Мазмұнға өту

Жаңа

КАСКО: Қажеттілік пе?

КАСКО: Қажеттілік пе?

WhatsApp-та талқыланып жатқан тақырып келесі ойға итермеледі: Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдайда ерікті сақтандыру қаншалықты тиімді? Соны қарастырайық.

Валюта бағамы 185 бойынша Volkswagen Passat газ тарату механизмінің шынжырын ауыстыру: 60,000 (қосалқы бөлшектер) + 80,000 (жұмысы) = 140,000 (барлығы).

Қазіргі 366 валюта бағамы бойынша сол рәсім 125,000 + 90,000 шығады. Ортақ сомасы 215,000 теңгені құрайды.

Жақсы, бұл шығындарды алдын ала жоспарлап қарастыруға болатыны түсінікті.

Алдын ала қарастырылмайтын жол-көлік оқиғасын алайық, бұл жағдайда күтпеген шығындар, онымен қоса жөндеу жұмыстарының шығыны да қалтаны қағып түсуі мүмкін.

Валюта бағамының 185тг. көрсеткіші бойынша ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын ауқымды шығындарсыз жүзеге асыруға болатын.

Ал валюта бағамы 366тг.-мен Қалай болмақ? Демек, енді қосалқы бөлшектре құны екі есе жоғары, онымен қоса атқару жұмыстарының төлемі де қымбаттады. Бірақ жалақы көрсеткіштері екі есе көтерілген жоқ қой. Яғни, ендігі жөндеу жұмыстары ауқымды қаражатты талап етеді және бұрынғыдай оңайға соқпайды.

Бұдан шығу жолы қандай? Осы кезде, бұрын соңды санаулы ғана адам ойланып жүрген (КАСКО) ерікті авто сақтандыруы ойға келеді. Кейіннен «жер жастанып» қалмас үшін, мен қазір сол туралы шындап ойланып жүрмін.

Оған қоса, арзандаған көліктер тұрғысында, КАСКО бағасы девальвацияға дейінгі деңгейде қалды десе де болады. Бұл ойдың мәні бар ма, қалай ойлайсыздар?

P.S. Негізінен, осы тұрғыда мысал ретіндесол Passat-ты да ала отырып, КАСКО сақтандыру компаниясының есептеу тарифтерін келтіре кетуге болар еді, бірақ ол кезде бұл жарнама болар еді.

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

 
1
0
826

Балаларға жақсылық жасайық

Қазақстандықтардың көпшілігіне "қайырымдылық" түсінігі анықталмаған түрдегі мағынаға ие. Статистикаға сәйкес  еліміздің 5 %-і ғана қайырымдылықпен айналысады. Дегенмен көпшілігінің түсінігі бойынша қайырымдылық мағынасы қарт адамдарға көмек пен балалар үйіне қажет емес киім-кешекті берумен шектеледі. Біздің елімізде қайырымдылық өте баяу дамуда. Қайырымдылық көбінесе діни мейрамдар мен басқа мерекелерді тойлау аясында ғана жүзеге асырылып жүр. Көмекке мұқтаж жандар көмек қолын созуға мүмкіндігі бар жандарға қарағанда жиі қайрымдылық танытуда. Бүгінгі таңда біздің қайырымдылығымыз аяқ астынан және көкейкесті кезде ғана аңғарылуда.

Осыған байланысты, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ-сі "Павлодар облысы туберкулезге қарсы диспансері" ММ-нің балаларына арналған "Ашық жүрек" қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлауда.

Қала тұрғындарын бей-жай қалмауды және акцияға ат салысуды сұраймыз. Біз 3 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар, кітаптар, үстел ойындарын мекен-жайы Ломов көш., 38 (Жастарға қызмет көрсету орталығы) бойынша 102 кабинетте әр уақытта күтеміз.

Қосымша ақпарат бойынша хабарласыңыз: 66 12 45; 8 702 412 06 44

Мейірімділікті бірге жасайық!

Жастар ортасында іс-шаралар ұйымдастыру бөлімімен дайындалған.

