Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан ауруханаларында тұмаудан 115 адам емделді

Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 201, ЖРВИ-мен 12 мың 669  адам жатқызылды. 27 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 115, ЖРВИ-дан 8 мың 643 пациент емделді. Қазіргі таңда ауруханаларда «Тұмау» диагнозымен 86 адам емделуде. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды.

Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканың барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеңде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. Жедел медициналық көмектің қосымша бригадалары құрылып, емханаларда қосымша телефон желілері ұйымдастырылды. ҚР ДСӘДМ мамандары аурудың деңгейіне күнделікті бақылау жүргізіп отыр.

Қазақстанда аурудың алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларының аралығында 1 млн. 700 мың адам, оның ішінде жалпы республика тұрғындарының 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

ҚР ДСӘДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға – бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудың бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау – жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеңес береді.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 27 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2015 жылдың 1 қазанынан) тұмаудың 493 зертханалық дәлелденген жағдайы мен 284 мыңнан астам ЖРВИ тіркелген. Жалпы алғанда, елімізде ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану ұйғарынды көрсеткіштен асқан жоқ, сонымен қатар, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен болып отыр.

 
0
0
332

Кезекті Жас мемелкеттік қызметкерлер Кеңесі отырысы өтті

Жастарға қызмет көрсету орталығында, 27 қаңтар күні Жас мемлекеттік қызметшілер Кеңесінің отырыс өтті. Оған Павлодар облысының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Департаментінің басшысы М.И.Утешев, Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Е.У.Асқаров және Павлодар облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің басшысы Қ.М. Исенов қатысты. Отырыстың негізгі мақсаты жас мемлекеттік қызметшілерге  ҚР-ның еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер, ҚР-ның зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер және «Мемлекеттік қызмет туралы» Жаңа заң жайында жалпы мағұлмат беру болды.

Бірінші болып «Мемлекеттік қызмет туралы» Жаңа заң тақырыбы бойынша Павлодар облысының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Департаментінің басшысы М.И.Утешев дәріс оқыды. Ол өз сөзінде, осыдан былай қарай мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеудің 3 сатылы жүйесі арқылы өту керектігін айтып кетті. Сонымен қатар,  мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы жұмысының нәтижесіне сәйкес төленеді екен.

Отырыстың негізгі бөлімінен кейін, қатысушыларға арнайы «жас мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас өсімі» тақырыбына тренинг өткізілді. Оны Жас ғалым Кеңесінің төрағасы Сағыныш Нүркенбаев жүргізді.

 
0
0
394

Студенттер ҚР-ның заңнамаларынадағы негізгі өзгерістермен танысты.

2016 жылдың 26 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас көшбасшылар мектебінің кезекті отырысы өтті. VIP-лекцияны оқу үшін отырысқа Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитеті Департаментінің басшысы Қ.М.Исенов, Павлодар облысының еңбекбасқармасының басшысы Е.В. Асқаров шықырылды.

Отырыс барысында дәріскерлер ҚР-ның зейнеткерлік заңнамасындағы, еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер жайында баяндап берді. Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитеті департаментінің басшысы Қ.М.Исенов кәсіпорындардың жай жұмысшылары қандай мәселелермен жиі кездесетінің, еңбек кодексін білмеу неге әкелетіндігін айтып, еңбек басқармасының басшысы ретінде жеке жұмыс тәжірибесімен студенттермен бөлісті.

Жас көшбасшылар Мектебі отырысының екінші бөлімінде Қазақстан халық ассамблеясының Үйлестіру кеңесінің төрағасы Э. Паули және Инновациялық Еуразия университетінің аға оқытушысы, психолог И. Ксюнина «Этносаралық өзара қарым қатынас: Менің үлесім» және «Көшбасшының тиімді мінез-құлқы мен коммуникативтік дағдылары тақырыптарына тренинг өткізді.

 
0
0
460

Т. Дүйсенова санавиация тікұшағының құлауы салдарынан қайтыс болған адамдардың туған-туыстарына көңіл айтты

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Алматы облысында санавиация тікұшағының құлауы салдарынан қайтыс болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Санавиация тікұшағының құлауы салдарынан бортында болған 5 адамның: ұшқыш, дәрігер, санавиация фельдшері және 2 айлық сәби мен оның анасының қайтыс болуына байланысты олардың туыстары мен жақындарына өз атымнан және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұжымының атынан көңіл айтамын.

