бай ел. Алайда, заман талабына сай әдет-ғұрпымыз ескіріп, қолданыстан шығып немесе өзгеріске ұшырап, ұстанып келеміз. Сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, үлкен өмірге алғашқы қадамдар жасауы, әртүрлі белестерден өту барысында салтымыз бен дәстүріміз алдымыздан шығады. Әлі күнге дейін қадірін жоғалтпай, ұстанып келе жатқан қыз бала өмірінде маңызды рөл атқаратын салтымыздың бірі «қыз ұзату». «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» әр ата - ананың тілегі әрі парызы. Отбасылық өмірге аяқ басып, жат жұртқа келін болып түспес бұрын бірнеше әдет - ғұрыптарымыз орындалуы тиіс. Естімеген елдe көп дегендей, кейбір салтымызды бірінші рет естуіңіз мүмкін, әсіресе жастар жағы. Қыз беру, қыз алу деген қазіргі жағдаймен айтқанда үлкен бір бизнес жоспар арқылы, инвестици…

0
0
10893

Жүрдек пойыз кетті...

Жылда тамыз айында орын алатын маңызды мәселелердің бірі – билет. Ойлап қалмаңыз, концертке яки керемет шоуға керекті билет деп. Бұл алыс - жақын жерлерге жүрдек пойызбен қатынауға қатысты болып отыр. Тамыз айы сондай бір келімді-кетімді адамдар ағылатын мезгіл. Шет ел асып демалуға кететіндерден бөлек, өp еліміздің ішінде бір қаладан екінші қалаға билет табу даулы мәселе болып отыр. Халық лайықты демалысын алып, қыдырып, қайтуға келгенде билет таба алмай сандалады. Сол секілді, жүктерін арқалап, жаңа оқу жылына асығатын студенттердің билет табуының өзі жыр. Менің түсінігім бойынша, жол жүру билетінің мәселесі тамызда өршіп тұрады. Таныс-тамырды ортаға салып тапқан күннің өзінде де жетсем болды деген бір орынға тап боласың. Осындай кезде екі-үш вагон дайындап қойып, керек – ау деген кезде…

0
0
1246