Мазмұнға өту

Жаңа

Позитивті пост :)

Әрине өмір ғажапқа толы. Бұған күмәнданушы болма, құрметті оқырман! Қиындық және арпаласумен өткен күнің бір сәтте-ақ көзіңе әдемі көрініп кетеді. Бұл физика немесе химия емес. Кенет жұмыстан шаршап үй табалдырығын аттаған сәтте анаңның күлімдеп тұрып, келдің бе құлыным, кел шәйға дегенін естіп, басыңды қатырған проблема бір мезетте жоқ боп кеткенін байқағандай боласың. Анаға жетер асыл бар ма? Ал оның нұрлы жүзі барлық дерттің антибиотигі секілді. Тату-тәтті отбасыңмен дастрхан басында шүркілдеп «әңгімелетесін». Іштей мұндай бақыт баршаға бұйырмағанын біліп тәубелеп отырасың. Балалы болсаң ол да бір қуаныш. Баланың тілі бал, ал күлкісі тіпті қақ төбеңнен нұр боп жауады. Соңына ұрпақ қалдыру, оған тиісті, дұрыс тәрбие беру – фәнидің мәні деседі. Яғни бұл да әрбір пенденің қолынан келе бермейді. Маңдайыңа жазылған, Құдай қосқан жарыңның да күлімдеген жылы жүзі жүректі әп-сәтте ерітіп жібереді. Кейде өзің де байқамай, қиялдап кетіп, сұп-сұлу жолдасыңды елестетіп, өз алдыңа ыржиып жүресің кейде. Бұл да ғажап қой. «Не ексең, соны орарсың» деп бекер айтпаған. Өз жақындарыңды қорғап, оларға күтім жасап, жақсылығыңды аямайтын алақаны ашық жан болсаң, күллі әлемнің кереметі алдымен сенің жүрегіңе, кейіндеу сенің айналаңа да тарай бастайды. Алланың рақымы шексіз! Барлық таңғажайыпқа лайық болу өзіңнің қолыңда екенін ескер. Әрқашан көңілді болуға тырыс. Жақындарыңды бағалай біл. Жүрек лүпілін тыңдасаң не қалайтыныңды ұғасың. Ал оның орындалуына құдіретті күш әсер етеді. Қорықпа, досым! Бастысы «джәмән» адам болма ;)

 
0
0
932

Бастык Болу Оңай ма?

Адам баласы бастық болуды армандайды, бірақ бастық болудың астарында қандай өзгешіліктердің жатқанына аз адам көңіл бөледі. Бұл ерекшеліктермен танысу үшін бастық болудың анықтауына назар аударған дұрыс. Бастықтың негізгі қызметі - жұмысшыларын ынталандырып, солармен қатар бір мақсатқа жету. Осы әрекеттерді жоғары денгейде орындай алу үшін, адамның келесі қасиеттері болу керек: жауапкершілік, адамдармен тіл табысу және шешендік өнер.

 

Біріншіден, әр жұмысшы өзінің орындаған жұмысына жауапты болу керек. Қарапайым жұмысшы болсын, бастық болсын, бұл қасиет барлығына керекті, өйткені жұмыстың нашар орындалған жағдайында, жеке адамның ғана емес, сол мекеменің де беделі төмендейді, тапсырысшылардың арасында сенімі де түседі. Бір мекеменің бір нәтижеге жету ықтималдығы басшысының жауапкершілігіне тікелей байланысты. Бастық бұйрық бере отырып, одан да жоғары біреудің бұйрығын орындайды, сондықтан басшының ғана емес, әр қызметкердің жауапкершілігі жұмыстың табысты болуына және сапалы орындалуына алып келеді.

 

Екінші  - бастықтың басқа жұмысшылармен тіл табыса алуының маңыздылығы. Бұл да белгілі бір бұйрықтың орындалуына әсерін тигізеді. Егер де бастық қарамағындағы әр жұмысшының бабын таба алатын болса, қарым-қатынастары нығайып қана қоймай, жұмыс үдерісі тиімді және қысқарақ уақытта орындалатын болады. Адаммен тіл табысу үшін жұмыс туралы ғана емес, сол адамға қызық мәселелер туралы сөйлесу қажет. Бұл жағдайда жұмысшының бастығына деген сенімі артып, жұмыс барысындағы түсініспеушіліктер кемиді, өйткені қарамағындағы жұмыскер бастығымен бір деңгейде сөйлесіп, барлығын жеткізіп айтатын болады деп есептеймін.