Дәрігердің борышы – адамдарға мейірімділік мен ерекше көңіл бөлуді, абзал адамгершілікті, қажет болған жағдайда, өзін-өзі құрбан етуді талап етеді. Дәрігер мамандығы өте күрделі. Олар бар өмірін медицинаға арнай отырып, өзгелердің өмірі үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады.  Менің әріптестерім кішкене пациенттің өмірін сақтап қалу жолында өз өмірлерін сақтай алмады.

Медицина қызметкерлерінің еңбегі – халыққа қызмет етудің ерекше үлгісі. Біздің дәрігерлер өздерінің азаматтық және кәсіби борыштарын адал әрі абыроймен атқарды.

Айта кету керек, 2015 жылдың өзінде санавиация бригадалары 2704 медициналық қызмет көрсетіп, 2149 ұшырылым жасады. Республикалық санитарлық авиация орталығының жұмыс істеу мерзімінде аса білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің шұғыл әрі уақытылы көрсетілуі нәтижесінде, мамандарды еліміздің шалғайдағы аудандарына жеткізу, сырқат адамдарды сонымен бірге, ағзаларды әрі қарай трансплантациялау мақсатында тасымалдау арқылы мыңдаған адамның өмірі сақталды.

Біз өз әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Сонымен бірге, қайтыс болған азаматтардың отбасыларымен бірге қатты қайғырамыз. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қаза болған адамдардың туыстарына қажетті барлық көмекті көрсетеді», - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.

ҚР ДСӘДМ Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловтың басшылығымен өліммен аяқталған топтық қайғылы оқиғаны арнайы мемлекеттік тексеру комиссиясы құрылды. Оқиға болған жерге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой және Республикалық санитарлық авиация орталықтарының басшылары барды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша, 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Тікұшақ бортында бес адам: 1967 жылғы пилот В. Кондратюк, 1964 жылы туған гематолог-дәрігер Б. Кайсанова, 1993 жылғы фельдшер Г. Хамитова, 1989 жылғы К. Абылкасым, және 2015 жылы туған  Б. Абылкасым болған.

Бүгін таңғы сағат 8.20-да Қапал елді мекеніне бұрылыстан 3 шақырым жердегі сайдан тікұшақтың бөліктері табылды. Бортта болғандардың барлығы қаза тапты. Тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында қажетті жедел іздеу шаралары жүргізілуде.

 
0
0
373

Бесігім — қоқыс жәшігі...

2016 жыл жаңа тенденция - бала тастаумен басталды.  Даладан,қоқыс жәшігінен немесе дәретханадан  бала тауып алу соңғы уақытта жиілеп кетті. Теледидарды қосып қалсаң болды, әйтеуір Қазақстанның анау облысында , мынау облысында пәленше баласын қоқыс жәшігіне тастап кетіпті деген жаңалыққа құлақ етім үйреніп қалды. Әй, осы сол безбүйрек аналар қайдан шығады екен? Мен соны түсінбейтін шығармын. Қалайша 9 ай көтерген бауыр етің балаңды, түк болмағандай туып алып қоқысқа тастай саласың? Бұл өзі адамға тән қасиет пе? Мен соны түсінбеймін болса да. Өз баласын өлтіретін  ұрпақ қайдан келді? Санама осы іспеттес сан сауал маза бермеді. Қыз тәрбиесі  - хылқымыздың шырайы,ұлтымыздың ұяты.Алайда қазір бұл сөздердің еш мәні жоқ секілді. Арын  қашанда таза ұстаған қазақ қыздары сиреп бара жатқандай. Осы мәселенің түп тамыры отбасында берілетін тәрбиеде жатыр. Ата -аналар көп жағдайда балаларымен тиесілі әңгіме жүргізбейді. Айтпайды. Түсіндірмейді. Әсіресе,  кәмелет жасқа толып , үлкен өмірге енді қадам басып келе жатқан қызға, ненің қалай екенін ата - анасы үйретуі,көрсетуі керек. Бар келеңсіздік содан, көптеген аналар қыздарымен ашық сөйлеспейді. Ойында не бар екенін де сұрап білмейді. Сосын, түктен хабары жоқ қыз істі тындырып болған соң ғана, бейшараны  ата -анасы жағасынан алады. Айғаймен іс тына ма? Кеш болмай тұрып,бала, әсіресе қыз бала тәрбиесін қолға алу керек.

