Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада ең көп сатылған көліктің VIP нөмірі — 001

2015 жылы Астана қаласында жеке автокөлік иелері 1 мыңнан аса VIP-номерлер сатып алған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан қабылдау жұмыстары жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Елдар Данияров хабарлады.

Оның айтуынша, елордалық көлік иелерінің көбі «001» мемлекеттік тіркеу нөміріне қызығады.

«Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2015 жылы Астана қаласында жалпы сомасы 430,5 млн теңге көлемінде 1 241 мемлекеттік тіркеу нөмірі сатылған»,-деп түсіндірді ол.

Әкімшілік полиция басқармасының дерегіне сүйенсек, елордадағы көлік иелерінің арасында сұранысқа ие VIP-нөмірлер - ол «001», «111», «777».

Нақтырақ айтсақ, 2015 жылы Астанада 240 көлік иесі «001» мемлекеттік тіркеу нөмірін, 186 көлік иесі - «111» нөмірін, 137 адам - «777» нөмірін, 117 адам «555» мемлекеттік тіркеу нөмірін сатып алған. Сонымен қатар, былтыр  «007» нөмірі 82 адамға,  «100» комбинациясы - 84 адамға, «888» комбинациясы - 99 көлік иесіне, «999» комбинациясы - 72 жүргізушіге сатылған.

Әкімшілік полиция 2016 жылға қатысты дерегін әлі жария еткен жоқ.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2862372

 
0
0
347

«Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығының» АҚ-ның ресми сайты.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1154 қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы11 маусымдағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, аталған қаулымен «ЖОО түлегі» санаты алынып тасталып, магистр дәрежесін алу үшін жаңа «Инженерлік-техникалық қыметкер» санаты енгізілді.
Академиялық бағдарламаға үміткерлердің барлық санаттары үшін (магистратура, докторантура, резидентура) бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балға өзгерістер енгізілді - GPA 3,0 балл (4,0/4,33 GPA-дан), сондай-ақ жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл деп белгіленді.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін жалпы жұмыс өтілі таңдап алған саладағы соңғы 12 айды қоса алғанда кемінде 3 жыл.

Бұған қоса, үміткерлердің конкурсқа қатысу үшін еңбек қызметінің талап етілетін кезеңіне міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жазбаны міндетті ұсынуы туралы норма енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2862255

0
0
251

Сенат Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады

Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Аталған заң 2014 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банк Тобы арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісімді жүзеге асыру мақсатында жасалған.

Көрсетілген келісімге сәйкес, халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлесе отырып бірқатар жобаларды, оның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызы есебінен жүзеге асырылуы жобаланып отырған Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімі (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 54 Жарлығымен мақұлданып, 2015 жылғы 20 шілдеде ҚР Қаржы министрінің қолы қойылды.

Жобаның мақсаты:

- толыққанды Ұлттық біліктілік жүйесін құру, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім бағдарламалары мен  оқытудың өзектілігін арттыру;

- нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары мен жұмыспен қамту салаларындағы нәтижелерді жақсарту, жоғары білікті мамандарды еңбек нарығының біліктілік талаптарына сай даярлау.

Жобаны іске асырудың күтілетін нәтижесі экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне сай келетін, жоғары технологиялық өндіріс ерекшеліктерін ескеретін заманауи біліктілік жүйесін құру, сондай-ақ, нарық ұсынысы мен сұранысы арасындағы теңгерімсіздікті азайтуға мүмкіндік беретін ағымдағы сұранысқа сәйкес еңбек нарығындағы ұсыныстарды дамыту болып табылады.

Жобаны аяқтау 2020 жылдың 30 маусымына жоспарланып отыр.

Жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.

 
0
0
477

Сенат Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады

Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Аталған заң 2014 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі мен Бүкіләлемдік Банк Тобы арасындағы серіктестік туралы Негіздемелік келісімді жүзеге асыру мақсатында жасалған.

Көрсетілген келісімге сәйкес, халықаралық қаржылық ұйымдармен бірлесе отырып бірқатар жобаларды, оның ішінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызы есебінен жүзеге асырылуы жобаланып отырған Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімі (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 54 Жарлығымен мақұлданып, 2015 жылғы 20 шілдеде ҚР Қаржы министрінің қолы қойылды.

