Мазмұнға өту

Жаңа

Қастек БАЯНБАЕВ — Балабақша

1. Жетіге аяқ басқалы
Жетіге аяқ басқалы
Жүз жыл өткен сияқты.
Ұмыт бола бастады
Созған күндер
Құлақты.
Күнтізбенің биылғы
Бетін күнде аударам.
Менің туған күнімді
Ұмытты ма
Әлде анам?
Өтіп жатыр ретімен
Көктем жазға жалғасып.
Осындайда жетіден
Кетпедім бе
Әлде асып?
Қанша жүрем күтініп,
Бөкпенімді жеп текке.
Балабақты бітіріп,
Барсам деймін мектепке.  

2. Таңертең

Ерте тұрғым келмейді,
Бірақ тағы тұрамын.
Көзім түкті көрмейді,
Естімейді құлағым.

Суды ағызып ақырын,
Жуған болам бетімді.
Кешегі көп ақылым
Кеміп қалған секілді.

Балабаққа бүгін де
Барғым келе қоймайды.
Жақсы көрем үйімде
Кейде жеке болғанды.
Бірақ үйден шығамын,
Қол ұстасып көкеммен.
Ашылып көз,
Құлағым,
Балабаққа жетем мен.

3. Кешкілікте
Біз ересек баламыз,
Аппақ жаға-жеңіміз.
Біріншіге барамыз
Биыл күзде көбіміз.
Кейде қызып қанымыз,
Қызарса да шекеміз,
Кешке қарай бәріміз
Ақылды бол кетеміз.

Тымырайып ондайда,
Қайта жымың қағамыз.
Сағат алты болғанда,
Шырт киініп аламыз.
Келсе бізді алуға
Апамыз не көкеміз,
Әлгілердің жанында
Жайраң қағып кетеміз.

4. Ерекше күн

Бүгінгі күн
Бір түрлі,
Түс сияқты,
Сиқырлы.
Өздігімнен ояндым
Қандырған соң ұйқымды.
Түс емесін білгенмен,
Түсіне алмай бірден мен,
Қарай бердім бөлмеме,
Көзім әбден үйренген.

Қалай екен мұнысы?
Неге күңгірт үй іші?
Қорқынышты көрінді
Қараңғы төрт бұрышы.

Ұшып тұрып
Мен жылдам
Жатқан жылы орнымнан,
Терезеге ұмтылдым,
Перде тұтқан торғыннан.

Шетін аштым перденің,
Тек ештеңе көрмедім.
Жаңбыр жауып тұр екен,
Байқағаным сол менің.

Болар мұндай
Күн сирек,
Жүрегім тұр дүрсілдеп.
Оятпаған болды ғой,
Бүгін үйде жүрсін деп.

Кім құмартар
Жауында
Балабаққа баруға.
Ойнап қана отырам
Мен әжемнің жанында.

Ерекше екен
Бүгін күн,
Деп қуана жымидым.
Жастығымды теңкиген
Жұдырықпен бір ұрдым.
Ұйқым бүгін қанды анық,
Қайтем жатып жайланып.
Жүгірдім үй ішінде,
Үстелді шыр айналып.

Дүңкілдетіп еденді,
Қарғып көрдім мен енді.
Тер шығарып,
Өзімше
Сергіттім сәл денемді.

Содан кейін жуынып,
Асықпастан киініп,
Соқпақ болып ойынды,
Алдым жеңді түрініп.

Тайбуырылдай ақылды
Ерттеп ағаш атымды,
Аттандым бір айқасқа,
Қысып қалып тақымды.

Асып туған батырмын,
Арыстанша ақырдым,
Қарсы келген дұшпанды
Шөпше шауып,
Жапырдым.

Жұрт ермесе соңыңнан,
Түк шықпайды ойыннан.
Сәлден кейін
Жалықтым
Тіпті батыр болудан.
Атым жатыр болдырып,
Мен отырмын ой қуып.
Терезенің түбінде,
Сыртқа қарап,
Телміріп.
Жаңбыр үнсіз себелеп,
Тынар емес,
Не керек!
Үйдің іші көңілсіз,
Болып кетті керемет.
Мына жаңбыр бірақ та
Жауа қоймас бір апта.
Көп ұзамай,
Ойнармыз
Асыр салып шуақта.
Айналаның бәрі бұлт,
Кеткендей үй тарылып.
Жылардай боп отырмын,
Бала бақты
Сағынып.