 

 

Әйткенмен,таяқтың екі ұшы бар демекші, бейкүнә нәрестені өлтіре салған сор маңдай аналарды кәнілі деп кесіп айтатындай хағым жоқ менің. Оларды мұндай сорақы әрекетке не итермелегенін көрмедім де,білмеймін де. Анығы тек бір Жаратушыға аян. Еліктіретін нәрселер көп, жалт - жұлт еткен дүниелер қанша еліктіргенімен, басты байлық -  бала екені даусыз.  Ал сол байлығымызды  көпсініп,көшеге лақтырып тастауды әдетке  айналдырғандар саны азаяр емес. Сол себепті ұл мен қыз тәрбиесіне дер кезінде назар аудырып,жетімдер санын көбейтпеуге ат салысқанымыз жөн.

     
2
3
852

Құлақтан кіріп , бойды алар...

Эксперимент ,«Моцарт Эффекті» . Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын тыңдатқан екен. Сосын тышқандардан "ұнады ма?" — деп сұраған. Сөйтсе олар "Ұнады" — деген екен.  Қалжындаймын , олай емес.  Әуенді күнде тындаған тышқандардың ақыл естері дамып ,лабиринтті 27%-ға тезірек өтіп, оны өту кезінде 37%-ға кем қателіктер жасаған екен.  Достар, байқағандарыңыздай бүгіңгі менің қозғайын деп отырған тақырыбым музыкаға арналады.

Өз басым күнді әуеннен бастап әуенмен айяқтаймын. Таңертен ұйқыдан оянып ,өзімді сергек сезіну үшін телефоныма көбіне көңілді әуен орнатамын. Ал содан кейіңгі , күні бойы өзіме серік болатын әуендер көңіл күйіме байланысты. Қазір құлаққап (наушник) кимесең , сынды бір үстіңе киім кимегендей сезінесін өзінді.  Қоғамдық көлікке кірсең болды бір-бірімен әңгімелесіп у-шу болып отырған адамдар да жоқ. Түгелі дерлік әуен тындап, терезеге үңіліп отырады. Мен сондайлардың бірімін.

Рок, джаз, поп,  шансон, кантри , романс ,диско, шлягер , хип-хоп, блюз . Осы аталған музыкалық жанрдағы әуендердің әрқайсысының өзінің сүйіп тындайтын аудиториясы бар. Ең қызығы , адам қандай музыка тындаса оның мінез –құлқы да,  киім кию үлгілері де соған сай болатын секілді. Ал музыкалық талғамдары бірдей адамдардың өмірдегі қызығушылықтары да бірдей болады.  Музыка адамды емдейтіндігі , адам жаны үшін рухани азық болатыны ғылымда баяғыда –ақ дәлелденген.

Кез-келген адамның музыкаға деген құштарлығы бар десем қате айтпағаным.

Бұл ретте  бастысы талғам!  Менің ойымша, музыканың қай бағытын таңдайтындығына адамның жасы, жынысы мен ұлты  әсер етеді.  Үлкен кісілер қазіргі кезде көп  жастар тындайтын  тарс-гүрс әуендерден қандай ляззат алатындығын түсінбейтіні де осыдан болар. Дегенімен, талғамға талас жоқ.

Өз басым классикалық  әуендерге жаным жақын. Кейде қиын сәттерде адамдармен тілдесуден көрі , жақсы әуен тындағанды жөн көремін. Қуанышты сәттерде де музыка серігім. Бірақ , бұл мен көңілді ән тындамаймын деген сөз емес. Көнілді әндерді де талғаммен тандай білу керек секілді. Көпке топырақ шашпаймын әрине, бірақ , көбіміз қазір арзаң көңілге , жеңіл –желпі әндерге құмармыз.  Бұл ретте , бір-екі ән жазып өзін

“жұлдызбын” деп жүрген әншісымақтар кінәлі ме, әлде сол кісілерді сондай дәрежеге көтеретін  “талғампаз” тындармандар кінәлі ме ,білмеймін. Бір білетінім ондай әндер  жиі шыққанымен ,тез ұмытылады. Өйткені тындарманды  мән- мағынасымен емес,  ырғағымен ғана баурайды.

