Мазмұнға өту

Жаңа

Бүркітке қатысты атаулары мен жабдықтары

Бүркітті қазақ халқы өте ертеден бері қолға үйретіп, саятшылық жасап келген. Мысалы, 1269 жылы Италиядан шығып қазақ даласын көктей өтіп, Қарақорымдағы Құбылай ханның ордасына барған венециялық саятхатшы Марко Поло өзінің «Әлемдегі қилы оқиғалар» атты кітабында, «далалықтардың әр үйінде бір-бірден бүркіт бар, онымен аң аулайды, саятшылық жасап, бой сергітеді» деп жазады. Мұндағы дерек көзіне жүгінсек, далалықтар, яғни біздің ата-бабаларымыз осыдан сегіз ғасыр бұрын қолына қыран қондырып, саятшылық жасағанын аңғарамыз.

Қазақ құсбегілері бүркітін кез келген уақытта аңға салмайды, оның мезгілі арнаулы мезгілі болады. Сондай-ақ бапсыз құсты аңға салмайды. Егерде құс түз бүркіт болса оны алдымен қолға үйретеді.

Бүркітке қатысты атаулары

1. Бүркіттің басы мен  тұмсығына қатысты атаулар:

Бақабас

Жыланбас

Кекшілбас

Торсықшеке

Тобыршықшеке

Тереңқабық

Айқабақ

Иіржақ

Жыланезу

Қайырылғанезу

Қоңқы тұмсық

Көк тұмсық

Жұқа тұмсық

Қылыш тұмсық

Иір тұмсық

Шығыр тұмсық

Қысқа тұмсық

Құзғын тұмсық

Ержақты қыран

 

2. Бүркіттің көзіне қатысты атаулар:

Жайнаған көз

Шатынаған сары көз

Шырадай жанған көз

Тоғайлы көз

Қанды көз

Шүңірек көз

Қаракөз

Қысықкөз

Құмкөз

Дүзкөз

Жадағай көз

Қандықызыл көз

Ақшегір

Алтыншегір

Жезшегір

Көкшегір

Күрең шегір

Мыс шегір

Қаншегір

 

3. Бүркіттің қанат, құйрық, қауырсынына қатысты атаулар:

Қайқы қанат

Солқылдық қанат

Қарақанат

Жеңіл қағысты қанат

Аққанат

Салқықанат

Алақанат

Сөлбеңқанат

Құлашты қанат

Абдыра қанат

Дөңгелек қанат

Қияқ қанат

Құрт қанат

Көздей құйрық

Аққұйрық

Келте құйрық

Шолаң құйрық

Тарлан құйрық

Ұзын құйрық

Ағаш құйрық

Майысқақ құйрық

Қамыс құйрық

Сауысқан құйрық

Сұңқар құйрық

Ірі құйрық

Доғал қауырсын

Қайқы құйрық

Бүкір құйрық

Бір құйрық

Кір құйрық

Күрек құйрық

Қызыл тарлан

 

4. Бүркіттің саны, аяғы, тұяғы, табанына қатысты атаулар:

Сидасан

Серке сан

Шоқпар сан

Қатты сан

Домалақ сан

Түйірсан

Долана толарсақ

Жуан сіңір

Жуан аяқ

Үкі аяқ

Күшіген аяқ

Қисық аяқ

Ақ аяқ

Сұңқар аяқ

Көк аяқ

Тоғысай аяқ

Көк болатты саусақ

Бытығыр саусақ

Болат тұяқ

Үкі тұяқ

Ұзын тұяқ

Алғыр тұяқ

Қара табан

Бүршік табан

Ақ табан

Сартабан

Ұлар аяқ

Жазық тұяқ

 

5. Бүркіттің өңі-түсі және мамығына (жүніне) қатысты атаулар:

Қара ала

Сары ала

Ақала

Ала

Қарагер

Қоңыр

Көксұр

Құласұр

Қызғылт

Жирен ақиық

Қоңырала

Қара

Шұбар

Ақ

Кесек жүнді

Жапырақ жүнді

Ала жүнді

Тура жүнді

Қияқ жүнді

Қызыл балақ

Қанды қалақ

Қызыл шуда

 

6. Бүркіттің ұлы денесіне қатысты атаулар:

Ұзын құс

Кербез құс

Жапырық құс

Төртбақ құс

Домалақ құс

Қайқы төс құс

Жатаған құс

Шомбал құс

 

7. Бүркіттің мекені мен жалпы сипатына қатысты атаулар:

