Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жылы қызметкерлердің есепшоттарына 31,1 млрд. теңгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары түсті

2015 жылы 5 мыңнан астам жұмыс беруші 372 889 қызметшіге 31,1 млрд.теңге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды.

2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкіметтің Қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен  зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілді.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына  міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.

 
0
0
206

Осы тақырып бойынша

2015 жылы қызметкерлердің есепшоттарына 31,1 млрд. теңгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары түсті - Yvision.kz