Енді сіздерге бір қызық айтайын, менің кішкентай 4 жасар сіңілім , “Дэлия, сенің сүйікті әншің кім ?” деген сұраққа мүдірместен толып жатқан бір топ әншілердің аттарын атайды. Топты бастайтын Қайрат ағам әрине. Сол кісінің әндерін ырғаққа салып айтып , билеп , есі шығады . Кейде балалар махаббат жайлы әндерді айтуға неге құмар .Неліктен бүгінгінің балалары «Жазда апасының ауылына барғанда , алдынан шығатын қошақан жайлы» , « Айгөлек», «Қуырмаштарды» менсінбейді  деп ойлап қоямын. Сөйтсе , балаларға арналған әндер тіпті аз екен. Бар болса да , көбіне «немерем», «балапаным» секілді арнау әндер. Мүмкін жаңа ұрпақ үшін жаңа балаларға арналған әндер керек шығар? ...

P.S   Туғаңда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең  . Адамның өмірі өлеңнен тұратынын Абай атамыз кезінде-ақ айтып кеткен. Әуеннің күші барлық адам үшін ортақ . Оны тілсіз, көзсіз түйсінуге болады. Әдемі  әуендердің мүмкіндіктері , оның саналы жан иесіне беретін, ұсынатын игіліктері шексіз.  Қуаныш, сағыныш, мұң, жігер , махаббат осының барлығын сезіну үшін әуен керек, сезім керек.

 
3
2
1515

Қазақ екеніңді дәлелде!

Бүгін сабақта отырып, құрбым екеуіміз ойын бастадық. Ойынның аты "Қазақ болсаң-дәлелде". Шарты мынадай: бір апта көлемінде кімде-кім әңгімесіне орысша сөз қосатын болса, әр сөзі 1 теңгеге бағаланып, жазылып отырады. ЖеңімпазҒа барлық ақша бұйырады деп келістік. Ойын басталғанда таза қазақша сөйлеуге біраз ойландық, басында тіпті ұят та болса айтайын қиналуға тура келді. Қарапайым орыстың "да,этот, тот, тема, как бы, ладно, давай" деген сөздерінен бастап, кейбір кезде байқамай талай сөзді айтып та жаттық. Осындайда қазақтың "сөйлесең ойлап сөйле немесе мүлде сөйлеме" деген сөзі ойыңа орала береді екен. Ойын қыза бастап, сөйлегеніміз құдды бір телесериалдағы сияқты болып, қарық болып күлдік. Ойын ары жүре берді. Сөйтіп менеджмент деген сабаққа кіріп, ойынымыз тіпті оқытушы ағайымызға ұнап ол кісі де қатысты. Ойын басталғанда "мен ұтылмаймын,себебі таза қазақша сөйлеймін" деген болатын. Сабақ соңында небәрі 100 минут ішінде 61 орысша сөз айтты. Енді, сонда да белді бекем буып, ағайымыз 1 аптадан 7 аптаға созды. Алайда шарт бойынша тек сабақтағы кез саналады. Негізі таза қазақша сөйлеу оңай көрінгенімен, сөйлеген сөзіңді аңдып отырғанда ойлап сөйлеп, кідірістер жасайды екенсің. Нәтиженсінде, бүгінгі күнге есебім 6 сөз қосып айтыппын. Осындай кезде шала қаза екеніңе көзің жетіп, намыстанады екенсің. Бұл жай ғана ойын болғанымен, ойлап қарасаң, терең бойлап, түп-тамырымен ойлануға болатын жағдай екен. Ал, сіз дәлелдеп, таза қазақша сөйлей аласыз ба?!

0
0
774

Алаяқтықтың әдісі көп, мақсаты біреу

Әли Жәрдемов,
Бас прокуратураның
2-ші Департаменті
бастығының орынбасары

 

Талдау көрсеткендей, алаяқтық кең көлемді әдіс-тәсілдермен жасалады және оның негізгі мақсаты ақша қаражаттарын иемдену болып табылады.

Мысалы, тіркелген алаяқтықтың үштен бір бөлігі ақша қаражаттарын қарызға алу жолымен немесе келісім-шарт міндеттерін орындау мақсатынсыз иемденумен байланысты болған.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/alayaktyktyn-disi-kop-maksaty-bireu

 
0
0
508

2016 жылы жаңа бағдарлама бойынша білім алған 144 педиатр оқуын аяқтайды

Биылғы жылдың жаз мезгілінде қазақстандық медициналық ЖОО-ларда жаңа бағдарлама бойынша білім алған педиатрлардың алғашқы толқыны бітіреді. Осылайша, 144 педиатр жұмыс істеуге дайын болады.