 

Тағы бір бастыққа керекті қасиет - шешендік өнер. Басшы өз ойын, мақсаттарын дұрыс жеткізе алу үшін және жеткізген ақпаратына сендіре алу үшін шешендік өнерін жетілдіру керек. Бүгінгі күнде шешендік өнерді, іскерлік сөйлеуді жетік білген маман оқуда да, жұмыста да басқа адамдардан бір қадам жоғары болады. Шешендік сөйлеу ойды тез арада жеткізу арқылы, уақытты үнемдеуге, лауазымдық міндеттерді түсінікті түрде жеткізуге себепті болады.

 

Қорыта келгенде, жоғарыда бастық міндетін атқару үшін керекті үш қасиет сипатталды: жауапкершілік, тіл табысу қасиеті және шешендік өнер. Осы қасиеттерге ие болған жұмысшыға бастық болу аса қиындыққа соқпайды.

 
1
1
3659

Дамир Рыспаев принял участие в благотворительном фестивале "Дәмді Fest"

Хоккейный клуб "Барыс", а также другие участники мультиклуба "Астана" приняли участие в благотворительном фестивале "Дәмді Fest". Акция приурочена ко дню благодарности, который впервые будет отмечаться в Казахстане 1 марта. Миссия мероприятия – сбор средств на лечение детей с тяжёлыми диагнозами.

Молодой защитник "Барыса" Дамир Рыспаев помог в проведении соревнований среди юных гостей фестиваля, которые упражнялись в бросках по воротам. А защищал последний рубеж Барсик.

"Отличная идея. Правильное мероприятие организовали. Мы очень весело с ребятишками провели время. Подсказывал им, как лучше бросать, чтобы попасть в ворота. Почти все дети забили. Барсик, конечно, тоже помог им в этом неплохо (смеётся). Желаю всем хорошего настроения и всегда помогать тем, кому требуется поддержка, если есть такая возможность", - сказал Дамир Рыспаев.

источник: ХК "Барыс"

Анамды сағындым

Сəлем!

Ең бірінші жазбамды Анама арнағым келіп отыр. Анамның есімі:Баязитова Шарбан Дəкішқызы. Ол кісі мені 1993 жылы 26 тамызда дүниеге əкелді. Аллаһ Тағалам мені осы кісінің перзенті еткеніне сансыз шүкір етемін! Анам небəрі 52 жыл өмір сүрді. Қазақта:"Жер бастым деп қуанба,артыңда ізің қалмаса",-деген жақсы сөз бар. Анам 4 перзентінен бөлек қазақтың қара домалақ баласын білім нəрімен сусындатты. Мен туылған жылы жеке ЖОО туралы адамдар енді пікір қалыптастырып жатқанда Анам бірінші болып "Сейхұн"  академиясының,бертін келе аты өзгеріп "Қазақ-Қытай" академиясының ректоры одан кейін "Абылай хан"колледжінің директоры болды. "Ана бір қолымен бесік тербетсе,екінші қолымен əлемді тербетеді",-деген. Осы сөздің дəлелі ретінде Анамды қойғым келеді. Анам күі-түн демей 1 жұтым су мен нанды адалынан,өзінің еңбегімен тапты жəне оны біздерге де үйретті. Əрине,қасында арқа сүйер азаматы Əкем болды. Анамның жаза берсем адал еңбек жолымен алған төсбелгілері мен ғылыми атақ дəрежесі жетерлік. Бұны оқып отқан адам мені мақтанып отқан болар деп жатқан болар. Иə,мен мақтанамын! Себебі,əрбір тіршілік иесі өз Анасымен Əкесімен мақтанады емес пе!? Анамның айтқан əрбір сөзі құлағымда сіңіп қалған. Тек бір өкінерім,Анам менің өз босағамнан жат жұртқа ұзатылып бара жатқанымды көрмей кеткені.

