Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кезекті Жас мемелкеттік қызметкерлер Кеңесі отырысы өтті

Жастарға қызмет көрсету орталығында, 27 қаңтар күні Жас мемлекеттік қызметшілер Кеңесінің отырыс өтті. Оған Павлодар облысының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Департаментінің басшысы М.И.Утешев, Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Е.У.Асқаров және Павлодар облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің басшысы Қ.М. Исенов қатысты. Отырыстың негізгі мақсаты жас мемлекеттік қызметшілерге  ҚР-ның еңбек кодексіндегі негізгі өзгерістер, ҚР-ның зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер және «Мемлекеттік қызмет туралы» Жаңа заң жайында жалпы мағұлмат беру болды.

Бірінші болып «Мемлекеттік қызмет туралы» Жаңа заң тақырыбы бойынша Павлодар облысының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Департаментінің басшысы М.И.Утешев дәріс оқыды. Ол өз сөзінде, осыдан былай қарай мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеудің 3 сатылы жүйесі арқылы өту керектігін айтып кетті. Сонымен қатар,  мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы жұмысының нәтижесіне сәйкес төленеді екен.

Отырыстың негізгі бөлімінен кейін, қатысушыларға арнайы «жас мемлекеттік қызметкерлердің жеке бас өсімі» тақырыбына тренинг өткізілді. Оны Жас ғалым Кеңесінің төрағасы Сағыныш Нүркенбаев жүргізді.

 
0
0
346

Осы тақырып бойынша

Кезекті Жас мемелкеттік қызметкерлер Кеңесі отырысы өтті - Yvision.kz