Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үкіметтік емес ұйымдардың презентациясы өтті.

15-тен астам жас үкіметтік емес ұйым өкілдері Павлодар қаласының студенттері мен оқушыларына өздерінің қызметтері жайында презентация өткізді. Кездесу 11 ақпанда Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті.

Презентация өткізудің негізгі мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге қатысуға шақыру, әлеуметтік-белсенді жастардың қамтылуын кеңейту, жастарды өз қатарына тарту болды.

Кездесуді жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Н.В. Нефедова алғы сөзімен ашты. Өз сөзінде жастар саясаты 2016-2020 жылдарға арналған «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік тұжырымдамасының екінші бөлімін жүзеге асыруға кіріскенің айтып кетті.

Презентацияға «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстанның скауттық ұйымдарының қозғалысы» ҚҰ, «Шығармашылық жобалар отралығы», «Жастар жобаларының Павлодар Лигасы» ЖҚБ, «Павлодар облысының Қазақстан жастар конгресі» ҚҚ, ҚХА Жастар қозғалысы, «ТаңдауФаундейшн» ҚҚ, «Павлодар географиялық қоғамы»  ҚҰ, «Жасыл Ел», «Промень» ЖҚБ және т.б. қатысты.

Презентация белсенді жастардың қоғамға жағымды әсер ететінің, республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, қоғамдағы тұрақталықтың сақталуына, өңірдің табиғи мұрасын насихаттауға және т.б. көмек көрсететінің көрсетті.

Ақпаратты ұсынған,

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.

 
0
0
1062

Осы тақырып бойынша

Үкіметтік емес ұйымдардың презентациясы өтті. - Yvision.kz