Алтайдың ақиығы

Қобданың қарагері

Нарынның сарысы

Сауырдың сарысы

Ақбұршақ

Сепелек сары

Мұзбалақ

Шегірпаян

Жанбауыр шөгіл

Мартығұлы қыран

Тақыртірнек

Қара балапан

Шомбыл сары

Көк сарша

Іш жарғыш

Жарық жемсау

Саршолақ

Кершолақ

Майқара

Кербез сары

Қарағайдың қызылы

Балақ сары

Түменнің сарысы

Ақкөз қоңырала

Сукөз қоңырала

Алдамбал қоңырала

Ұзын шуда

Үзбе шуда

Күйсіз  қоңыр

Көлкөз ұршықбас

Қойкөз қызыл

Жатаған сары

Жемайырғыш

Қашаған қара

Қобданың қандыкөзі

Құртырнақ

Шырғашыл

Шұбарбалақ

Жөлер

Туырдықтай сарыала тірнек

Майда қоңыр

Май қара

 

8. Бүркіт сөзіне қатысты антонимдық атаулар:

Қанаттылар ханы

Аспан перісі

Көк тәңірісі

Құс патшасы

Дала сермендесі

Тау тағысы

Қыран

Қолбала

Түз құсы

 

9. Бүркіттің жасына қатысты атаулар:

Бірінші нұсқа

1 жас – балапан

2 жас – тірнек

3 жас – тастүлек

4 жас – ана

5 жас – қана

6 жас – жаңа

7 жас – құм түлек

8 жас – сұм түлек

9 жас – қоңыр түлек

10 жас – кәрі түлек

11 жас – ақ түлек

12 жас – ақырғы түлек

 

Екінші нұсқа

1 жас – балапан

2 жас – хан түбіт

3 жас – тірнек

4 жас – тастүлек

5 жас – мұзбалақ

6 жас – көк түбіт

7 жас – қана

8 жас – жаңа

9 жас – май түбіт

10 жас – барқын

11 жас –баршын

12 жас – шөгіл

Үшінші нұсқа

1 жас – бала

2 жас - қантүбіт

3 жас – тірнек

4 жас - тастүлек

5 жас – мұзбалақ

6 жас - көк түбіт (бозым)

7 жас – қана

8 жас – жаңа

9 жас – оба (обамен үш жыл жүреді)

12 жас - қутүлек. (қутүлекпен үш жыл жүреді).

15 жас – сұмтүлек. (сұмтүлекпен бес жыл жүреді)

20 жастан асқан бүркітті  «Мола» деп атайды.

 

Бүркіттің жабдықтары

 


Томаға. Бүркіттің екі жанарын жауып тұратын, дулыға тәрізді жабдық. Егер бұл зат болмаса, бүркітті алып жүру қолайсыздық тудырады. Кез-келген аңға ұмсынып мазасы кетеді. Томағаны былғары немесе жұмсақ көн теріден жасайды. Терінің майда бетін ішіне келтіріп, тігісін сыртына қаратады. Бүркіттің көзінің тұсын сыртына қарай томпитып, саңылау жасайды. Құстың тұмсығы үстінен ойынды шығарылып, астына тамақбау тағылады. Томағаның төбесіне ілмек айдар кигізіліп, шешкен кезде құсбегі саусағын іліп ұстайтындай оңтайлы жасалады. Төбесіне әшекей күміс құйма орнатылады. Ең бастысы томаға құстың көзі-басын қажамайтын болуы керек. Аңға жібергенде немесе қайыруда отырған кезде томағасын алады.

Аяқбау. Бұл бүркітті тұғырда отырғанда байлап қою үшін арналған құрал. Құстың үлкен-кішілігі мен түрлеріне байланысты балақбау, шолақ аяқбау, тобыпшық, шыжым т.б. түрі мен атаулары бар. Аяқбау құстың екі жіліншігіне байланып, балағын қыспай еркін айналып тұрады. Жұмсақ теріден жасалады. Аяқбауға ұзындығы 1 – 1,5 қарыс жіңішке қайысбау жалғанады. Аңға жібергенде құстың аяқбауын алмайды.

Тұғыр. Бүркіт отыруға арналған жабдық. Биіктігі құс үстіне отырғанда шалғысы жерге тимей тұратындай болуы керек. Тұғырдың 3-4 сирағы болады. Ол тұғырдың орнықты тұруына қолай тудырады. Тұғырдың үстіндетекше табан немесе құсқонары болады. Текше табанды құстың тұяғы білемдей ұстап отырады. Кейбір құсбегілер дәулетіне қарай тұғырды алтын немесе күміспен қаптайды. Құс әбден қартайғанда тұғырда отырып, құлап қала береді. Қазақ құсбегілері: «Тұғырдан әл тайған жоқ» дейтін тәмсілді осындай күйге қатысты айтады.

