ЖОО студенттерімен кездесу
2016 жылдың 3 ақпанда «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында облысымыздағы жас мемлекеттік қызметкерлермен студенттердің кездесуі өтті.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман демекші, болашақта осы салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға мемлекеттік қызметтің маңызы мен бүгінгі таңда алатын орны туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге қандай талаптар қойылатыны тілге тиек болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайрулин студенттерге мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын міндеттері мен функциялары туралы ақпарат берсе, жастар саясаты мәселелер басқармасының бөлім басшысы – Д.Құлжанов мемлекеттік қызметкерлердің ел дамуындағы үлесі мен рөлі туралы айтып өтті.
Кездесу барысында облысымызда жас болса да бас болып, бүгінгі таңда белгілі бір мекемелерде басқарып отырған жас мемлекеттік қызметкерлер студенттермен ой бөлісіп, еркін сұхбат жүргізді. Жоғарғы және арнаулы оқу орындарының студенттері кездесу қонақтарына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып ізгі тілектерін білдірді.