Жобаның мақсаты:

- толыққанды Ұлттық біліктілік жүйесін құру, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім бағдарламалары мен  оқытудың өзектілігін арттыру;

- нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары мен жұмыспен қамту салаларындағы нәтижелерді жақсарту, жоғары білікті мамандарды еңбек нарығының біліктілік талаптарына сай даярлау.

Жобаны іске асырудың күтілетін нәтижесі экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне сай келетін, жоғары технологиялық өндіріс ерекшеліктерін ескеретін заманауи біліктілік жүйесін құру, сондай-ақ, нарық ұсынысы мен сұранысы арасындағы теңгерімсіздікті азайтуға мүмкіндік беретін ағымдағы сұранысқа сәйкес еңбек нарығындағы ұсыныстарды дамыту болып табылады.

Жобаны аяқтау 2020 жылдың 30 маусымына жоспарланып отыр.

Жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.

 
0
0
359

Шындық әлемі.

Бір сәтке ойланшы. Барлық адамдар бір бірінің ойын оқи алса. Иә, сенің не ойлайтыныңды, не жоспарлағаныңды және қандай сезімде екеніңді алдыңызда тұрған адам бірден сөзсіз біліп тұрса. Өміріміз қаншалықты өзгеше болар еді? Қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі жалған мен өтірік. Ол барлық салада өзінің орнын тапқан. Онымен келісуімізге тура келеді. Ал біз жаңағы айтып отырған "шындық" әлемін елестетіп көрейік. 
Енді ең біріншіден жарнама индустриясы болмас еді. Жаһанда ең сұрапыл өтіріктің субстанциясы осы индустрияда. Жарнама болмаса біздің ақпараттық әлем мүлдем өзгеше болар еді. Енді елестетіп көріңіз, барлық тауарлардың шынайы құрамы мен оның шынайы ағзаға әсерін білер едік.
Жарнама жай ғана бір мысал ретінде келтіріп отырмын, ой өрісін ары қарай жалғастырайық. Біз барлығымыз туа біте бір-біріміздің ойларымызды оқи аламыз. Ал соның негізінде сөйлеудің қажеттілігі жоғалады. Сөйлеудің негізгі мақсаты біздің ойымызды жеткізу, ал егер сенің сұхбаттасың ойыңды онсыз да біліп отырса онда сөйлеудің қажеттілігі болама? Осындай әлемді елестетіп көріңіз, егер идея ұнаса, мен бұл әлемді сипаттап, онда тұратын адамдар туралы және өмір болмыстарын бейнелеп беруге даярмын достар! Пікірлеріңізді күтемін!)

0
0
645

Қостанай облыстық прокуратурасы қадағалау жұмысының нәтижелері туралы

Бүгін Қостанай облысы прокуратурасының алқа отырысында 2015 жылы атқарылған жұмысқа қорытынды жасалып, алдағы мерзімге міндеттер айқындалды.

Облыс прокуроры Марат Қайбжанов атап көрсеткендей, атқарылған іс-шаралар нәтижесінде аймақта қадағалау ықпалдылығының елеулі көтерілуі байқалады, соның ішінде мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау бойынша.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kostanay-oblystyk-prokuraturasy-kadagalau-zhumysynyn-ntizheleri-turaly-kostanay-k

 
0
0
485

Студенттер оқу тәжірбиесін мемлекеттік органдарында өткізеді. Студенты готовятся проходить учебную практику в государственных органах.

Ағымдағы жылдың 20-ы қаңтарында Жас көшбасшылар мектебі отырысы Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті. Дөңгелек үстелдің басында облысымыздың ЖОО-ы студенттерінің мемлекеттік органдардағы оқу тәжірбисі талқыланды. Студенттермен кездесу үшін отырысқа арнайы облысымыздың мемлекеттік органдарының кадр қызметтерінің басшылары, ЖОО-ның тәжірбие жүргізу ісі бойынша басшылары шақырылды.