Саптыаяқ. Бүркітке жем салып беретін ыдыс. Бұл қарағай, терек, қайың сияқты қатты ағаштардың тошынан ойып жасалады. Оны берік болуы үшін малдың майына қайнатады. Сабына қайыс бүлдіргі тағады. Сыйымдылығы 1,5-2,5 литрдей болады.

Шырға. Құсты аңға түсуге баулитын құрал. Бұл аңның бейнесі стилінде жасалады. Оның тұлып, кеп, далбай т.б. атаулары бар. Мысалы, түлкінің терісін бітеу сойып, ішіне шөп тығып, тірі түлкіге ұқсатқан түрін кеп дейді. Шырғаны шыжым бауға орап алып жүреді. Оны сүйретіп жүріп құсты баулиды. Ал, уақыт өте келе жас құсты аузы байланған тірі аңға салып баулиды. Оны тірі шырға дейді. Ұшып кетіп адасқан құсты қайтару үшін де шырғаны пайдаланады.

 

Түтік. Бүркітті қайырып баптаған кезде пайдаланатын құрал. Бұл ұсақ малдың немесе үлкен құстардың (тырна, қарақұс т.б.) жіліншігінен жасалады. Кейде өзегі бар жіңішке түтік ағашты да пайдаланады. Ұзындығы – 30 см шамасында. Түтіктің екі басын тұжырып, сыртын егеп, майдалап, өңдейді. Өзегін жұмсақ сыбызғы өзегі тәрізді етіп жасайды. Түтікті пайдаланып семіз құстың ішін шаю, салқындату, ішін тазалауға, саңғытуға қолай туғызады. Ол үшін түтіктің бір басын бүркіттің өңешінен жемсауына қарай жүгіртіп, екінші сыртында тұрған басынан салық су немесе қара шай құйып құстың ішін шаяды.

 

Аяққап. Суық күндері немесе қарлы сонарда бүркіттің саусақ-тұяқтарын мұздап, үсіп қалудан сақтйатын һәм аңның жұмсақ терісінен тігілген жабдық. Әрі әккі аңдардың бүркіттің тырнағын шайнап тастауынан да қорғайды. Аяққапты көбінесе қолбала құсқа алғашқы жылы кигізіп баулиды. Аяққапты төрт саусаққа бірдей етіп, кейде жеке-жеке әрбір саусаққа арнап, қолғап сияқты тігеді.

Иыққап. Бүркіттің екі иығын басып арқасын орай байлап қоятын құрал. Бұл жабдық бүркіттің топшысын суықтан қорғайды. Топшысы тоңазыған құс аңға түскенде әлсіздік танытады. Тіпті «құрт қанат» дейтін дертке шалдығуы да мүмкін. Суық өңірдің құсбегілері иыққапты киізден тігіп, қалың матамен тыстап, түрлі ою-өрнекпен әшекелейді. Оны пішініне қарай: жауырынтақ, иыққап, жабасалма, қосақтаулы қап т.б. түрге бөледі.

Таңдай ағаш. Бүркітті үздіксіз піштактай беруден (дауыс шығарудан) сақтайтын құрал. Кәнігі аңшылар бүркіттің дауысын естіп аң қашып кетпес үшін бүркіттің таңдайына ағаш салып алып жүреді. Оны таңдай ағашдейді. Бұл құрал құстың тұмсығымен мөлшерлес ағаштан жонып жасалады. Ұшына ноқта бау тағылған қалақ тәрізді болып келеді. Таңдай ағашпен құсбегілер құстың таңдайын басып, ноқталығын тұмсығына кигізіп қояды. Бүркіт дауыс шығара алмай тыныш отырады.

Құндақ. Бүркіттің денесі толық сиятындай етіп жасалған құндақ бесік. Оны талдан иіп астау тәрізді топсалы етіп жасайды. Ішіне киіз төсейді. Құсты орап тастау үшін тартпа баулары болады. Ол құсты тоңып қалудан әрі қанат шалғыларының зақымдануынан сақтайды. Алысқа сапар шеккенде бүркітшілер құсын бала сияқты құндаққа бөлеп алып жүреді.

