Студенттермен профилактикалық кездесу
2016 жылдың 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің құрылыс және мұнай-газ факультеттерінің студенттерімен кезекті кездесу өткізді.
Кездесуге колледж басшылығы, оқытушылар және Департамент өкілі М.Харесова қатысып, мемлекеттік қызмет істері органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатырған профилактикалық жұмыстары жөнінде түсіндірді. Студенттер өмірлік жағдайларды шешіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Шара соңы колледж студенттерінің концерттік бағдарламаларымен аяқталды.
