Бекарыстан би мен Ақтан батырдың тарихтағы орны
Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмір жолдары әлі толық зерттеліп болған жоқ. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық тарихымыз бен рухани мұрамызды тереңінен зерттеп, жаңаша зерделеуге мүмкіндік туды. Әрбір азамат өз елінің өткені мен тарихын білуге, Отан тарихының тәжірибесі мен құндылықтарын келесі ұрпаққа үйретуге міндетті. Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті құрушы негізгі ұлт – қазақ ұлтының тарихын терең де жан-жақты зерттеп зерделеу қажет. «Өз жұртыңды құрметтеу – туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты сөзі, өлкені танып-білуден екенін көрсетіп тұрғанын білеміз. Қасиетті Сыр бойының топырағынан елін қорғаған батырларымыздың, білікті билеріміздің өмі…