Биялай. Бүркітші оң қолына киетін, жеңі шынтаққа дейін жалғасқан, берік теріден жасалған қолғаптың түрі. Биялайдың ұзындығы 50 см, ал кеңдігі ішіне қысқы киімнің жеңі сыйып кең болуы шарт. Оны түйе, өгіз, тау ешкінің қалың мойын терісінен жасайды. Терінің түкті бетін ішіне қаратып, әрі қалың киізбен қоса астарлайды. Құсбегі құсын биялай киген соң барып қолына қондырады. Асау құс биялайды қысып ұстағанда өткір тырнағы өтіп кетпеуі қажет. Биялай жақсы болса құс орнықты отырады.

Балдақ. Құсты аттың үстінде алып жүргенде қол талып шаршамас үшін қолданатын құрал. Ұзындығы 2-3 қарыс, айыр ағаш таңдап алынады. Айыр ашасы биялай киген қол толық сыйып тұратындай кеңдеу келеді. Қолды ұстайтын ашаны жұмсақтап төсеніш салады. Оны кепіл деп атайды. Тау текенің мүйізін иіп жасаған мүйіз балдақтарда кездеседі. Балдаққа әртүрлі өрнек салып әшекейлейді. Балдақтың екінші басы доғал болып келеді. Оған қайыс бүлдіргі орнатып, ердің оң қапталына байланады. Құсбегі биялайын киіп, оған құсын отырғызып, атына мініп, құс отырған қолын ердің қапталындағы балдаққа салып аңға шығады.

Қатыр. Құс аңға түскен сәтте, ірі аң құсты жарақаттап тастамас үшін тез өлтіруге көмектесетін құрал. Оны қарақұйрық, жирен, бөкен тәрізді қоңыр аңдардың мүйізінен үшкірлеп жасап, сабына бүлдіргі тағып алып жүреді. Құс аңды ілген сәтте артынан тез жеткен иесі осы үшкіл құралды аңның құлағына бойлата сұғып жібереді.

Жемқалта. Аңға алып шыққан бүркітке жем беру үшін ішіне ет салып алып жүретін дорба. Көлемі 20х25 см. Сәндік үшін оюлап, кестелеп қояды. Егер де құс аңға түспей айнып кеткен жағдайда жемқалтадағы етті көрсетіп шақырып алады. Жемқалтаның іші таза болуы керек. Құсбегілер қалтаға түлкі немесе қоянның дәмді сан етін салып жүретіндіктен кейде «құнарқалта» деп де атайды.

Жеңсебұрау. Аңшылар бүркіттен қашып таяз інге кіріп кеткен түлкі, қарсақ, мәлін сияқты аңдарды жеңсебұрауды пайдаланып іннен алып шығады. Жеңсебұрау айыр ағаштан жасалады. Оны інге жүгіртіп, ішіндегі аңның денесіне тигенде бұрайды. Бұралған айыр ағашқа аңның жүні байланып, сыртқа қарай тартқанда бірге сүйреліп шығады.

 

Материалды дайындау кезінде интернеттің ашық көздерден алынған ақпарат пайдаланылды.



-4
0
16307

Б. Нұрымбетов: «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын азаматтар санатын кеңейтуге мүмкіндік береді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов жуырда Парламент Сенатында ұсынылған «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасының нормаларын түсіндіруге арналған брифингте мәлімдеді.

Ол аталған заң жобасының Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын еске салды. Құжат сапалы еңбек нарығын құруға және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын кеңейтуге бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің тәжірибелері зерделенді.

Заң нормаларын түсіндіре келе, Біржан Нұрымбетов азаматтар үшін ең маңызды новелла -  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын тұлғалар санатын кеңейту мен осы шараларды саралау болып табылатынын атап айтты.

«Заң жобасында белсенді жұмыспен қамту шаралары әрқайсысы үшін азаматтардың басым санаттары белгіленгені өте маңызды. Кәсіби оқыту шараларына жұмыс іздеп жүрген азаматтар, жұмыссыздармен қатар, еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеп жүрген тұлғалар бағытталады. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыз азаматтарға беріледі. Жастар практикасына 29 жасқа дейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің арасындағы жұмыссыздар бағытталады. Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздармен бірге, студенттер мен жазғы демалыс мерзіміндегі жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, кәсіпорынның жұмысы тоқтатылып қалған уақытында жұмыспен қамтылмаған азаматтарды орналастыру ұсынылады. Сонымен қатар, заң жобасы мүгедектерді, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтар мен интернаттық ұйымдардың кәмелет жасына толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін квота бөлуді қарастырады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Вице-министрдің пікірінше, заңнамаға енгізілетін тағы бір маңызды жаңалық - жаңа Еңбек Кодексіне сәйкес, экономикалық негіздеме бойынша жұмыстан босатқанда, қызметкерлердің санын немесе штатты қысқартқанда, жұмыскерлерді жаппай қысқарту, яғни, кәсіпорын жұмысын тоқтатқан немесе банкротқа ұшыраған жағдайда, 4 айдан 6 айға дейін жұмысын жоғалтқанда әлеуметтік төлемдер уақытын ұзарту болып табылады.

