Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бесігім — қоқыс жәшігі...

2016 жыл жаңа тенденция - бала тастаумен басталды.  Даладан,қоқыс жәшігінен немесе дәретханадан  бала тауып алу соңғы уақытта жиілеп кетті. Теледидарды қосып қалсаң болды, әйтеуір Қазақстанның анау облысында , мынау облысында пәленше баласын қоқыс жәшігіне тастап кетіпті деген жаңалыққа құлақ етім үйреніп қалды. Әй, осы сол безбүйрек аналар қайдан шығады екен? Мен соны түсінбейтін шығармын. Қалайша 9 ай көтерген бауыр етің балаңды, түк болмағандай туып алып қоқысқа тастай саласың? Бұл өзі адамға тән қасиет пе? Мен соны түсінбеймін болса да. Өз баласын өлтіретін  ұрпақ қайдан келді? Санама осы іспеттес сан сауал маза бермеді. Қыз тәрбиесі  - хылқымыздың шырайы,ұлтымыздың ұяты.Алайда қазір бұл сөздердің еш мәні жоқ секілді. Арын  қашанда таза ұстаған қазақ қыздары сиреп бара жатқандай. Осы мәселенің түп тамыры отбасында берілетін тәрбиеде жатыр. Ата -аналар көп жағдайда балаларымен тиесілі әңгіме жүргізбейді. Айтпайды. Түсіндірмейді. Әсіресе,  кәмелет жасқа толып , үлкен өмірге енді қадам басып келе жатқан қызға, ненің қалай екенін ата - анасы үйретуі,көрсетуі керек. Бар келеңсіздік содан, көптеген аналар қыздарымен ашық сөйлеспейді. Ойында не бар екенін де сұрап білмейді. Сосын, түктен хабары жоқ қыз істі тындырып болған соң ғана, бейшараны  ата -анасы жағасынан алады. Айғаймен іс тына ма? Кеш болмай тұрып,бала, әсіресе қыз бала тәрбиесін қолға алу керек.

 

 

Әйткенмен,таяқтың екі ұшы бар демекші, бейкүнә нәрестені өлтіре салған сор маңдай аналарды кәнілі деп кесіп айтатындай хағым жоқ менің. Оларды мұндай сорақы әрекетке не итермелегенін көрмедім де,білмеймін де. Анығы тек бір Жаратушыға аян. Еліктіретін нәрселер көп, жалт - жұлт еткен дүниелер қанша еліктіргенімен, басты байлық -  бала екені даусыз.  Ал сол байлығымызды  көпсініп,көшеге лақтырып тастауды әдетке  айналдырғандар саны азаяр емес. Сол себепті ұл мен қыз тәрбиесіне дер кезінде назар аудырып,жетімдер санын көбейтпеуге ат салысқанымыз жөн.

     
2
3
785

Осы тақырып бойынша

Бесігім — қоқыс жәшігі... - Yvision.kz