Құлақтан кіріп , бойды алар...
Эксперимент ,«Моцарт Эффекті» . Тышқандарға екі ай бойы, күніне 12 сағат Моцарттың соната до-мажорын тыңдатқан екен. Сосын тышқандардан "ұнады ма?" — деп сұраған. Сөйтсе олар "Ұнады" — деген екен. Қалжындаймын , олай емес. Әуенді күнде тындаған тышқандардың ақыл естері дамып ,лабиринтті 27%-ға тезірек өтіп, оны өту кезінде 37%-ға кем қателіктер жасаған екен. Достар, байқағандарыңыздай бүгіңгі менің қозғайын деп отырған тақырыбым музыкаға арналады.
Өз басым күнді әуеннен бастап әуенмен айяқтаймын. Таңертен ұйқыдан оянып ,өзімді сергек сезіну үшін телефоныма көбіне көңілді әуен орнатамын. Ал содан кейіңгі , күні бойы өзіме серік болатын әуендер көңіл күйіме байланысты. Қазір құлаққап (наушник) кимесең , сынды бір үстіңе киім кимегендей сезінесін өзінді. Қоғамдық көлікке кірсең болды бір-бірімен әңгімелесіп у-шу болып отырған адамдар да жоқ. Түгелі дерлік әуен тындап, терезеге үңіліп отырады. Мен сондайлардың бірімін.
Рок, джаз, поп, шансон, кантри , романс ,диско, шлягер , хип-хоп, блюз . Осы аталған музыкалық жанрдағы әуендердің әрқайсысының өзінің сүйіп тындайтын аудиториясы бар. Ең қызығы , адам қандай музыка тындаса оның мінез –құлқы да, киім кию үлгілері де соған сай болатын секілді. Ал музыкалық талғамдары бірдей адамдардың өмірдегі қызығушылықтары да бірдей болады. Музыка адамды емдейтіндігі , адам жаны үшін рухани азық болатыны ғылымда баяғыда –ақ дәлелденген.
Кез-келген адамның музыкаға деген құштарлығы бар десем қате айтпағаным.
Бұл ретте бастысы талғам! Менің ойымша, музыканың қай бағытын таңдайтындығына адамның жасы, жынысы мен ұлты әсер етеді. Үлкен кісілер қазіргі кезде көп жастар тындайтын тарс-гүрс әуендерден қандай ляззат алатындығын түсінбейтіні де осыдан болар. Дегенімен, талғамға талас жоқ.
Өз басым классикалық әуендерге жаным жақын. Кейде қиын сәттерде адамдармен тілдесуден көрі , жақсы әуен тындағанды жөн көремін. Қуанышты сәттерде де музыка серігім. Бірақ , бұл мен көңілді ән тындамаймын деген сөз емес. Көнілді әндерді де талғаммен тандай білу керек секілді. Көпке топырақ шашпаймын әрине, бірақ , көбіміз қазір арзаң көңілге , жеңіл –желпі әндерге құмармыз. Бұл ретте , бір-екі ән жазып өзін
“жұлдызбын” деп жүрген әншісымақтар кінәлі ме, әлде сол кісілерді сондай дәрежеге көтеретін “талғампаз” тындармандар кінәлі ме ,білмеймін. Бір білетінім ондай әндер жиі шыққанымен ,тез ұмытылады. Өйткені тындарманды мән- мағынасымен емес, ырғағымен ғана баурайды.
Енді сіздерге бір қызық айтайын, менің кішкентай 4 жасар сіңілім , “Дэлия, сенің сүйікті әншің кім ?” деген сұраққа мүдірместен толып жатқан бір топ әншілердің аттарын атайды. Топты бастайтын Қайрат ағам әрине. Сол кісінің әндерін ырғаққа салып айтып , билеп , есі шығады . Кейде балалар махаббат жайлы әндерді айтуға неге құмар .Неліктен бүгінгінің балалары «Жазда апасының ауылына барғанда , алдынан шығатын қошақан жайлы» , « Айгөлек», «Қуырмаштарды» менсінбейді деп ойлап қоямын. Сөйтсе , балаларға арналған әндер тіпті аз екен. Бар болса да , көбіне «немерем», «балапаным» секілді арнау әндер. Мүмкін жаңа ұрпақ үшін жаңа балаларға арналған әндер керек шығар? ...
P.S Туғаңда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең . Адамның өмірі өлеңнен тұратынын Абай атамыз кезінде-ақ айтып кеткен. Әуеннің күші барлық адам үшін ортақ . Оны тілсіз, көзсіз түйсінуге болады. Әдемі әуендердің мүмкіндіктері , оның саналы жан иесіне беретін, ұсынатын игіліктері шексіз. Қуаныш, сағыныш, мұң, жігер , махаббат осының барлығын сезіну үшін әуен керек, сезім керек.