Отырыстың басты қонағы, Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Р.Қ Оразғұлов өз сөзінде бүгінгі күні мемлекеттік қызметке арналған кадрларды дайындау мәселелеріне үлкен көңіл бөлінгендігін, сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық қауымның алдында тұрған мәселелердің шешімін таба алатын қозғаушы күш жас мемлекеттік қызметкерлер екендігін айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда мемлекеттік органдарда оқу тәжірбиесін өте отырып, ЖОО-ның студенттері мемлекеттік қызметке орналасу жолында бірінші қадамдарын жасайтын көрінеді. Бүгінгі таңда 100-ден аса бос орын жас, бастамашыл, бәсекеге қабілетті жастарды күтуде.
Сонымен қатар, отырыста Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Н. Нефедова, Инновациялық Еуразия Университетінің оқу тәжірбиесі басшысы С. Балуева, Облысымыздың ЖОО-ның 3-4 курс студенттері сөз сөйледі.
Айта кетерлігі,  аймағымызда  30-ға дейінгі жас аралығындағы 669-дан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Олардың 70-і басшы қызметін атқарады екен.

Студенты готовятся проходить учебную практику в государственных органах

В ЦОМе  20 января текущего года прошло заседание Школы молодого лидера, главной темой которого стало прохождение студентами ВУЗов области учебной практики в государственных органах. Для встречи со студентами на заседание были приглашены  руководители кадровых служб государственных органов области, руководители практики ВУЗов.
На заседании выступил руководитель аппарата акима Павлодарской области Уразгулов Р.К и отметил, что на  сегодняшний день уделяется большое внимание подготовке кадров на государственную службу. Молодым государственным служащим принадлежит ключевое место в обществе, именно она располагает потенциалом для решения проблем, стоящих перед казахстанским социумом в настоящее время. По его словам, пройдя учебную практику в государственном органе, студент сделает первый шаг для поступления на государственную службу. Сегодня более 100 вакансий ждут молодых, инициативных, конкурентоспособных ребят.
Так же в ходе встречи выступили руководитель управления молодежной политики Павлодарской области Нефедова.Н., руководитель практики Инновационного Евразийского Университета Балуева С., студенты 3-4 курсов ВУЗов области.
Хочется отметить, что в регионе трудятся более 669 госслужащих  в  возрасте до 30 лет. Из них – занимают руководящую должность  70 человек. Это свидетельствует о преемственности, сохранении профессиональной традиции и играет решающую роль в выполнении основных функций государства в реализации государственных программ и планов мероприятий.

Подготовлено управлением по вопросам молодежной политики Павлодарской области.

 
0
0
505

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы баспасөз ақпараты

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында облыс прокуроры Б.Таимбетовтың төрағалығымен облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысында 2015 жылдың жұмыс қорытындылары мен алдағы мерзімге арналған міндеттері талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/shygys-kazakstan-oblysy-prokuraturasynyn-alka-otyrysy-turaly-baspasoz-akparaty

0
0
457

2015 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қазақстандықтарға бала тууына, асырап алуына және күтіміне байланысты 112,7 млрд. теңгеден астам қаражат төленді

2015 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жүктілік пен босануға, бала асырап алуына, бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайға байланысты азаматтарға 112,7 млрд. теңге төленді.

Егер азаматша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, оған республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан басқа, жүктілік пен босануға, бала асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлемдер беру қарастырылған. 2015 жылы мұндай әлеуметтік төлемдер 50,97 млрд. теңге сомаға 173 230 әйелге берілді.

Средний размер ежемесячной выплаты из ГФСС в случае потери дохода в связи с уходом за ребенком до достижения им возраста одного года в 2015 году составил 20 729 тенге, ежемесячно такую социальную выплату получало порядка 193 тыс. человек, общая сумма выплат составила 61,7 млрд. тенге.

Бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-нан берілген ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 2015 жылы 20 729 теңгені құрады. Ай сайын әлеуметтік төлемнің мұндай түрін 61,7 млрд. теңге сомаға 193 мың адам алды.

 
0
0
458

Атадан қалған аманат.

Дәстүрді сақтап, дәріптеу,
Киелі біздің міндетіміз.
Батысқа қарап, еліктеу,
Құртатын бізді індетіміз.

Атадан қалған дүние,
Мәдениет, дәстүр, тіл.
Жасампаз болу еліңе,
Зор мақсат, соны біл.

Ұрпаққа қандай құндылық?
Қалдырармыз біз қазір...
Батысқа қарап ұрындық,
Тоқтауға болшы енді әзір.

Тарихын елдің құрметте!
Дәстүрге өзіңді міндетте.
Бабаң жинаған абыройды,
Қастерле оны, кірлетпе!

 
0
2
597