Осы шараларға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар аударылған адамдар үшін, сол сияқты аударымдары жоқ адамдар үшін: тегін консультация және кәсіби бағдар беру; сондай-ақ: білім беру қызметтеріне, стипендия төлеу, тұру және жолақы шығындарын өтеуді қамтитын материалдық көмек шығындарын толық өтей отырып, оқуға жіберуге; бюджет қаражаты есебінен еңбекақысын толық субсидиялай отырып 6 айға дейін жастар практикасына бағыттауға; жалақысын жұмыс беруші белгілеген еңбекақы мөлшерінің 35 пайызына дейін (бірақ ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде) 1 жылға субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу; егер адамның немесе отбасындағы әрбір мүшеге отбасының табысы белгіленген кедейлік шегінен аспаса, атаулы әлеуметтік көмек көрсету; мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар аудару көзделуде.

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»  ҚР Заңына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жұмысқа жарамды азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана беріледі. Жұмыссыз азаматтар мен жұмыспен қамту орталықтары арасында әлеуметтік келісімшарт жасалатын болады. Тұлғаларға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қажет болған жағдайда қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі», - деп атап айтты Біржан Нұрымбетов.

Сонымен бірге, заң жобасы жұмыссыз статусын беру процедураларын өзгертуді ұсынады.

«Жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші адам статусы беріледі. Жұмыс іздеп келген азаматқа 10 күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын  іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалады. Ұсынылып отырған тәсіл жұмыссыздарды немқұрайлы тіркеуді болдырмауға, олардың жауапкершілігін арттыруға негізделген. Жұмыспен қамту мәселелерінде тек мемлекет қана емес, жұмыссыз азаматтар да мүдделі болып, белсенділік танытулары керек», - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов. Ол халықты жұмыспен қамту орталығы әрбір жұмыссыз азамат үшін жұмысқа орналастыру жеке картасын жасайтынын да хабарлады.

Еңбек нарығындағы өңірлік сәйкессіздіктерді жою мақсатында Заң жобасында әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендердегі азаматтарды жұмыс берушінің талаптарына сай әлеуеті жоғары елді-мекендерге, сонымен қатар, «Көші-қон туралы» ҚР Заңына сәйкес, аймақтық қоныс аударушыларға берілетін квоталар аясында ҚР Үкіметі белгілеген аймақтарға тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында ерікті қоныс аудару ісін жандандыруға негізделген жаңа шара қарастырылған.

Жұмыспен қамту орталықтары қызметтерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұсынатын қызметтерімен қайталанбауы үшін азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға бағыттау бойынша барлық өкілеттілігі жұмыспен қамту орталықтарына беріледі. Олардың көрсететін қызметтері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағыдай «бір терезе» қағидасы бойынша құрылып, жұмыс берушілермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен белсенді жұмыс істеуге бағытталатын болады.

Сонымен бірге, еңбек нарығының көрсеткіштерін өлшеудің халықаралық стандарттарына көшу қарастырылған:

- біздің статистикалық деректерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге;

- әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың санын нақтылауға, қажет болған кезде оларға өз қызметін заңдастыру үшін жәрдем көрсетуге;

- өзі тұтыну үшін өнім өндірумен айналысатын адамдардың санын нақтылауға және мәлімдеген мәртебеге қарай оларға атаулы мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы жұмыс берушілердің жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру шараларына, кәсіподақтардың тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуын реттейді.