P. S.  Аналарыңыздың қадірін қабірде жатқанында емес, қазірден бастап біліңіздерші. Ана-өміріңіздің шырағы,сіздің кірер Жəннатыңыздың кілті Анаңызда екенін ұмытпаңыздаршы. Қарттар үйіне Əкесі мен Анасын өткізіп жіберетін қазақ баласына айтарым:"Ата-Анаңа не істесең,алдыңа сол келеді". Өмір алма кезек екенін ұмытпайықшы. Ата-Анаңыздың ақ  батасын алсаңыз ғана ісіңіз оңынан туатынына сеніңіз!!!

1
0
3042

«Магия рук» шығармашылық шеберханасының көрмесі өтті

20 ақпан күні Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің нысанында, «Магия рук» жас шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнерін қолдау орталығы»  қоғамдық қорымен және балалар техникалық мектебімен бірлесіп, сәнді-қолтанбалы өнер көрмесі өткізілді. Көрмеде декупаж, оригами , тоқу, кестелеу, көркем былғары өңдеу, ағаштан өру , батик стилінде жұмыстар ұсынылды.

0
0
445

Тілі зордың-елі зор

«Ана тілін  үйрену-ұлы іс.Әркім өз ана  тілімен сөйлеуге,анасынан                                      туа  үйренген тілімен сөйлесуі керек.  Ең жақсы тіл-ана тілі»

М.И.Калинин

Жақында елбасымыз орысша қойылған сұраққа әдейі қазақша жауап берген шенеуліктерді жұмыстан шығарып тастауға шақырды . Осыны естіген  17 миллион халқы бар еліміздің басым көпшілігі бұл сөздерді дұрыс қабылдамай, қолдамай наразыдығын көрсетті. « Неліктен жақында ғана баршамыздың таза қазақ тілінде еркін сөйлесуімізге шақырған елбасымыз өз сөзіне өзі қарама-кайшы келіп тұр?»  тектес сұрақтар ортаға салынып, күнделікті өмірде мемлекетті емес , өзінің қара басын ғана ойлап жүрген кейбір азаматтарымыздың «патриоттық сезімдері»  ашылып, интернет желісінде көптеген дискуссиялар жасалынды. Бірақ, сәл ойланып қарасақ, президент қазақша қойылған сұраққа орысша жауап бергендерді де жұмыстан шығару керек дегенді келтіріп тұр. Демек , президент орыс тілін ешқандай түрде болмасын  өз тілімізден жоғары қойып тұрған жоқ . Ұмытпағанымыз жөн, Қазақстанда 120 –дан астам ұлт тұрады.  Әр ұлттың өз тілдері мен дәстүрлері бар. Егер, біз сол ұлт иелерін қыспаққа алып, қазақ тілінде сөйлетуге мәжбүрлесек, онда еліміздің берекеті кетеді. Басқа ұлттың адамдарын қазақша сөйлеуге үйретпестен бұрын, өзіміз сол тілді жетік меңгеруіміз тиіс. Шала қазақша сөйлесетін азаматтарымыздың саны таза қазақша сөйлейтіндерден екі есе көп.   Өзіміз күнделікті өмірде таза қазақ тілінде сөйлей бастасақ, оларға қазақ тіліміздің ұлықтығын көрсетсек, басқа ұлт иелері де бізбен теңдесіп, қазақ тілін үйрене бастайды.

Елбасымыздың айтылған сөздері Республикамыздың заңдарына да қарсы келіп тұрған жоқ. «ҚР Тілдер туралы» заңының « Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап» атты  11-бабында: « Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі», делінген.  Демек, өтініш жасаған адам, жауапты өз тілінде алуы толығымен құқылы.

Патриот деген, менің тусініуімше, өз елінің болашағын әрдайым ойлап, мемлекеттің дамуына ат салысып жүретін адам . Мемлекеттің кемшілігін көрсе,патриот адам сол кемшілікті жөндеуге тырысады.Ол елдің татуластығын бірінші орынға қоятын адам.Ал мемлекетті және оның басқарушыларын күндіз-түні сынға алу – елдін қамын ойлау деп санамаймын. Әрине, әр азаматтың өз ойын жазуға мүддесі бар, бірақ , айтылған сөзді дұрыс ұғынбастан, сөздің мәнін қорытпастан бас салып, дау шығаруды да дұрыс емес болар.

