Алматы қаласы Наурызбай ауданының активі мемлекеттік қызметкерлерге арналған мемлекеттік қызметтің жаңа моделін талқылады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай Департамент) Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінде «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби мамандар» атты дөңгелек үстел өткізіп, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы презентация жасады.
Департамент өкілі Бақытбек Әлішов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің басты міндеттері мен мақсаттарын түсіндіріп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 153 Жарлығымен бекітіліп, 01.01.2016 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілірдің қызметтік әдеп қағидалары) презентация жасады.
Наурызбай ауданының әкімінің орынбасары Балтөре Пралиев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жаңа әдеп кодексі аудандағы әрбір мемлекеттік қызметшілірге жеткізіліп жатқанын айтып өтті.
Наурызбай аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мәдениет Қаркенов меритократия принциптерімен құрылып және дамып жатқан қазіргі мемлекеттік аппараттың тиімділігімен қоғам алдында есеп беру жайларына тоқталып, Кеңестің жас мемлекеттік қызметшілерге патриотық тәрбие беруде зор үлес қосып отырғанын жеткізді.
Кәсіпкерлер өкілі Ләззәт Сабралиева «Жаңа кәсіби стандарт – отандық кәсіптің тиімділігінің кепілі» тақырыбында, академиялық қоғам өкілі Венера Мұқаманова «Адам капиталы қазіргі кәсіби мемлекеттік аппараттың негізі» тақырыбында баяндама жасады, ал азаматтық қоғам өкілі Жанна Иманбекова мемлекеттік қызметті кәсібилендіру мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың туралы жолы екенін айтып өтті.
Дөңгелек үстел барысында, 01.01.2016 жылы күшіне енген жаңа заңдар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілірдің қызметтік әдеп қағидалары) кәсіпкерлер өкілдерімен, академиялық және азаматтық қоғам өкілдерімен қызу талқыланды.
