Мұқағали Мақатаев
Жақсы аттанды демессің сүйем десем,Табынатын тәңірім, ием де - сен.Адам болып күн кешу қиын маған.Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.Сен менің сүйегім мен қанымдасың,Жанымдасың, ұятым, арымдасың.Саған деген махаббат дамылдасын,Тек сенің топырағыңды жамылғасын.Өзіңше түсің де ерек,ісің де ерек,(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.Қазақстан!Пай, пай, пай!Ардағым-ай!Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,Өлмейті Өсе бір түсіп тауларым, Таси бір түсті көлдерім. Кеңейе түсіп аспаным, Көгере түсті жерлерім. Бұлтсыз күннің шұғыласы Жайнатып көркін ғаламның, Даламда тыңнан күй туын, Көңілін ашты адамның. Заводта соғып жаңа ырғақ, Гуледі көрік дауылдай. Ащы тер құйды жауындай. Иленді шойын қамырдай. Колхозды ау…

