Тілі зордың-елі зор
«Ана тілін үйрену-ұлы іс.Әркім өз ана тілімен сөйлеуге,анасынан туа үйренген тілімен сөйлесуі керек. Ең жақсы тіл-ана тілі» М.И.Калинин Жақында елбасымыз орысша қойылған сұраққа әдейі қазақша жауап берген шенеуліктерді жұмыстан шығарып тастауға шақырды . Осыны естіген 17 миллион халқы бар еліміздің басым көпшілігі бұл сөздерді дұрыс қабылдамай, қолдамай наразыдығын көрсетті. « Неліктен жақында ғана баршамыздың таза қазақ тілінде еркін сөйлесуімізге шақырған елбасымыз өз сөзіне өзі қарама-кайшы келіп тұр?» тектес сұрақтар ортаға салынып, күнделікті өмірде мемлекетті емес , өзінің қара басын ғана ойлап жүрген кейбір азаматтарымыздың «патриоттық сезімдері» ашылып, интернет желісінде көптеген дискуссиялар жасалынды. Бірақ, сәл ойланып қарасақ, президент қазақша қойылған сұраққа орысша жауап б…