Интернет кеңістігінде заңсыз материалдарды таратуға тосқауыл қою туралы
Ақмарал Турабаева,
Бас прокуратура 1-ші Департаментінің
бөлім аға прокуроры
Кейінгі кездері интернет екпінді дамуда және қолданушылардың көпшілігі әртүрлі ақпаратқа қол жеткізіп отырған әлеуметтік желілердің танымалдылығы күннен күнге артып келеді.
Әлеуметтік желілердің танымалдылығымен бірге бүкіл әлемде ауқымды сипатқа иеленудегі экстремистік және террористік идеологияның кеңінен таратылуы да қарқын алуда.
Бүгінде Қазақстан тұрғындары интернет арқылы діни экстремизм мен терроризм идеяларының негізінен шетелден насихатталуына жиірек ұшырауда.
