Жаңа жұмыс жоспары талқыланды

2016 жылдың 28 қаңтарында Жұмыс басты жастар Кеңесінің отырысы өтті. Көшпелі отырыс «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ филиалында өткізілді.
Күн тәртібінде Павлодар облысының Жастар саясаты басқармасының жанындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығының қызметі және 2016 жылға Жұмыс басты жастар Кеңесінің іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша мәселелер талқыланды.

Кейін отырыс тәртібінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2» ЖШС Кеңесінің жаңа екі мүшесі Кеңес құрамына таныстырылды.
Сондай-ақ, отырыста Кеңес төрағасы Нұрылдаева Назымгүль «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ филиалында Жұмыс істейтін жастар Кеңесі қызметінің жұмыстары көрсетілген презентациясын қатысушылардың назарына ұсынып, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Отырыс Кеңес жоспары шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру және одан әрі жұмыс жоспарының талқылауымен аяқталды.