 
0
0
429

Жүректерді жылыта жүрейік

Жұмыстан келе жатқан бетім. Көшенің бұрышында бір әжей шырша ойыншықтарын сатып отыр екен, – деп жазады өткен жолы ға­ламтордағы танысым. – Жақындап қарасам, Кеңес заманындағы шыны ойыншықтар. Аяз Ата мен Ақша­қардың мақтадан жасалған мүсіндері де бар. «Үлкенін 300, шағынын 200 теңгеге беремін» дейді кейуана. Суықтан домбығып кеткен қолда­ры­мен әрқайсысын аялай ұстап, маған ұсынды. Ұқыптылықпен сақтаған дүниесі екені көрініп тұр. Біздің үйде шырша жоқ. Әрі-беріден соң, жаңа жылдың да басталғанына айдан асты. Сонда да әлгі қарттың алдындағы заттарды түгелдей қорабымен сатып алдым. Ол кісінің алақан жайып, қайыр сұрамай, адал нәпақа табуға тырысқан ниетіне сүйсіндім…

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар: http://www.astana-akshamy.kz/?p=31362

2
0
343

Әрбір үшінші астаналық кәсіпкерлікпен айналысады

Кеше Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Малика Бектұрова қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шығып, бизнес саласына қатысты толғандырған сауалдарына жауап берді. Әңгіме барысында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде кәсібін енді бастаған азаматтарға қолдаулар жөнінде көптеген мәселелер сөз болды.

1
0
279

Сұрмерген

Төлеуғали Әбдібековтің асқан атқыштығы аңызға айналып, немістер оған қарсы ең үздік мергендерін салатын 
Елдің атын ер шығарады.

Бала кезімнен есімде, Ұлы Отан соғысының сұрапыл ауыртпалығын бастан өткерген біздің елдің ұраны «Ешкім ұмыт қалмайды, ештеңе ұмытылмайды» деу болатын. Алайда соғыс тарихының ақтаңдақ парақтары мұның да жел сөз екенін ауық-ауық жаңғыртып жадымызға салады. «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы» атты 1985 жылы Мәскеуден жарық көрген соғыс энциклопедиясында бұл кісінің есімі мүлдем жоқ. Нағыз қаһарманның әлі күнге өз еліне елеусіз, белгісіз солдат болып қала бермегі қалай?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында совет халқының фашистік басқыншыларға қарсы соғысын қасиетті соғыс деп атап: «Жеңістің біз үшін қаншалықты қымбатқа түскенін бәріміз де жақсы білеміз», – деп жазады. Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған «Панфиловшылар» атты кітапта Т. Әбдібековтің есімі жинақтың ең соңындағы – «Құраманың ескерткіш күнтізбесі» атты соғыс хроникасында екі жерде жай ғана аталынып өткен: Т. Әбдібеков 400-ге жуық фашисті жойды және қаза тапқаны туралы дерек. Панфиловшылардан 34 жауынгер Совет Одағының Батыры атанған. Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен аты шыққан бұл адамның туысымыз екенін бұрыннан білетінмін. Бірақ етжақын туыс екенін «Страна и Мир» газетінде (№ 7. 18.02.2000.) орыс тілінде жарық көрген «Снайпер Тулеугали» атты деректі мақаладан өз ата-бабамның нақты есімдерін оқып білгенде қайран қалғаным рас. Авторы – тарих ғылымдарының докторы Тілеу Көлбаев: «О Тулеугали Абдыбекове на всех фронтах ходили легенды, фашисты боялись его и называли «черной смертью». За свои ратные подвиги он должен был стать трижды Героем Советского Союза». Т. Әбдібеков батыр мәртебесін қатарынан үш мәрте алуға лайық ерлік көрсетсе де, белгісіз солдат тағдырын құшып, есімі әлі жабулы күйінде жатыр. Сол алапат соғыс біткеніне 65 жыл таянса да марқұмның рухы қапаста жатыр. Т. Әбдібековтің асқан атқыштығы аңызға айналып, немістер оған қарсы ең үздік мергендерін салатын. Соңына мықтап түскен қарсылас жақтың атқыштарын жасырын жекпе-жекте Төлеуғали бір-бірлеп құртып отырған. Аңдысқан жау алмай тынбайды, ол 1944 жылдың 23 ақпан күні 26 жасында қаза болған, сүйегі Калинин облысының Новосокольнический ауданының Насва станциясының түбінде жерленген.