0
0
866

Солтүстік Қазақстан облысында сот қайтыс болған азаматтың отбасын тұрғын үй кезегіне қайта қойды

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының №2 соты мемлекеттік органның іс-қимылын даулау туралы М.Е.Ақынованың арызы бойынша азаматтық істі қарады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblysynda-sot-kaytys-bolgan-azamattyn-otbasyn-turgyn-uy-kezegine-kayta

 
0
0
443

Шаршадың, білем сенің талғаныңды

Шаршадың, білем сенің талғаныңды,
Дүниеде жалғызсырап қалғаныңды.
Тұрмыс әбден жүдетті талғамыңды.
Болмыс әбден күл етті арманыңды,

Көтер еңсеңді, оян да жігерлен!
Бойыңда қуат пен рух бар, өрілген.
Жаһан - қатігез, онсыз да білесің, 
Өмір - алуан, жыларсың, күлерсің.

Қиын, білем аяқтан соққанын,
Сынақтардың үмітті жаққанын.
Берілме, дайындал енді төзуге, 
Өмір -мұхит, әзірлен онда жүзуге!

Бұралан, түзе кәне арқауыңды!
Өлтір, шалқайған жалқауыңды.
Түй жұдырықты, көрсет азуыңды!
Тоқтатпа, жарық жаққа қазуыңды!

 
5
1
718

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес

2016 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері үшін кеңейтілген семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңес отырысына Департамент өкілі, «Нұр Отан» партиясы БҚО филалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төраға орынбасары қатынасты.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі нормалары, жаңадан қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің мүлік пен кірістері туралы декларацияны салық органдарына тапсыру мәселелері түсіндірілді.

0
0
1069

І.Жансүгіров атындағы жетісу мемлекеттік университеті. Ел сенімін арттырды

Ел сенімін арттырды


Ел сенімін арттырдыЕл сенімін арттырды

Бас басылымнан Мем­лекет басшысының «Ұлт Жос­пары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын ерекше екпінмен оқып шықтым. Біле білсек, бұл қуана құптарлық мақала болды. Ең бастысы, елді ұйы­та әрі жарқын жолға бас­таушы болып отыр. Шыны керек, дәл осы кезеңде біздің Елбасы даралығын, көреген көшбасшылығын көрсете білді. Бұл – бір менің ғана емес, дүйім жұрттың пікірі. Бұл жерде баса айтар жайт – сөз бен істің қабысуы болып отыр. Оған өзіміз еңбек етіп жүрген өңірден мысалды көптеп келтіре аламын. Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорған күннен күнге түрленіп, сәні мен салтанаты артуда. Мемлекеттік саясатқа сай атқарылған нә­­тижелі жұмыстың жемісі сол, облыс экономикасы анағұрлым өркендеп, бюджет қоржыны толыға түсуде.

Экономист ретінде айтарым, Құрғақ порттың Жетісу жерінен ашылуы әлі сан мүмкіндіктің жолын ашып қана қоймай, телегей табыстың қайнар көзіне айналары анық. Жалпы, Жетісу жері Елбасы мақаласында айтылған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін өңір болып саналады. Осы елді дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда атқа­рылып жатқан игілікті істер соның жарқын дәлелі болып табылады. Сон­дықтан жаңа жылдың алғашқы кү­нінен Ұлт Жоспарын орын­­дау уақытының бас­талуы экономикалық жағ­дайды жақсартқан үстіне жақсарта түсетініне сенім артамыз. Өйткені, осыған дейін басталған жұмыс жанды жалғасын тауып, үлкен қолдау тауып, табыс бастауын аша түсері хақ. Нәтижесінде Қазақстан өркениетті, дамыған 30 елдің қатарынан өз орнын алып, гүлдене түсетіні анық.

Олай деуіме еліміздің бейбіт те құтты өмірі, сол өмірді еліне сыйлап қана қоймай, одан әрі кемелдене түсуіне бастап отырған Елбасына деген сенімім негіз болады. Бас басылымдағы мына мақала сол ойымды бекіте түсті.

Болат СЕРИЕВ,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік уни­­верситеті қаржы-экономика факуль­тетінің деканы.

Алматы облысы.

 

http://zhgu.edu.kz/

 
0
0
1586

Учаскелік полиция инспекторлары «Бірыңғай профилактика күні» жедел-профилактикалық шарасын өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу,  азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерінің қорғалуын қадағалау мақсатында Мерей мөлтек ауданында орналасқан №4 учаскелік полиция пункінде «Бірыңғай профилактика күні» қысқа мерзімді жедел-профилактикалық шарасы өткізілді. Аталған шараға Жергілікті полиция қызметінің 15 учаскелік полиция инспекторлары, 10 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары жұмылдырылды. Кешкі 19.00-ден түнгі 01.00-ге дейін жалғасқан акция барысында полиция пункінде профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 121 азамат мекенжайларынан тексеріліп, олармен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық мәні бар әңгімелер жүргізілді.