5. Аптаның аяғында

Бала бақтың тәртібін
Сақтадым мен алты күн.
Дәмді-дәмсіз бөкпеннің
Бәрін өзім жеп келдім.
Сапқа тұрып,
Салдым ән,
Құмарлығым бар бұған.
Қала сыртын көруге
Шықтым кеше сейілге.
Жуынуға
Күн сайын
Кеткен шығар бір сабын.
Өтті кілең қиын күн,
Көп шешініп,
Киіндім.

Түскі ұйқының қорлығын
Тағы көрдім
Мен бүгін.

Тәртіп сақтай бергеннен
Шаршап кетем кейде мен.

6. Демалыс

Қинамайды мені анам,
Бүгін үйде дем алам.
Тәртіп сақтау керек деп,
Жүгірмеймін дедектеп.

Ретін тауып мұндайда,
Болады бет жумауға.

Бүгін дәмсіз бөкпенді
Жемесең,
Түк етпейді.

Болады үйде жүргенде
Таза киім кимеуге.

Келген жоқпын мен үйге
Шығу үшін сейілге.

Түскі ұйқыны...
Қой әрі,
Түнде ұйықтасам болады.
Келдім екен үйіме,
Түсем ерке күйіме.


-7
2
2613

Қастек БАЯНБАЕВ — Күдік

Мына бастар түйіскен
Болып отыр бір іспен.
Ұлдың басы қауғадай,
Қыздың басы алмадай.
Келте ғана кекілді
Қанат қаңқа секілді,
Тоқаш дерсің кәдімгі
Домаланған Айгүлді.

Ұлдың басы салмақты
Тисе керек сәл қатты,
Отырған қыз саз илеп,
Айтты ақырын әзілдеп:
– Тартқансың ба текеге,
Сүзгілейсің шекеме.
– Басың тиіп кетті деп,
Жыларсың жер тепкілеп.
– Білеміз ғой ұлдарды,
Бір жылатпай тынбайды.
– Ал қыздармен ойнасаң,
Дау шығады әрқашан.
– Ендеше сен ойнама,
Жалынбаспын сонда да.
– Сен домалақ шардайсың.
Жөндеп ойнай алмайсың!
– Кішкентаймын мен әлі,
Арықтауға болады.
– Шыға келем бұралып
деп ойлама қуанып.
– Ендеше,
Сен шидейсің!
Қамыр илей білмейсің!
– Таксист болған кезімде
Жалынарсың өзің де.
– Бойжеткенде,
Кейін мен
Билемеймін сенімен!..

Өстіп,
Айгүл салды айғай,
Жақтан тартып қалғандай.
Аузы қатты бұртиып,
Қалды дереу ұл тынып.
Шырмап алған дәу басты
Күдік еді алғашқы.
Тұрса Айгүл шын айтып,
Жалғыз билер
Бұл қайтіп?


-7
3
1583

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде 222 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды

2011-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») жүзеге асыру аясында бос орындарға 222,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аясында 34,7 мың қазақстандық кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, өз істерін ұйымдастыру үшін микрокредит алды. Жастар практикасына 80,8 мың, мемлекет субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындарына 103,1 мың адам жіберіліп, кәсіби оқыту, біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан 122,9 мың азамат өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс орындарын құру мен сақтауға негізделген «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Кәсіпорындарда жоғары білікті мамандардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында жұмыс уақытының қысқаруына байланысты еңбекақының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялау тетіктері енгізіледі.

Сонымен бірге, кәсіпорын жұмыс орнын сақтаған жағдайда, қызметкерлерді, оның ішінде жұмыс істейтін жастарды жұмыс берушілер тарапынан қоса қаржыландырумен немесе, толық мемлекет есебінен оқытуды ұйымдастыру қарастырылады.

Қосымша жұмыс орындарын құру үшін «ЖҚЖК 2020» аясында қолданылатын келесі құралдарды: инфраструктуралық жобаларға жұмысқа орналастыру, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын жобалардың мүмкіндіктерін қолдану және кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие беру күшейтілетін болады.

 
0
0
275

Астанада онкологиялық орталық базасында химиялық препараттарды жасау бойынша бірегей орталық ашылды

Астана қаласының әкімдігі мен Гюстав Русси (Франция) атындағы онкология институты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында астаналық онкоорталық базасында химиялық препараттарды жасау бойынша орталық ашылды. Орталықтың ерекшелігі – онкоауруларды емдеудің халықаралық хаттамаларына сай химиялық препараттардың мөлшерлемесін дәл белгілеу және қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қымбат медициналық препараттарды тиімді қолдану – бюджеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Орталық дәріні тағайындау мен емдеуді бақылауды, сонымен бірге, медикаменттердің зарарсыздығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ауыр жағдайларда Франциядағы әріптестермен онлайн режимде телеконсультация өткізу мүмкіндігі де бар.