0
0
1832

қабылдау кестесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі


0
0
1734

СҚО Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы

2016 жылдың 15 ақпаны Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің СҚО департаменті басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалығымен Кеңестің алғашқы ұйымдастырушылық отырысы өткізіліп, 4 сұрақ қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңестің міндеттері мен функциялары, әдеп нормалары және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелерін жетілдіру бойынша шаралар туралы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Д.Қ. Тайшабайдың ақпараты тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бұйрығымен Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы бекітілді, оның құрамына маслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер – «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы, ардагерлер ұйымы, БАҚ, кәсіподақтар кеңесі, азаматтық альянс ж»не мемлекеттік органдар – облыс әкімдігі, тексеру комиссиясы, әділет өкілдері кірді.
Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеті болып сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу және профилактика.
Екінші сұрақ болып, Әдеп жөніндегі кеңсетің 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Департамент орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтың ақпараты бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылықтар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикасына бағытталған шаралар жоспарланған. Теріс Онда мемқызметкерлердің іс-әрекетіне түскен шағымдардың және сыбайлас жемқорлық қылықтардың саны бойынша жағымсыз тендециясы байқалған салалар енгізілген.


Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік этиканы сақтауын және құқықбұзушылықтың алдын алуын қамтамасыз ету бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі және міндеттері туралы облыс әкімдігінің Этика бойынша уәкілі Ю.А. Наумочкин сөйледі. 
Этика бойынша уәкілдің жұмысының негізгі бағытары мемқызметшілердің консультативтік қолдауы, қызметтік этикасы бұзушылығының алдын алуы, мемлекеттік қызметшілердің құқығы мен мүддесін қорғау, қолайлы моральдік-психологиялық климатты құрастыру болып табылады.


Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі басымды бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахиннің «Мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық профилактикасы мен алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерібойынша шаралар туралы» ақпараты тыңдалды.
Қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен тәртіптік комиссия төрағаларына қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығы, 467446

0
0
474

Петропавл қаласының әкімдігінде мемлекеттік қызметті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жаңғырту мәселелері талқыланды


Ағымдағы жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаудың желілік жоспарына сәйкес, Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Іс-шараға облыс орталығының әкімі Марат Тасмағанбетов, қала әкімдігі мемлекеттік органдарының басшылары мен қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесуді ашқан қала әкімі Марат Тасмағанбетов, аталмыш семинардың мақсаты - жаңа жылдың басынан күшіне енген мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының басым бағыттарын түсіндіру болып табылатындығын айтты.


Бұдан кейін сөз тізгіні Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаевқа берілді, ол өз кезегінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының жаңашылдықтарына кеңірек тоқталып өтті.
Мәселен, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшуді реттейтін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы біліктілікке сүйену мен конкурстық іріктеуге негізделгендігі белгілі болды.
Ғалым Сұлтанұлының айтуынша, бұдан былай мемлекеттік органдардың төменгі лауазымдарына орналасу үш іріктеу кезеңін қамтыған жалпы конкурс өткізу негізінде жүзеге асырылатын болады.
Кездесудің соңында өзекті мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.


0
0
418

Б.Сағынтаев: Қазақстан «халал» өнімдерінің әлемдік нарығында өз орнын табуы тиіс

 

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «халал» өнімдерінің әлемдік нарығын белсенді игеруді тапсырды.

«Кейінгі кездері «халал» азық-түлік тауарларының өндірісі қарқын алып жатқаны туралы көп айтылуда. Келешекте бұл нарық жылына 6,5 пайызға өсіп отыратын болады. 2020 жылға қарай оның жалпы көлемі 2,5 трлн. долларға жетпек. Бұл өте үлкен нарық, Бразилия, Франция, Оңтүстік Корея елдері осы бизнеске қызығушылық танытып отырғанда біз мұнда өз орнымызды тауып алуымыз қажет. Тұтынатын нарықтар да бізге жақын – Иран, Орталық Азия, Қытай, Түркия. Осы мәселеге келгенде бізге белсендірек қимылдаған дұрыс болады», – деді Б.Сағынтаев.

Бұның алдында, вице-премьер Қазақстанның азық-түлік нарығы Қытайға бағытталуы тиіс деген болатын. Себебі көптеген келіссөздерден кейін, Қытай Қазақстанға өзінің нарығын ашып, азық-түлік тауарларын сатып алуға үлкен қызығушылық танытуда.

     
0
0
527