Толығырақ оқу

1
0
1168

Қызылордалық полицейлер 18 ақбөкенді атып алған аңшыларды құрықтады

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында 2016 жылғы 30-31 қаңтар аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықтылды. 
Атап айтқанда, 31.01.2016 жылы сағат 16:30 шамасында Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында, көліктің салонынан 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы және 172 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Оқиға орнына тексеру жүргізу кезінде, сексеуіл бұталарының арасына жасырылған аяқтары кесілген 18 дана ақбөкен аңына ұқсас өлі жануардың денесі алынды. Оқиға орнынан 20, 28 және 29 жастағы 3 азамат ұсталды.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сезікті азаматтардың кінәлары толық дәлелденген жағдайда, оларға қатысты заңсыз аңшылық дерегі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
348

«Девушка из Дании» — жаманнан жиренуді үйрететін фильм

Қазнеттің диагнозы бар сияқты. Мұндағы халықта цензураның бір елесі бардай. Дүниенің жақсысын аламыз да, жаманын қабылдай алмаймыз, қабылдау деп оны терең біліп, теріс екенін ұғынуды айтамыз. Ал ұғыну үшін оны назарға алмай немесе жамандамай емес, түсіну керек шығар? Сондықтан неден жиренетінімізді білуіміз абзал.

"Дат қызы" (меніңше аударма қате, "Дания қызы" болуы керек - "Девушка из Дании") фильмін көріп, бір-екі ауыз сөз айтқан адамға фейсбукте жабыла кеткен намысқойларды байқадым. Сөйтсе, олар осы фильмді көрмеген де. Білмей-көрмей көпіре беру санасыз адамның ісі емес пе еді? Сондықтан, фильмді көрген адам ретінде өз ойымды айтуға рұқсат етіңіздер.

Мен бұл фильмдегі бас кейіпкер үшін уайымдамадым, оған жақтаса да алмадым. Ауытқуы бар адам деген оймен қарадым. Қиын жағдайға тап болған кейіпкер қоғаммен алыспайды, сол заманда қоғамның оған қалай қарайтынын, көзқарасын білгіңіз келсе оны екі ер адамның көшеде ойда жоқта ұрып-соғып кетуі туралы үзігінен-ақ байқауға болатындай. Ол түсінікті, мораль, ар-намыс бірінші кезекте.

Ал Эдди Редмэйннің кейіпкері қиналса, іштей қиналады, режиссер оның ой-ауанын жеке адамның қайғысы ретінде көрсетеді. Қоғаммен қақтығыс, одан қалды тайталас болған жоқ. Актердің роль сомдау шеберлігін, фильмнің өмірде болған оқиға бойынша түсірілуін, операторлық және дыбыс жұмысының "Оскарға" арнайы жазылғандай болуын есепке алсақ, фильм сәтті шыққан.

Мәселенің төңірегіне келдік-ау. Меніңше, фильм "Оскар" сыйлығын алуға лайық, Эддиге де екінші рет болса да киножүлдені беруге қарсы емеспін (Леоға "жер хабар бермесін"). Ал осындай фильмді батыстың насихаты деуге бола ма? Болмайды. Бірнеше елдің бірігіп түсірген көркем картинасынан қашу, ұмыту, назарға ілмеу сияқты әрекеттер - қоғамның жаһанның сынына дайын емес екенінінің көрінісі.

0
0
508

«Ашық жүрек» акциясы бастау алды

Жастар бастамаларын дамыту орталығында қаңтар айынан бастап «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отырғанымен, жыл соңына дейін жалғасын табады. Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері және санаторилерінде өткізу жоспарланған.

Алғаш «Ашық жүрек» акциясы Павлодар облыстық туберкулезге  қарсы диспансерінде  ұйымдастырылды. Жастар бастамаларын дамыту орталығы аталған мекемедегі тәрбиеленушілерге естен кетпес күн сыйлады. 80 ге жуық 3 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектер түрлі тренингтерге қатысып, домбыраның үнімен ән тыңдап, испан биін тамашалап, көңіл көтерді.

Балалар үшін ең қызығы сыйлықтарды табыстау рәсімі болды. Мейірімді павлодарлықтардың арқасында тәрбиеленушілер осындай бақытқа бөленді. Орталыққа әкелген түрлі сыйлықтар, кітаптар кеңпейілді жандардың  атынан табысталды.

Егер Сіз сәбиге бақыт сыйлағыңыз келсе «Ашық жүрек» акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Біздің мекен-жайымыз:  Ломов көшесі,103 кабинет.

Байланыс телефоны: 66-12-45

 
0
0
800

«Ашық жүрек» в действии

Стартовала благотворительная акция «Ашық жүрек», организаторами которой стал  КГУ «Центр развития молодежных инициатив».

Акция проводится впервые, но выезды запланированы до конца года в санатории, детские дома и в деревни семейного типа.

Первыми ощутили на себе радость благотворительной акции «Ашық жүрек»  дети из «Павлодарского областного противотуберкулезного диспансера».