Сонымен қатар, Мерей мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйдің тұрғындары тексеріліп, онда тұратын 289 тұрғынның тізімдері алынып, оларға учаскелік полиция инспекторларының визиттік кәртішкелері таратылды. Ауланың подъездеріне учаскелік полиция инспекторлары жайлы мәліметтер көрсетілген плакаттар ілінде.

Аталған әкімшілік аумақта орналасқан дүкендер, кафелер және сауналар тексерілді.

Іс-шара барысында әр түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген 34 азамат анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік шаралар көрілді.

Аталған шара әр аптаның жұма күні қала аумағында орналасқан басқа да учаскелік полиция пунктерінде өткізіледі деп жоспарланып отыр.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
426

«Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

2016 жылдың қаңтар айының 16-нан 17-не қараған түні қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, криминогендік ахуалды сауықтыру, қоғамдық тыныштықты және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында барлығы 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша барлығы 47 құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде, белгіленбеген орындарда сауда жасау дерегі бойынша – 3 (204-бабы), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу дерегі бойынша – 17 (440-бабы),  тыныштықты бұзу дерегі бойынша – 2 (437-бабы), қоғамдық орында темекі шегу дерегі бойынша – 6 (441-бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру дерегі бойынша – 4 (442-бабы, 2-тармағы), ұсақ бұзақылық дерегі бойынша – 4 (434- бабы), абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі бойынша – 6 (505-бабы) құқық бұзушылықтар анықталды.

Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың 78 дерегі  анықталды. Оның ішінде, көлік құралын құжатсыз басқарудың – 5 (612-бабы) дерегі, көлік құралының терезелерін қараңғылатудың – 1 (590-бабы, 5-тармағы), қауіпсіздік белдігін тақпай басқарудың –23 (593-бабы, 1-тармағы), маневр жасау қағидаларын бұзудың – 4 (595-бабы, 1-тармағы),  көлік құралын алкогольді ішімдік ішіп басқарудың – 13 (608-бабы), көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша – 3, тыныштықты бұзу дерегі бойынша – 2 (437-бабы) дерегі тіркелді.

Іс-шара барысында  айып алаңына барлығы 15 автокөлік жеткізілді, оның ішінде құжатсыз басқарғаны үшін – 9, мемлекеттік белгісі жоқ көлікті  басқарғаны үшін – 1, сот қаулысымен – 5 автокөлік қойылды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта әр аптаның сенбі күні өткізілетін болады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
749

Қонақтарға табақ тартуды білесіз ба?

Қонақ күтумен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту – жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ жасау да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың дәрежелеріне қарап үлестіріледі. Осы орайда,төмендегі фотопост әр қазақтың кәдесіне жарайды деген сенімдемін:

Источник:Асыл арна.

-4
0
2785

Қарағанды, Караганда, Karaganda “Мой Казахстан” “Мои города”

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы

Автор музыки – Giovanni Marradi “Only you”

Авторы видеоматериала :

Канал 24KZ, The2mproduction, "Караганда"

Первый Карагандинский канал, "Караганда"

Skyview, 3D World "Караганда"

Редактировал – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Который год, я все в пути,

Лишь навещаю, иногда.

Но связаны, мои мечты,

С тобой, моя Караганда.

 

Шахтерская моя столица,

Родная шахта и забой.

В истории твоя страница,

Где путь тернистый, нет покой.

 

Гордилась, я тобой всегда,

Ты ведь крепка, всегда как сталь.

Шахтеры, сыновья твои,

Герой дня и им медаль.

 

Из пепла вновь, вставала ты,

Перерождаясь в красоту.

Растила ты своих детей,

Дав крылья, подарив мечту.

 

Ты многих звезд своих открыла,

И стала ярче, краше всех.

Огнями светлыми манила,

Дарила силы, на успех.

 

Я помню, до сих пор твой запах,

С углем он смешан и водой.

В каких бы не была краях,

Спешу всегда к тебе домой.

 

Цвети шахтерский, город мой,

Достойно многих ты, наград.

Цветение, мир тебе родной,

И путь счастливый, без преград.

 
1
1
602