Мазмұнға өту

Жаңа

Т. Дүйсенова халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Парламент Сенатында «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасын ұсынды.

«Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалып, экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын ұзақ мерзімді өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің тәжірибелері зерделенді», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Заң жобасы келесі мәселелерді қарастырады:

1.   Еңбек нарығының көрсеткіштерін өлшеудің халықаралық стандарттарына көшу:

- біздің статистикалық деректерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге;

- әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың санын нақтылауға, қажет болған кезде оларға өз қызметін заңдастыру үшін жәрдем көрсетуге;

- өзі тұтыну үшін өнім өндірумен айналысатын адамдардың санын нақтылауға және мәлімдеген мәртебеге қарай оларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

2.   Жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгерту. Жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші тұлға статусы беріледі. Жұмыс іздеп келген адамға 10 күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын  іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз тұлға үшін ЭЫДҰ-ға құрамдас мемлекеттер мен көптеген Еуропа елдерінде қолданылып жүрген жұмысқа орналастырудың жеке картасын әзірлейтін болады.

3.Жаңа Еңбек Кодексіне сәйкес, экономикалық негіздеме бойынша жұмыстан босатуға, қызметкерлердің санын немесе штатты қысқартуға, жұмыскерлерді жаппай қысқарту, яғни, кәсіпорын жұмысын тоқтатқан немесе банкротқа ұшыраған жағдайда, 4 айдан 6 айға дейін жұмысын жоғалтқанда әлеуметтік төлемдер уақытын ұзарту.

Осы шараларға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар аударылған адамдар үшін, сол сияқты аударымдары жоқ адамдар үшін: тегін консультация және кәсіби бағдар беру; сондай-ақ: білім беру қызметтеріне, стипендия төлеу, тұру және жолақы шығыстарын өтеуді қамтитын материалдық көмек шығындарын толық өтей отырып, оқуға жіберуге; бюджет қаражаты есебінен еңбекақысын толық субсидиялай отырып 6 айға дейін жастар практикасына бағыттауға; жалақысын жұмыс беруші белгілеген еңбекақы мөлшерінің 35 пайызына дейін (бірақ ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде) 1 жылға субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу; егер адамның немесе отбасындағы әрбір мүшеге отбасының табысы белгіленген кедейлік шегінен аспаса, атаулы әлеуметтік көмек көрсету; мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар аудару көзделуде.

Ұсынылған әлеуметтік қолдау түрлерін алу үшін жұмыссыз бен жумыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда мемлекет әлеуметтік қолдау ұсыну және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларына қатысуға жіберу міндетін өзіне алады, ал жұмыссыз кәсіп иелену, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеу міндетін алады.

Атаулы әлеуметтік көмек белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана төленетін болады.

4.   Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының әрбір түрі үшін азаматтардың басым санаттарын анықтау.  Сонымен бірге, заң жобасы жазғы демалыс уақытында студенттер мен жоғарғы сынып оқушыларына, кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты бос тұруы кезінде немесе жұмысының тоқтатылғанында, қызметкерлердің санын немесе штаты қысқарғанда, экономикалық негіздемелерге байланысты жұмыстан босатылғанда жалдамалы жұмысшыларға белсенді шаралардың жекелеген түрлерін қарастырады.

5.   Еңбек нарығындағы өңірлік сәйкессіздіктерді жою шаралары. Әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендердегі азаматтарды жұмыс берушінің талаптарына сай әлеуеті жоғары елді-мекендерге, сонымен қатар, «Көші-қон туралы» ҚР Заңына сәйкес, аймақтық қоныс аударушыларға берілетін квоталар аясында ҚР Үкіметі белгілеген аймақтарға тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында ерікті қоныс аудару ісін жандандыруға негізделген жаңа шара қарастырылған.

6.   Жұмыспен қамту орталықтары қызметтерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұсынатын қызметтерімен қайталанбауы үшін азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға бағыттау бойынша барлық өкілеттілігі жұмыспен қамту орталықтарына беріледі. Олардың көрсететін қызметтері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағыдай «бір терезе» қағидасы бойынша құрылып,   жұмыс берушілермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен белсенді жұмыс істеуге бағытталатын болады.

Заң жобасының аясында жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған. Олар жұмыс іздеп жүрген және/немесе жұмыссыз адамдар арасында кәсіптік бағдарлау байқауларына қатыса алады.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға және мемлекеттік бюджеттің қаржылай шығынына әкелмейді.

 
0
0
376

ЖОО студенттерімен кездесу

2016 жылдың 3 ақпанда «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында облысымыздағы жас мемлекеттік қызметкерлермен студенттердің кездесуі өтті.

Бүгінгі студент – ертеңгі маман демекші, болашақта осы салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға мемлекеттік қызметтің маңызы мен бүгінгі таңда алатын орны туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге қандай талаптар қойылатыны тілге тиек болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайрулин студенттерге мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын міндеттері мен функциялары туралы ақпарат берсе, жастар саясаты мәселелер басқармасының бөлім басшысы – Д.Құлжанов мемлекеттік қызметкерлердің ел дамуындағы үлесі мен рөлі туралы айтып өтті.

