Қазақ екеніңді дәлелде!
Бүгін сабақта отырып, құрбым екеуіміз ойын бастадық. Ойынның аты "Қазақ болсаң-дәлелде". Шарты мынадай: бір апта көлемінде кімде-кім әңгімесіне орысша сөз қосатын болса, әр сөзі 1 теңгеге бағаланып, жазылып отырады. ЖеңімпазҒа барлық ақша бұйырады деп келістік. Ойын басталғанда таза қазақша сөйлеуге біраз ойландық, басында тіпті ұят та болса айтайын қиналуға тура келді. Қарапайым орыстың "да,этот, тот, тема, как бы, ладно, давай" деген сөздерінен бастап, кейбір кезде байқамай талай сөзді айтып та жаттық. Осындайда қазақтың "сөйлесең ойлап сөйле немесе мүлде сөйлеме" деген сөзі ойыңа орала береді екен. Ойын қыза бастап, сөйлегеніміз құдды бір телесериалдағы сияқты болып, қарық болып күлдік. Ойын ары жүре берді. Сөйтіп менеджмент деген сабаққа кіріп, ойынымыз тіпті оқытушы ағайымызға ұнап ол кісі де қатысты. Ойын басталғанда "мен ұтылмаймын,себебі таза қазақша сөйлеймін" деген болатын. Сабақ соңында небәрі 100 минут ішінде 61 орысша сөз айтты. Енді, сонда да белді бекем буып, ағайымыз 1 аптадан 7 аптаға созды. Алайда шарт бойынша тек сабақтағы кез саналады. Негізі таза қазақша сөйлеу оңай көрінгенімен, сөйлеген сөзіңді аңдып отырғанда ойлап сөйлеп, кідірістер жасайды екенсің. Нәтиженсінде, бүгінгі күнге есебім 6 сөз қосып айтыппын. Осындай кезде шала қаза екеніңе көзің жетіп, намыстанады екенсің. Бұл жай ғана ойын болғанымен, ойлап қарасаң, терең бойлап, түп-тамырымен ойлануға болатын жағдай екен. Ал, сіз дәлелдеп, таза қазақша сөйлей аласыз ба?!
