Алланың бергені...
Бәлкім Алланың бергені,
Елін қорғаған ер еді.
Болашақты ұран етіп,
Білегін жауға тіреді.
Қайсарлықты танытқан,
Жинаған жігерін жорықтан.
Аттанып жауға қаһармен,
Ұрпағына өмір жарытқан.
Таймаған ұлы жолынан,
Тастамай қару қолынан.
Ерте кеттің майданға,
Ажырап жарың мен ұлыңнан.
Ауылдың батыр ері едің,
Әттең, жеңіс туын көрмедің.
Отан үшін жас жаныңды,
Қара топыраққа жерледің.
Қарызбын ата, қарызбын,
Қастерлеу сені - парызым!
Жасаған ерлігің мәңгілік,
Атыңды естіртсін арызым!
