Дайындық артық болмайды.
Ақпан айының 11 жұлдызы күні Жастардың бейімділігін дамыту орталығында (ЖБДО) еліміздің бас қаласында - Астанада өтетін халықаралық көрме ЭКСПО-2017 туралы іс-шара өтілді. Шараны ұйымдастырушылар "Жас Отан" ЖҚ Екібастұз қалалық бөлімшесі және Жастардың бейімділігін дамыту орталығы. Аталып өтілген іс-шараның негізгі мақсаты: қаланың белсенді жасөспірімдерінің арасынан волонтерлерді тандап іріктеп алу, сондай-ақ Қазақстанды әлемге танытатын ауқымды көрменің тарихы мен елімізге әкелетін үлесі туралы мәлімет беру. Бұл іс-шараға ИнЕУЕК, ЕПК, ЕГТК, ЕМК, ЕИТИК, ЕИТИ сияқты қаланың жоғарғы және арнайы оқу орындарының белсенді студенттері қатысты. Отырыс барысында ЭКСПО жайлы деректі фильм көрсетіліп, баяндамалар оқылды.




Мұндай іс-шарының өтілуі жастардың белсенділігін арттылуына және өз еліне деген патриоттық сезімнің оянуына септігін тигізетіні сөзсіз.