Сонымен қатар, француздық әріптестермен бірге аурудың диагнозы мен кезеңіне сәйкес емдеу шараларын тағайындаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуде.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова химиялық препараттар жасау орталығының жұмысымен танысып, Астана қаласындағы онкологиялық орталықтың барлық бөлімшелеріне барды.

Онкоорталықтың қызметкерлері Тамара Дүйсенованы True Beam заманауи сызықтық үдеткішінің және ҚР-дағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 2015 жылдың шілдесінде пайдалануға берілген виртуалды симуляция жүйесі бар 64-кесіктік компьютерлік томограф жұмысымен таныстырды.

Министр онкологиялық орталық ұжымымен, ҚР ДСӘДМ, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ), Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен кеңес өткізді. Отырыс барысында Астанадағы онкоқызметтің дамуы туралы онкоорталықтың бас дәрігері Мұхтар Төлеутаевтың баяндамасын тыңдады. Денсаулық сақтау жүйесінің 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасының аясында онкологиялық қызмет мәселелерін шешу туралы ҚазОРҒЗИ директоры Қуаныш Нұрғазиев баяндады.

Кеңестің қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова республиканың онкологиялық қызметінің мәселелерін шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 
0
0
624

Әлемдегі ең бай 50 адамның тізімі жарияланды

Weaith-X басылымының қызметкерлері әлемнің ең бай елу адамының тізімін құруға көмектесетін зерттеу жүргізді. Бұл шара Business Insider сайтымен бірлесіп атқарылды.

Рейтингтегі бірінші қатарды Microsoft корпорциясының негізін қалаушы және оның ірі акционері Билл Гейтс иемденді. Оның байлығы 87,4 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр.

Екінші орынды  жетпіс тоғыз жастағы Испания тұрғыны Амансио Ортегу еншіледі. Оның капиталы -  66,8 миллиард АҚШ доллары. Үштікті  сексен бес жастағы Құрама Штаттар азаматы Уоррен Баффет түйіндеді. Оның қаржылық әлеуеті 60,7 миллиард долларды құрайды, деп хабарлады Wealth-X басылымы.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2865014

0
0
243

Каспий теңізіндегі Қазақстан кемелердің орташа жасы — 15 жыл

Каспий теңізіндегі Қазақстан кемелердің орташа жасы - 15 жыл, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы кеме тіркелімінде тіркелген 320 теңіз кемесінің арасынан шетелдік сыныптау қоғамдарында 285 кеме есепте тұр

Бүгінге дейін Көлік комитеті шетелдік сыныптау қоғамдарына 2 жоспарлы тексеріс жүргізді (Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі, BUREAU VERITAS).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалған 4 шетелдік сыныптау қоғамдарына (RINA, DNV, Lloyd's Register Group и ABS), олардың сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық келісімдер талаптарын сақтау нысанына тексеру жүргізу жоспарлануда.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2865067

0
0
328

Алматы облысындағы MD-600N тікұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша БАҚ үшін ақпарат

2016 жылдың 27 қаңтары күні сағат 16:55 шамасында Алматы облысында MD-600N тікұшағы апатқа ұшырап, оның салдарынан 5 адам қаза тапқан (1 ұшқыш және 4 жолаушы, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала).

Тікұшақтың ұшуы 2015 жылғы 30 желтоқсанда әуе-көлік қызметтерін көрсету туралы жасалған шарттың шеңберінде «Республикалық санитариялық авиация орталығы» РМК-ның өтінімі бойынша «Аспан» әуекомпания» АҚ-ның пайдалануындағы әуе кемесімен жүзеге асырылған.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/almaty-oblysyndagy-md-600n-tikushagynyn-apatka-ushyrau-faktisi-boyynsha-bak-ushin

