Ұнатамын күннің шыққанын, Қызарып кешке батқанын.
Ұнатамын күннің шыққанын,
Қызарып кешке батқанын.
Ұнатамын ғылым мен білімді,
Иман туралы әр бір ілімді.
Ұнатамын туған жерімді,
Біртұтас егемен елімді.
Ұнатамын ұстанған дінімді,
Иманға толтырып жанымды.
Ұнатамын таңның атқанын,
Анамның иіскеп оятқанын.
Ұнатамын адал итімді,
Еркелеп, домалап жатқанын.
Ұнатамын асқақ мақсатты,
Арманға байлап қанатты.
Ұнатамын қараңғы түнді,
Ауылда өшірген үнді.
Ұнатамын кедергіні өмір берген,
Сабырлыққа мені тәрбиелеген.
Ұнатамын мықты рухымды,
Арманға мені жетелеген.
Ұнатамын отандық сезімді,
Ерекшелеп сүйгізген елімді.
Ұнатамын шын махаббатты,
Ұлы сезім ғой инабатты...
Ұнатамын өскен ауылымды,
Танып жеті атам мен руымды.
Ұнатамын өмірді жарқыраған,
Аллаға рахмет, осыны сыйлаған!
