Анамды сағындым
Сəлем!
Ең бірінші жазбамды Анама арнағым келіп отыр. Анамның есімі:Баязитова Шарбан Дəкішқызы. Ол кісі мені 1993 жылы 26 тамызда дүниеге əкелді. Аллаһ Тағалам мені осы кісінің перзенті еткеніне сансыз шүкір етемін! Анам небəрі 52 жыл өмір сүрді. Қазақта:"Жер бастым деп қуанба,артыңда ізің қалмаса",-деген жақсы сөз бар. Анам 4 перзентінен бөлек қазақтың қара домалақ баласын білім нəрімен сусындатты. Мен туылған жылы жеке ЖОО туралы адамдар енді пікір қалыптастырып жатқанда Анам бірінші болып "Сейхұн" академиясының,бертін келе аты өзгеріп "Қазақ-Қытай" академиясының ректоры одан кейін "Абылай хан"колледжінің директоры болды. "Ана бір қолымен бесік тербетсе,екінші қолымен əлемді тербетеді",-деген. Осы сөздің дəлелі ретінде Анамды қойғым келеді. Анам күі-түн демей 1 жұтым су мен нанды адалынан,өзінің еңбегімен тапты жəне оны біздерге де үйретті. Əрине,қасында арқа сүйер азаматы Əкем болды. Анамның жаза берсем адал еңбек жолымен алған төсбелгілері мен ғылыми атақ дəрежесі жетерлік. Бұны оқып отқан адам мені мақтанып отқан болар деп жатқан болар. Иə,мен мақтанамын! Себебі,əрбір тіршілік иесі өз Анасымен Əкесімен мақтанады емес пе!? Анамның айтқан əрбір сөзі құлағымда сіңіп қалған. Тек бір өкінерім,Анам менің өз босағамнан жат жұртқа ұзатылып бара жатқанымды көрмей кеткені.
P. S. Аналарыңыздың қадірін қабірде жатқанында емес, қазірден бастап біліңіздерші. Ана-өміріңіздің шырағы,сіздің кірер Жəннатыңыздың кілті Анаңызда екенін ұмытпаңыздаршы. Қарттар үйіне Əкесі мен Анасын өткізіп жіберетін қазақ баласына айтарым:"Ата-Анаңа не істесең,алдыңа сол келеді". Өмір алма кезек екенін ұмытпайықшы. Ата-Анаңыздың ақ батасын алсаңыз ғана ісіңіз оңынан туатынына сеніңіз!!!