 
0
0
276

Бекарыстан би мен Ақтан батырдың тарихтағы орны

Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмір жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық тарихымыз бен рухани мұрамызды тереңінен зерттеп, жаңаша зерделеуге мүмкіндік туды. Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихының тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті құрушы негізгі ұлт – қазақ ұлтының тарихын терең де жан-жақты зерттеп зерделеу қажет. «Өз жұртыңды құрметтеу – туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты сөзі, өлкені танып-білуден екенін көрсетіп тұрғанын білеміз.  Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмір жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ. Қазақ батырлары – көшпелі қоғамының әскери тәжірибесін, дәстүрін сақтаушы және оны келешекке дәріптеуші. Батырлар өздерінің әскери өңері арқылы келешек ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелейді. Қазақ батырына ел үшін, жер үшін ұрыс майданында өлу үлкен мәртебе болған.  Неміс тарихшысы Л.Н. Ренкенің айтуынша, «...Тарихи оқиға қалай болса, сол күйінде жазу керек» десе, келесі неміс ғалымы Марк Блок «Тарихтың әр қилы куәлігі шексіз. Әрбір айтқан адамның сөзі, жазғаны, қолымен жасағаны, қолы тиген жерінің бәрі ол туралы дерек беруі керек» деген. Яғни ұлттық тарихты зерттеу, зерделеу үшін нақты төл деректеріміз шежіре, фольклор, естелік, мерзімді басылым, заттай материалдарға сүйенуіміз керек.  Қазақ халқының дәстүрі мен қоғамдық өмірінде біте қайнасып келген билер институты өз ерекшелігімен маңызды орын алады. Билер елдің дәстүрлі ұстанымдары мен халық тәрбиесіне үлкен назар аударып, ұлттық дүниетанымды негіздеуге атсалысты. Қазақ елінде ханнан гөрі бидің қадір-қасиеті басым болған. Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады. Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қырағы билік те бір жерге бас қосса, ондай ханды елде суйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады. Л. Баллюзек өз еңбегінде билердің орнын өте жоғары дәріптеп келтіреді: «Би — өз халқының тірі шежіресі, заңын көп білетін заңгері болып қана қоймай, шешендігі, суырып салма сөз өнерін жетік білетін, халқымен біте қайнасып, тұрмысына да, әдет- ғұрпына білгір болған саясаткер».  Қазақ халқына тән билер институтының ерекшелігі, оның қоғам омірінің саяси, әлеметтік және рухани салаларына ғасырлар бойы сіңірген еңбектерінде. Осындай ел қажеттіліктерін сабақтастырып, ұштастыра білген билер институтына өз үлесін қосқан, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысымен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүргені – Бекарыстан би болды. Оның азаматтық қайсарлығы, сөз тияр өнері,ел үшін жасаған әділ билігі ауыз-екі деректен сақталып келді. Қазақта «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген ұлағатты сөз бар. Әрі батыр, әрі би Бекарыстан Амалдықұлының жеті аталық шежіресін былай таратайық: Алшын-Әлімұлы-Жаманақ (Шекті)-Өріс-Есенәлі-Кішкене. Кішкенеден Асан дүниеге келеді. Асаннан Матығұл одан Нұрбай би дүниеге келеді. Нұрбай басқа балаларына қарағанда зерделі, алғыр, еті тірі болып өседі. Есейе келе өткір тілді шешен, білгір, қайратты болған. Нұрбайды халық «Би Нұрбай» атап кеткен. Нұрбай биден мықты болып туған Амалдық, одан дүниеге әрі би, әрі батыр Бекарыстан келеді.

Кезінде бүкіл түркі әлемінің данышпаны Қорқыт баба: «Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі» деген екен. Сол сияқты Бекарыстан батырда жауды садағының бір оғымен қайтарған екен. Бұл оқиға ХІХ ғасырдың 50-і жылдары болғанға ұқсайды. Бір жылы елді жау шауып, «жау келе жатыр» деген хабармен Бекарыстан би ауылы мұз үстімен Көкаралға қарай көшеді. Бекарыстан би: «Қашаңғы көше береміз, қайрат қылмаймыз ба?» десе балаларының ешқайсысы үндемейді. Сонда батыр әрі би Бекарыстан садағын алдырып ат үстінде тұрып бір жебені тартыпты, жебенің тек бір ғана сүйемі жерге кірмей қалыпты. Қош жүре береді де, артынан ізін қуып келген жаудың батырлары қадалған жебеге кезігеді. Содан олар мұзға жебе тартыпты да, ешқайсысы Бекарыстан батырдай жебенің жобасына жеткізе алмапты. Қазақтың батырының мықтылығына көзі жетіп түрікмендер: «Қой мынадай батыры бар ел бізге алдырмас», – деп кері қайтады.

Толығырақ оқу

0
0
1492