Тілі зордың-елі зор
«Ана тілін үйрену-ұлы іс.Әркім өз ана тілімен сөйлеуге,анасынан туа үйренген тілімен сөйлесуі керек. Ең жақсы тіл-ана тілі»
М.И.Калинин
Жақында елбасымыз орысша қойылған сұраққа әдейі қазақша жауап берген шенеуліктерді жұмыстан шығарып тастауға шақырды . Осыны естіген 17 миллион халқы бар еліміздің басым көпшілігі бұл сөздерді дұрыс қабылдамай, қолдамай наразыдығын көрсетті. « Неліктен жақында ғана баршамыздың таза қазақ тілінде еркін сөйлесуімізге шақырған елбасымыз өз сөзіне өзі қарама-кайшы келіп тұр?» тектес сұрақтар ортаға салынып, күнделікті өмірде мемлекетті емес , өзінің қара басын ғана ойлап жүрген кейбір азаматтарымыздың «патриоттық сезімдері» ашылып, интернет желісінде көптеген дискуссиялар жасалынды. Бірақ, сәл ойланып қарасақ, президент қазақша қойылған сұраққа орысша жауап бергендерді де жұмыстан шығару керек дегенді келтіріп тұр. Демек , президент орыс тілін ешқандай түрде болмасын өз тілімізден жоғары қойып тұрған жоқ . Ұмытпағанымыз жөн, Қазақстанда 120 –дан астам ұлт тұрады. Әр ұлттың өз тілдері мен дәстүрлері бар. Егер, біз сол ұлт иелерін қыспаққа алып, қазақ тілінде сөйлетуге мәжбүрлесек, онда еліміздің берекеті кетеді. Басқа ұлттың адамдарын қазақша сөйлеуге үйретпестен бұрын, өзіміз сол тілді жетік меңгеруіміз тиіс. Шала қазақша сөйлесетін азаматтарымыздың саны таза қазақша сөйлейтіндерден екі есе көп. Өзіміз күнделікті өмірде таза қазақ тілінде сөйлей бастасақ, оларға қазақ тіліміздің ұлықтығын көрсетсек, басқа ұлт иелері де бізбен теңдесіп, қазақ тілін үйрене бастайды.
Елбасымыздың айтылған сөздері Республикамыздың заңдарына да қарсы келіп тұрған жоқ. «ҚР Тілдер туралы» заңының « Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап» атты 11-бабында: « Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі», делінген. Демек, өтініш жасаған адам, жауапты өз тілінде алуы толығымен құқылы.
Патриот деген, менің тусініуімше, өз елінің болашағын әрдайым ойлап, мемлекеттің дамуына ат салысып жүретін адам . Мемлекеттің кемшілігін көрсе,патриот адам сол кемшілікті жөндеуге тырысады.Ол елдің татуластығын бірінші орынға қоятын адам.Ал мемлекетті және оның басқарушыларын күндіз-түні сынға алу – елдін қамын ойлау деп санамаймын. Әрине, әр азаматтың өз ойын жазуға мүддесі бар, бірақ , айтылған сөзді дұрыс ұғынбастан, сөздің мәнін қорытпастан бас салып, дау шығаруды да дұрыс емес болар.

