Мазмұнға өту

Жаңа

Қытайдың агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші

Қытайдың аса ірі аграрлық компаниялары Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Аспанасты елінің агроөндірістік 4 корпорациясы бүгін біздің Ауылшаруашылық министрлігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Егер жоспарлар жүзеге асса, Шығыс Қазақстанда ірі ет комбинаты, Солтүстік Қазақстанда майлы және дәнді дақылдарды өндіретін кешен, Қызылорда облысында томат пастасын жасайтын зауыт ашылмақшы. Аспанасты елінің агроөндіріс саласындағы 4 алпауыты Қазақстан нарығына келмекші. Тараптар бірнеше жобаны бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында астық өңдеу зауыты, ШҚО ет комбинаты, БҚО, Қызылорда және елдің шығысында томат шығаратын зауыттар ашылады. Чжан Ханьхуэй, ҚХР Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі -Қытайда экологиялық таза өнімге сұра…

0
0
553

Қызылордада «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады. Жүргізілген іс-шара барысында ішкі істер органдарына барлығы 279 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның ішінде 268 к…

0
0
665

Қазақстанның медициналық оқу орындарында жалпы практикалық дәрігерлерді дайындаудағы педиатрия бойынша сағаттар саны ұлғайтылады

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жалпы практикалық дәрігерлердің (әрі қарай - ЖПД) базалық дайындау бағдарламасын қайта қарап, нәтижесінде педиатрия бағытындағы дисциплинаның сағаттар саны 40-50%-ға ұлғайтылды. Өзгертілген білім беру бағдарламалары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілмек. Сонымен бірге, ҚР ДСӘДМ-де амбулаторлық-емханалық қызмет дәрігерлерін дайындаудың сапасын арттыру мақсатында жалпы дәрігерлік практикадағы міндетті резидентураны енгізу мәселесі қарастырылуда. ЖПД дайындау стандарттарын өзгерту – медициналық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. Бүгінде Қазақстанда 3,5 мың ЖПД (қайта бағдарланған учаскелік педиатрлар үлесі - 36%, учаскелік терапевтер – 35%) жұмыс істейді. Республикада қазіргі таңда жалпы практикалық дәрігер 2…

0
0
418

Қызылордалық полицейлер жайылымдық жерде жайылып жүрген малдарды қолды еткен 2 ұрыны қолға түсірді

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында сағат 23.45 шамасында рейдтік жұмыстар барысында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары М.Беков пен Б.Жармаханов Айдарлы және Амангелді ауылдарының арасында өтетін тас жол бойында күмән тудырарлық ГАЗ 3302-288 маркалы автокөлігін тоқтатады. Автокөлікке қарау жүргізу барысында көліктің жүк салғышынан 1 бас сиыр малы мен баспақ анықталады. Тексеру жұмыстары кезінде аталған малдар «Қарақұм» жер учаскесінде жайылып жүрген жерінен қолды болғандығы белгілі болды. Нәтижесінде, 43 жастағы мал егесіне жалпы сомасы 200.000 теңге боларлық шығын келтірілген. Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.…

0
0
250

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті «ҚазСтИн» РМК бірлесе отырып техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу мәселесін талқылау бойынша мә

Соңғы жылдары елімізде өзгерулер орын алуда. Экономикалық даму және индустриалды-инновациялық кезеңге өту экономиканың құрылымының өзгеруімен, жаңа өндіріс түрлерінің пайда болуымен және білікті жұмыс күшіне сұраныстың айтарлықтай артуымен ұласып келеді. Бірақта ол арқашанда қанағаттандырыла бермейді. Жұмыс берушілер тарапынан дайындық деңгейіне және практикалық зердесіне қойылатын талаптардың артуы еңбекке орналасуды қажет ететін мамандардың кәсіби біліктілігіне көп жағдайда сәйкес келмейді. Осыған байланысты ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бірлесе отырып техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу мәселесін талқылау бойынша мәжіліс өткізді. Бұл жиынға ҚР ИДМ Техникалық реттеу және м…

0
0
1109

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне көшуді қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Алатау ауданы әкімі аппаратында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» талқылауға арналған «Жаңа кәсіби стандарт» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Департаменттің, Алатау ауданы әкімі аппаратының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында қабылданған жаңа заңдар мемлекеттік қызметшілердің сапалық жағынан өсуіне, қызмет саласында…

0
0
242

Қазақстан емханаларында тұмаудан 23 адам емделді

Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 116, ЖРВИ-мен 10 мың 269 адам жатқызылды. 24 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 23, ЖРВИ-дан 4 мың 246 пациент емделді. Бүгінгі таңда емханаларда «Тұмау» диагнозымен 93 адам ем қабылдауда. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды. Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған. Сонымен бірге, республик…

0
0
224

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 жылы сырқаттану 11,9%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 58,5-ті құрады (2014 жылы – 66,4), өлім жағдайы 22,4%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 3,8-ді құрады (2014 жылы – 4,9). Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтары туберкулезді, сонымен бірге, оның дәрілерге төзімділігі бар түрлерін диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Республикада қажетті дәрілік заттардың көлемі жеткілікті дәрежеде. 2015 жылы алғашқы рет сезімтал туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылы 86,4% болған көрсеткіш 87,6%-ды құрады (ДДҰ стандарты– 85%). 2015 жылдың нәтижесі бойынша сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі көп екінші қ…

0
0
320

Сөз өнерін түсінер, жырдан маржан терген, жүрегінде оты бар ақындыққа жаны жақын жастарды «Алдаспан» жас ақындар клубы шақырады.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында  2015 жылы ашылған ақындар клубы өз жұмысын жалғастыруда.  Жас ақындардың шығармашылықтарын ұштау мақсатында жаңа жоспар құрылды және клуб мүшелеріне қабылдау жариялаймыз. Жас қаламгер, біз сені күтеміз!

Біздің мекен-жайымыз: Ломова 38,каб. 103 Телефон нөмірі +7(7182)66-12-43

0
0
574

«Қазақ Мәңгілік Ел бола ала ма?»

Мәңгілік Ел болмақтың әуелгі шарттары бар. 1. Жер бетіндегі өмір шектеулі, фәни жалған. Демек, мәңгіліктік ұғымы ақырзаманға дейін, яғни Исрафил періште сұр үрлегенге дейін ғана жалғаспақшы. 2. Мәңгілік - Қасиетті Құран тілінде БАҚИ деп аталады. Мәңгі-бақи деген тіркес те осыдан келіп шыққан. Мәңгілік тек Жәннат пен Тозаққа ғана тән. Әуелгісі мен ақыры жоқ Алла субхана уа тағалаға ғана телінетін ұғым мәңгіліктік сипат. Ендеше, қазақ халқы жер аман тұрса өз ата қонысында рахат мекен етсе деген байырғы бабалардың арманы ғой Мәңгілік Ел болмақтық. Асан Қайғының "Жерұйық-Жиделібайсыны" да осы фәлсафаны айшықтай түседі. Хош делік, сонымен, исі қазақтың Мәңгілік Ел болу арман-мақсатына бұрында кімдер кедергі жасапты, қазіргі мүмкіндік қаншалық? Өзге тарихты қопарыстырмайық, 1822 жылы Романовтар…

1
0
648