Бұрындары хабарланғандай, 2007 жылдан бастап Қазақстанда барлық дәрігерлік мамандықтардың, оның ішінде педиатрларды дайындау бойынша жаңа жүйе енгізілген болатын. Жаңа бағдарламаларда 5 жыл ішінде барлық дәрігерлерді жалпы базалық дайындау, сонымен бірге, әрі қарай интернатурада негізгі клиникалық мамандықтар бойынша (терапия, педиатрия, хирургия, акушерлік пен гинекология) бағдарлау және бейінді дәрігерлік мамандықтар, соның ішінде педиатрия бойынша міндетті резидентураны оқыту қарастырылған.

Аталған өзгерістер дәрігерлік кадрларды дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған. Педиатрларды оқыту туралы айтар болсақ, жаңа стандарттар бойынша оларды дайындауға арналған сағаттар саны екі есеге жуық ұлғайтылған (Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша 2003 жылы 4 914 сағаттан Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша 2007 жылы 8 520 сағатқа дейін).

Бүгінгі таңда елімізді педиатрлармен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 3,6 болып отыр, бұл Еуропалық одақ елдері көрсеткішінен екі есе артық.

0
0
362

Қытайдың агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші

Қытайдың аса ірі аграрлық компаниялары Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Аспанасты елінің агроөндірістік 4 корпорациясы бүгін біздің Ауылшаруашылық министрлігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Егер жоспарлар жүзеге асса, Шығыс Қазақстанда ірі ет комбинаты, Солтүстік Қазақстанда майлы және дәнді дақылдарды өндіретін кешен, Қызылорда облысында томат пастасын жасайтын зауыт ашылмақшы.

Аспанасты елінің агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші. Тараптар бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында астық өңдеу зауыты, ШҚО ет комбинаты, БҚО, Қызылорда және елдің шығысында томат шығаратын зауыттар ашылады.

Чжан Ханьхуэй, ҚХР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Қытайда экологиялық таза өнімге сұраныс жоғары. Ал сіздің елде мұндай өнімді өндіріп, өндіріс ауқымын ұлғайтуға барлық мүмкіндіктер бар. Бүгін екі ел құны 1 млрд 750 млн доллар болатын 19 жобаны жүзеге асыратын болып келістік. Олардың 12-сі ШҚО-да іске қосылады.

Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, қазір Қазақстанда 668 Қытай компаниясы жұмыс жасайды.

Мемлекеттік Кірістер агенттігі екі ел арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-қараша айларында 38,6 пайызға, яғни 9,7 млрд долларға төмендегендігін хабарлады.

Ал экспортқа келер болсақ, өткен жылдың 11 айында аспанасты еліне 5 млрд доллардың тауары жөнелтілсе, 2014 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 9,2 млрд долларды еңсерді.

Импорт ауқымы да 29,2 пайызға кеміген. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта екі есеге ұлғаюы мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорындары жыл аяғына дейін екі есеге артады деп жоспарланған.

Ал бүгінде тараптар құны 24 млрд доллар болатын 52 жоба бойынша жұмыс жасауда. Тың бастамалар екі ел экономикасының өткендеуіне жаңа серпін бермек.

Авторы: Гүлмайра Қуатбайқызы

Экономикалық қарым-қатынасты алып көршімізбен ғана емес, жақында санкциялардың бұғауынан шыққан Иранмен де дамытуға мүдделіміз.

Алдағы күндері Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық кәсіпкерлер Тегеранға жол тартпақ.

Соңғы жарты жылда Қазақстан мен Иранның өзара тауар айналымы 360 миллион долларға жетті. Біздің ел бидай, мұнай өнімдерін және бағалы металдарды экспорттайды.

Ал Ираннан бізге жеміс-жидек, көкөніс, тұрмыстық және құрылыс тауарлары импортталады.

Айта кететін тағы бір жайт, Қазақстанда ирандық 164 компания еңбек етеді екен. Негізі елімізде 33 500-ден астам шетелдік компания тіркелген. Алайда солардың тек тең жартысына жуығы ғана нақты жұмыс істейді. Бұл Статистика комитетінің берген мәліметтері.

Олардың айтуынша, шетелдік компаниялар арасында ресейлік кәсіпорындардың үлесі басым. Екінші орында Түркия, Нидерланд пен германиялық компаниялар да аз емес.

АҚШ, Ұлыбритания, Қытай бизнесмендері де Қазақстанды сенімді серіктес деп біледі.

>

0
0
581