Представители Центра устроили воспитанникам яркую и насыщенную программу. Около 80 воспитанников в возрасте от 3 до 16 лет  активно участвовали в тренингах, проводимых психологом, а после дети увлеченно смотрели музыкальное представление, в  программе которого был как испанский зажигательный танец, так и завораживающие звуки домбры.

Но самой  главной  и интересной частью  акции стало для детей вручение подарков. Ребята получили незабываемый восторг, благодаря неравнодушию людей, которые приносили разные игрушки, спортивный инвентарь, настольные и развивающие игры, книжки  и многое-многое другое в Центр.

Если вы хотите также доставлять радость всем детям, то напоминаем Вам, что благотворительная акция «Ашық жүрек» длится до конца года. Каждый из вас может стать участником этой акции, и сделать ребенка счастливее. Все что от вас нужно – это прийти в Центр, расположенный по адресу Ломова 38, кабинет 102.

Пусть наши сердца будут открыты только для добрых дел!

     
0
0
345

ҚР ДСӘДМ-де Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру Жол картасы жасалды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Ол өз сөзінің басында Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отырғанын еске салды. Президент «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 16 қарашада қол қойды.

«Бүгінгі таңда «МӘМС жүйесін енгізу туралы» жобасын жүзеге асыру Жол картасы жасалып, бекітілді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініің қызметкерлері мен мүдделі құрылымдар мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылды. Oxford Policy Mаnаgement пен Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары шақырылды.  2016 жылдың ортасына қарай ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің базасында Медициналық сақтандыру әлеуметтік қоры құрылатын болады. Оның ұйымдастыру-құқықтық формасы – коммерциялық емес акционерлік қоғам. Қордың құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстанның Үкіметі болмақ», - деп хабарлады Елжан Біртанов.

Сонымен бірге, Вице-министр Қазақстанда енгізіліп отырған медсақтандыру жүйесі үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде жасалғанын атап айтты. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7% құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%-ға, 2023 жылдан 6%-ға, 2024 жылдан  7%-ға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5%-ын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2%-ды, 2018 жылы 3%-ды, 2019 жылы 4%-ды, 2020 жылы 5%-ды құрайтын болады.

Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2%-ын құрайтын болады, аударым 2019 жылы 1%, 2020 жылдан бастап 2% болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7% құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 7% болады.

Жұмыс берушілердің жарнасы корпоративтік табыс салығын есептегенде, қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарналары табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

- балалар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі  «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

- мүгедектер;

- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

- интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;

- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар;

- бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;

- жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар;

- зейнеткерлер;

- ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер;

- уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар жатады.

«Жұмыс берушілер аударымы 2017 жылғы 1 қаңтардан, қордан қаржыландыру 2017 жылғы 1 шілдеден басталады. Жарналардың қажетті көлемде аударылуы салық органдарының құзырында болады. Жарналарды төлемеу және одан бас тартқан жағдайда айыппұл төлеу қарастырылған», - деді Елжан Біртанов.

Азаматтың медициналық сақтандыруын тексеру үшін медициналық ұйым қызметкері оның ЖСН нөмірін бірегей электрондық дерекқорға енгізу арқылы біле алады. Егер жарналары төленіп отырса, онда ол сақтандыру ұсынатын барлық қызметтерді қолдана алады. Егер болмаса, онда ол адамға медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көмек көрсетіліп, басқа шығындарды өз қаражатынан төлейтін болады.

«МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмек көлемі қорға енгізілетін жарна сомасына тәуелді емес екенін атап айту керек. Аударымдардың уақытылы төленіп тұруы жеткілікті. Көмек көлемі еңбекақыға байланысты емес. Біреуі ай сайын 5 мың төлесе, енді бірі 25 мың төлеуі мүмкін. Ең бастысы, екеуінің де төлеуші болып табылатыны және ауруханаға түскен жағдайда екеуі де бірдей қызмет түрлерін ала алатындығы. Әлеуметтік әділеттілік қағидасы деген осы», - деп атап айтты Вице-министр.

Брифинг соңында Елжан Біртанов сарапшылардың болжамы бойынша МӘМС-ті енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетінін, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болатынын мәлімдеді. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылады:

Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел-жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік мәні ауруларға, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

2020 жылға дейін өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттің есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екіншісі – жаңадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.

Аталмыш пакетті алу құқығы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

Жоғарыда аталған пакеттерге қосымша, ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасаған келісімшарт негізінде алатын болады.

 
0
0
382