Кездесу барысында облысымызда жас болса да бас болып, бүгінгі таңда белгілі бір мекемелерде басқарып отырған жас мемлекеттік қызметкерлер студенттермен ой бөлісіп, еркін сұхбат жүргізді. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері кездесу қонақтарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып ізгі тілектерін білдірді.

 
0
0
535

Шыңғысханнан алты ауыз сөз

1. Егер ұлдар әкесінің жолын қумаса, інілері ағасының сөзін тыңдамаса, күйеуінің әйеліне сенімі болмаса, әйелі күйеуін жүре тыңдаса, енелері келіндерін ұнатпаса, келіндер енелерін құрмет тұтпаса, ұлы адамдар қорғансызға пана болмаса, пақырлар даналар сөзін құптамаса, басшылар қызметкерлерінің жүрегіне жол таппаса, айналасындағы адамдарды соңынан ерте алмаса, игілікті басқа жандардан мол игеріп, байыған адамдар басқалардың да баюына көмектесіп, қол ұшын бермесе, басқа халықтың әдет-ғұрпы мен заңына, ақыл-парасаты мен адамгершілігіне менмендікпен қараса, мемлекет тәртібін мойындамаса, ондай елде ұрылар мен суайттар, қылмыскерлер мен басқа да бұзық жолға түскендер оз отанының басына қара түнек орнатады. Басқаша айтқанда, ол елдің байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді, жылқылары мен табындарының тыныштығы бұзылады, жорыққа мінген аттары зорығып өледі, сөйтіп бүкіл халық түкке тұрмайтын дәрменсіз бейшараға айналады.


2. Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.

3. Момын халықтың арасында жүргенде қошақандай момын бол, ал шайқасқа шыққанда, жемтік көрген аш бүркіттей шүйлік.

4. Сөзді айттың ба, – ол жақсы ма, жаман ба, шын ба, әзіл ме, бәрібір қайтара алмайсың. Сондықтан, сөзіңді безбенмен өлшегендей салмақтап барып айт.

5. Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.

6. Шербеттен ақыл да, пайда да, абырой да, қайырымды мінез-құлық та, адамгершілік те күтпе. Ішуді тастай тыюға жігерің жетпесе, шамаңды байқап, мөлшерлеп ішкін. Мүлдем ішпеитін адам – нағыз қадірлі адам!

-5
0
911

Семей қалалық соты оқуға жұмсалған қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару туралы шешім шығарды

«Қаржы орталығы» АҚ Семей қалалық сотына А.Төкеновадан білім гранты бойынша оқуға жұмсалған 1 024 142 теңге көлеміндегі шығынды өндіру туралы  талап арызбен жүгінген.

http://sud.gov.kz/kaz/news/semey-kalalyk-soty-okuga-zhumsalgan-karazhatty-memleket-byudzhetine-kaytaru-turaly-sheshim

   
0
0
525

Интернет кеңістігінде заңсыз материалдарды таратуға тосқауыл қою туралы

Ақмарал Турабаева,
Бас прокуратура 1-ші Департаментінің
бөлім аға прокуроры

Кейінгі кездері интернет екпінді дамуда және қолданушылардың көпшілігі әртүрлі ақпаратқа қол жеткізіп отырған әлеуметтік желілердің танымалдылығы күннен күнге артып келеді.

Әлеуметтік желілердің танымалдылығымен бірге бүкіл әлемде ауқымды сипатқа иеленудегі экстремистік және террористік идеологияның кеңінен таратылуы  да қарқын алуда.

Бүгінде Қазақстан тұрғындары интернет арқылы діни экстремизм мен терроризм идеяларының негізінен шетелден насихатталуына жиірек ұшырауда.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/internet-kenistiginde-zansyz-materialdardy-taratuga-toskauyl-koyu-turaly

   
0
0
460

2015 жылы Қазақстанда онкологиялық аурулармен сырқаттанған пациенттерге 13 мыңнан аса жаңа сызықтық үдеткіштің негіізінде сәулелі терапия жүргізілді

2015 жылдың сәуір айынан бастап 191 онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарға радиациялық онкологияның жоғарғы технологиялы орталықтары құрылған Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ), Астанадағы онкологиялық диспансердің, Семей қаласындағы аймақтық онкодиспансердің және Ақтөбедегі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті медициналық орталығының  базасында  жаңа сызықтық үдеткіштің негізінде сәулелі терапияның 13292 сеансы өткізілді.

Аталған орталықтар Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдар үшін емдеудің жоғарғы технологиялық әдістерін қолжетімді ету мақсатында ашылған.

Сызықтық үдеткіштерді қолдану пациенттерге ісікке жақын орналасқан сау ағзалар мен тіндерге зақым келтірмей, тек зақымданған ісік ошағын сәулелендіру арқылы сәулелі терапияны ұқыптылықпен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, емдеу курсы қысқарып, қажетті терапевтік тиімділікке қол жеткізіледі.

Онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарды емдеудің жоғарғы технологиялық әдістерін қолдану үшін мамандар әлемнің үздік клиникаларында (АҚШ, Франция) дайындықтан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың наурызында Алматыда ҚазОРҒЗИ-да онкологиялық ауруларды емдеудегі бағдарламалық қамтамасыз ету мен медициналық жабдықтарды шығарудағы көшбасшы болып есептелетін Varian Medical System компаниясының «Truebeam» жаңа сызықтық үдеткіші алғаш рет іске қосылды. Аталған жабдықты сатып алғаннан соң (бір құрылғының бағасы 1,366 млрд. теңге) ҚР онкологиялық қызметі жаңа сапалы деңгейге шықты. Қазақстандықтар республика аумағынан шықпай-ақ, емдеудің жоғарғы технологиялық әдістеріне қол жеткізді.

 
0
0
485

Жас ғалым Кеңесі отырысы өтті

2016 жылдың 29 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас ғалым кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың мақсаты 2016 жылға Павлодар облысының Жас ғалым Кеңесі жұмысының жылдық жоспар жобасын талқылау болды.

Отырыста қатысушылармен Жас ғалым кеңесінің құрамы бекітілді. Сондай-ақ қатысушыларға Дүниежүзілік банк шеңберінде бөлінетін қаржы құралдары туралы айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жазу бойынша 2-3 курс студенттеріне көшпелі семинар тренингтар ұйымдастыру шешімі қабылданды. Жас ғалым кеңесінің мүшелерімен 18 ақпанда ИнЕУ-не және 19 ақпанда ПМПИ-на көшпелі кездесулер жоспарланған.

Мұнан былай, наурыз айының соңында және сәуір айының басында, ғылыми қызметке жас мамандарды тарту мен насихаттау мақсатымен кәсіпорындарға көшпелі отырыстар өткізілетін болады.

 
0
0
1724

Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі

2016 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің  Алматы қаласы бойынша  Департаменті (әрі қарай–Департамент)  мен «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалымен бірлесе отырып, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде  профессорлық-оқытушылар құрамы мен студент жастардың  құқықтық мәдениетін  қалыптастыру мақсатында «Жастардың негізі әлеуметтік саты баспалдақтарындағы  мемлекеттік қызметтің рөлі» атты тақырыпта семинар кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына, сондай-ақ, бірінші реформадағы - қазіргі кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мен мемелекеттік қызмет жүйесін реформалау бойынша нақты әрекеттерді іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Барлық мемлекеттік оның ішінде құқық қорғау қызметкерлеріне жаңа серпін беретін  69 баптан тұратын  «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды.  Заңда қазіргі мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестатаудан өткізу және олардың талаптарын жетілдіру мен жаңа еңбекақы енгізу мәселелері қарастырылған.

Студенттерге мемлекеттік қызметке тұрудың жаңа   шарттары - меритократия принциптерінен тұратын мансаптың өсу үлгісі дәлірек айтқанда алғашқы рет жұмысқа қабылданғандар өз қызметтерін ең төменгі лауазымнан бастау мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Мақсатхан Анапин  үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан   бастап күшіне енген   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы». «Этикалық кодекс», «Қоғамдық кеңестер туралы»,  «Ақпаратқа қол жеткізу туралы»  заңдарға толық түсінікте берді.

ҚазҰЗТУ проректоры Найман Қалабаев  университетте  5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала келе,   өткізіліп жатқан  шараның Ұлттық жоспарды жүзеге асыру мен студенттер үшін  өте маңызды екенін атап өтті.

0
0
874

Жаңа жұмыс жоспары талқыланды

2016 жылдың 28 қаңтарында Жұмыс басты жастар Кеңесінің отырысы өтті. Көшпелі отырыс «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ филиалында өткізілді.

Күн тәртібінде Павлодар облысының Жастар саясаты басқармасының жанындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметі және 2016 жылға Жұмыс басты жастар Кеңесінің іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша мәселелер талқыланды.

Кейін отырыс тәртібінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2» ЖШС Кеңесінің жаңа екі мүшесі Кеңес құрамына таныстырылды.

Сондай-ақ, отырыста Кеңес төрағасы Нұрылдаева Назымгүль «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ филиалында Жұмыс істейтін жастар Кеңесі қызметінің жұмыстары көрсетілген презентациясын қатысушылардың назарына ұсынып, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Отырыс Кеңес жоспары шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру және одан әрі жұмыс жоспарының талқылауымен аяқталды.

 
0
0
725

Баспасөз хабарламасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облыстық департаменті Атырау қалалық қорғаныс ісі басқарма бастығының орынбасары, капитан М.Орынбеков пен мобилизациялық жоспарлау бөлімінің бастығы, капитан Д.Оспанов құрықталды.

Аталған лауазымды адамдар есепке өз уақытында тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау және әскерге шақыру жасының өтуіне байланысты жеке тұлғаға әскери билет беру мақсатында 70 мың теңге пара алғандығы анықталды.

Қазіргі таңда, М.Орынбеков ҚР ҚІЖК 128-ші бабына сәйкес Атырау қалалық ІІБ тергеу изоляторына қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-терсеру амалдары жүргізілуде.

0
0
607