Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Студенттер ҚР-ның заңнамаларынадағы негізгі өзгерістермен танысты.

2016 жылдың 26 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас көшбасшылар мектебінің кезекті отырысы өтті. VIP-лекцияны оқу үшін отырысқа Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитеті Департаментінің басшысы Қ.М.Исенов, Павлодар облысының еңбекбасқармасының басшысы Е.В. Асқаров шықырылды.

Отырыс барысында дәріскерлер ҚР-ның зейнеткерлік заңнамасындағы, еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер жайында баяндап берді. Павлодар облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көш-қон комитеті департаментінің басшысы Қ.М.Исенов кәсіпорындардың жай жұмысшылары қандай мәселелермен жиі кездесетінің, еңбек кодексін білмеу неге әкелетіндігін айтып, еңбек басқармасының басшысы ретінде жеке жұмыс тәжірибесімен студенттермен бөлісті.

Жас көшбасшылар Мектебі отырысының екінші бөлімінде Қазақстан халық ассамблеясының Үйлестіру кеңесінің төрағасы Э. Паули және Инновациялық Еуразия университетінің аға оқытушысы, психолог И. Ксюнина «Этносаралық өзара қарым қатынас: Менің үлесім» және «Көшбасшының тиімді мінез-құлқы мен коммуникативтік дағдылары тақырыптарына тренинг өткізді.

 
0
0
414

Осы тақырып бойынша

Студенттер ҚР-ның заңнамаларынадағы негізгі өзгерістермен танысты. - Yvision.kz