Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас ғалым Кеңесі отырысы өтті

2016 жылдың 29 қаңтарында Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас ғалым кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың мақсаты 2016 жылға Павлодар облысының Жас ғалым Кеңесі жұмысының жылдық жоспар жобасын талқылау болды.

Отырыста қатысушылармен Жас ғалым кеңесінің құрамы бекітілді. Сондай-ақ қатысушыларға Дүниежүзілік банк шеңберінде бөлінетін қаржы құралдары туралы айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жазу бойынша 2-3 курс студенттеріне көшпелі семинар тренингтар ұйымдастыру шешімі қабылданды. Жас ғалым кеңесінің мүшелерімен 18 ақпанда ИнЕУ-не және 19 ақпанда ПМПИ-на көшпелі кездесулер жоспарланған.

Мұнан былай, наурыз айының соңында және сәуір айының басында, ғылыми қызметке жас мамандарды тарту мен насихаттау мақсатымен кәсіпорындарға көшпелі отырыстар өткізілетін болады.

 
0
0
1671

Осы тақырып бойынша

Жас ғалым Кеңесі отырысы өтті - Yvision.kz