Баспасөз хабарламасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облыстық департаменті Атырау қалалық қорғаныс ісі басқарма бастығының орынбасары, капитан М.Орынбеков пен мобилизациялық жоспарлау бөлімінің бастығы, капитан Д.Оспанов құрықталды.
Аталған лауазымды адамдар есепке өз уақытында тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау және әскерге шақыру жасының өтуіне байланысты жеке тұлғаға әскери билет беру мақсатында 70 мың теңге пара алғандығы анықталды.
Қазіргі таңда, М.Орынбеков ҚР ҚІЖК 128-ші бабына сәйкес Атырау қалалық ІІБ тергеу изоляторына қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-терсеру амалдары жүргізілуде.