Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-да мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары талқыланды

2016 жылдың 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинардың мақсаты мемлекеттік қызметті реформалау кезінде мансаптық модельге ауысу және мемлекеттік аппаратта кадрларды іріктеу мен олардың өсу механизмдерінің өзгеруі. Осы процесстер меритократия және жариялылық принциптерінде негізделу болып табылады.

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин төрағалық еткен семинар-кеңестің жұмысына облыс әкімі аппаратының басшысы М.Тоғжанов, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Ә.Серғалин, халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі және облыс, қала және аудан әкімі аппараттары басшылары мен персоналды басқару қызметінің басшылары, жергілікті атқарушы және  орталық аумақтық мемлекеттік мекемелері, облыс, қала және аудандық мәслихаттар аппараттары және тексеру комисссиясы, қалалық дербес бөлімдері, қала кенттік округі әкімі аппараттарының персоналды басқару қызметінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет өткеру жұмысы туралы және мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құрудағы қадамдар (өзгерістер), мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелері, мемлекеттік жергілікті органдарының персоналды басқару тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін іске асыру туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бағытындағы шаралар , мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, мемлекеттік бақылау қағидалары туралы мәселелер талқыланды.

Департамент басшысы көптеген мәселелерді көтеріп, түсіндірумен қатар, жаңадан қабылданған «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мемлекеттік қызметте жаңа көзқарас белгілеп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін және осы бағытта шаралар жүйелі және кешенді болып, кадр саясаты, әдептілік, қызметкерлерді үәждеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағыттарынан құралу керек екенін атап өтті.

Семинардың қорытындысында үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, қабылданған барлық заң мен заңнамалар, мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асырудағы қадамдардың басы екендігі айтылды.

Семинарға қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

 
0
0
469

Осы тақырып бойынша

БҚО-да мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары талқыланды - Yvision.kz